«Қостанай минералдары» АҚ ардагерлері арасындағы жарыс

~1 мин чтенияПросмотров: 26

Бүгін қала құраушы кәсіпорын – «Қостанай минералдары» АҚ ардагерлері «Горняк» стадионында бас қосып, ұлттық спорт ойындарының бірі – қалашық сайысында өзара бақ сынасты.

Спорттық бәсекеде ардагерлер дәлдік пен шеберліктерін танытып, жеңіске деген жігерлерін көрсетті.

Жарыс қорытындысы бойынша жүлделі орындар төмендегідей бөлінді:

* 1-орын – Дмитрий Фомовский;
* 2-орын – Вячеслав Паленик;
* 3-орын – Юрий Памурзин.
* «Жеңіске деген жігері үшін» арнайы жүлдесі – «Хризотил» филиалынан Геннадий Сафроновқа.

Жарыс жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне медальдар мен ақшалай сыйлықтар табысталды.

Ардагерлерді жоғары нәтижелерімен құттықтап, зор денсаулық, сергектік және жаңа спорттық жетістіктер тілейміз!

Поделиться записью

Оставьте комментарий