«Орын жоқ» деген жауаптан мектепке қабылдануға дейін: қостанайлық ананың оқиғасы қалай аяқталды?

~1 мин чтенияПросмотров: 54

Азаматтардың әлеуметтік желілердегі жазбалары мемлекеттік қызметтерді алу кезінде туындайтын мәселелерді жиі көрсетеді. Сондықтан Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қостанай облысы бойынша департаменті әлеуметтік желілер мен бұқаралық ақпарат құралдарына тұрақты түрде мониторинг жүргізіп, көрсетілетін қызметті алушылардың құқықтарын қорғауға ерекше назар аударады.

Мәселен, мониторинг барысында Қостанай қаласының тұрғыны баласын мектепке ауыстыру кезінде туындаған қиындықтар туралы жазғаны анықталды.

Ананың айтуынша, ол баласын мектепке ауыстыруға бірнеше рет әрекет жасаған. Алайда сыныптардың толып кетуіне байланысты бос орын жоқ деген жауап алған. Сонымен қатар, ол басқа отбасылардың балалары осы мектепке қабылданғанын атап өткен.

«Неліктен басқаларға орын табылды да, менің балаларыма орын жоқ?» – деп ол әлеуметтік желіде жазды.

Аталған жарияланым назардан тыс қалмады. Департамент қабылдаған ден қою шараларынан кейін мәселені Қостанай облысы әкімдігінің білім басқармасы қарады.

4 тамызда баланың анасы өтініш берді. Департамент қабылдаған шаралардың нәтижесінде мәселе оң шешімін тауып, бала аталған мектептің 3-сыныбына қабылданды. Мемлекеттік қызмет оң нәтижемен көрсетілді.

Департамент әлеуметтік желілер мен бұқаралық ақпарат құралдарында облыс тұрғындары көтеретін мәселелерді назарда ұстап, мемлекеттік қызметтерді алу кезінде олардың құқықтарын қорғау шараларын қабылдауды жалғастырады.

Мемлекеттік қызметтерді алу кезінде құқықтарыңыз бұзылған жағдайда, Департаментке 39-31-65 телефон нөмірі бойынша, eOtinish және EgovKzBot2.0 сервистері, сондай-ақ elgeqyzmet_qostanai парақшасы арқылы жүгіне аласыз.

 

Поделиться записью

Оставьте комментарий