«Алтын күз» турнирінің чемпионы – МЛК

~1 мин чтенияПросмотров: 46

«Қостанай минералдары» АҚ бөлімшелері мен серіктес кәсіпорындар арасында дәстүрлі «Алтын күз» футзал турнирі өтті. 4+1 форматында ұйымдастырылған жарысқа Басқарма төрағасы Ербол Нұрхожаевта қатысты.

Турнир ойындары тартысқа толы әрі қызықты өтті. Үш кездесудің жеңімпазы пенальти сериясы арқылы анықталуы командалар арасындағы бәсекелестіктің жоғары болғанын көрсетті. Әр команда соңына дейін күресіп, ұйымшылдық пен жеңіске деген жігерін танытты.

Биылғы турнир күтпеген нәтижесімен де ерекшеленді. Көп жылдан бері жүлделі орындардан көрініп жүрген ГТК командасы бұл жолы үздік үштіктің қатарына кіре алмады.

Марапаттау рәсімі алдында Ербол Сапарбайұлы жарысқа қатысушыларға белсенділігі мен кәсіпорындағы спорттық дәстүрлерді дамытуға қосқан үлесі үшін алғыс білдірді. Ол спортпен тұрақты айналысудың маңыздылығын атап өтіп, командаларға жаңа жетістіктер тілеп, қызметкерлерді салауатты өмір салтын ұстануға шақырды.

Турнир қорытындысы бойынша жүлделі орындар төмендегідей бөлінді:

🥇 1-орын – МЛК («МехЛитКом»)

🥈 2-орын – Басқарма

🥉 3-орын – АТП

4-орын – ОК. Команда «Хризотил» филиалының арнайы жүлдесіне ие болды.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлерге грамоталар мен ақшалай сыйлықтар табысталды.

Поделиться записью

Оставьте комментарий