Қостанай облысы бойынша МКД ЖЖМ-ды заңсыз әкету әрекеттерінің жолын кесу жұмыстарын жалғастыруда

~1 мин чтенияПросмотров: 21

Қостанай облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті жанар-жағармай материалдарын Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы заңсыз әкету әрекеттерінің жолын кесу жұмыстарын тұрақты түрде жүргізуде.

Іс-шаралар басталғаннан бері жанар-жағармай материалдарын заңсыз әкетудің 282 әрекетінің жолы кесілді. Жалпы алғанда, 7 мың литрге жуық жанармайды заңсыз әкетудің алдын алынды. Оның ішінде 4 мың литрге жуығы бензин, ал 3 мың литрге жуығы дизель отыны.

Сонымен қатар, мемлекеттік кірістер органдарының лауазымды тұлғалары мұнай өнімдеріне арналған ілеспе жүкқұжаттың (СНТ) болмауына байланысты Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 283-1-бабының 5-бөлігі бойынша әкімшілік материал рәсімдеп, оны қарау үшін сотқа жолдады.

Өткен тәулікте де жанар-жағармай материалдарын заңсыз әкетудің бірнеше әрекеті анықталды. Көп жағдайда жанармай канистрлерде тасымалданған. Бұл мемлекеттік шекара арқылы жанар-жағармай материалдарын заңсыз өткізудің кең таралған тәсілдерінің бірі болып отыр.

Қостанай облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті жанар-жағармай материалдарының мемлекеттік шекара арқылы өткізілуіне бақылау тұрақты негізде жүзеге асырылатынын еске салады. Заң бұзушылықтардың алдын алу және жолын кесу бағытындағы жұмыстар жалғасуда.

Поделиться записью

Оставьте комментарий