2023 жылғы 26 қаңтарда «Ұлттық рухани жаңғыру» жобасын жүзеге асыру және Жітіқара ауданының 95 жылдығын мерекелеу аясында Мұса Шожанов атындағы №2 жалпы білім беретін мектебі мен Естай Есжанов атындағы №9 жалпы білім беретін мектебінің 9-сынып оқушылары №2 қазақ мектебінің түлектері, әрі танымал тұлғалары – Ақылбек Қожаұлы Шаяхмет және Қуанышбай Төребекұлы Ормановпен кездесті. Кездесуге Жітіқара қаласының әкімі Т. Б. Рамазанов пен білім бөлімінің басшысы М.И. Бимағамбетова қатысты.
«Жаны жайсаң жақсы ағаларым» атты кездесудің қонақтары өздерінің мектеп қабырғасында өткен естеліктерімен бөлісті, тағылымды өмір жолы және кәсіби шығармашылық жолының қалыптасуы, өз Отанына деген сүйіспеншілігі туралы әңгімеледі. Ақылбек Қожаұлы мен Қуанышбай Төребекұлы жастарды өз алдына мақсат қойып, оған қол жеткізуге шақырды.
Қостанай Облысы Әкімдігі Білім Басқармасының
«Жітіқара Ауданының Білім Бөлімі» Мемлекеттік Мекемесі