Alzhan лигасы Жітіқарада

~1 мин чтенияПросмотров: 94
Рубрики: В стране Люди

Ертең «Батыр Арена» спорт кешенінің қабырғалары жанкүйерлердің қызу қолдауынан тағы да жаңғырады! Біз «Alzhan» республикалық мектеп баскетбол лигасының іріктеу ойындарының екінші кезеңін бастаймыз.

Аталған ауқымды спорт мерекесінің бас демеушісі – «Қостанай минералдары» АҚ. Кәсіпорынның қолдауының арқасында өскелең ұрпақтың дені сау болып қалыптасуына зор мүмкіндік жасалып отыр.

«Alzhan» лигасы – Қазақстандағы ең ірі әлеуметтік-спорттық жобалардың бірі. Ол еліміздің түкпір-түкпірінен мыңдаған оқушыны біріктіріп, оларға:
– өздерінің спорттық шеберліктерін көрсетуге;
– командалық рухты нығайтып, жаңа достар табуға;
– үлкен жеңістерге бастар жолда бағалы жарыс тәжірибесін жинақтауға мүмкіндік береді.

Жарыс тартысты, әсерлі әрі жоғары деңгейде өтеді деп күтілуде. Баршаңызды жас спортшыларға қолдау білдіріп, жарыс атмосферасын сезінуге шақырамыз.

Өтетін орны: «Батыр Арена» СК
Уақыты: 31 наурыз, сағат 9:00

Қай мектепке жанкүйер екендеріңізді пікірде жазыңыздар!

Поделиться записью