Еңбек еленді

~2 мин чтенияПросмотров: 38

Қала құраушы кәсіпорын – «Қостанай минералдары» АҚ өңірде дене шынықтыру мен спортты дамытуға зор үлес қосып келеді. Мұның жарқын дәлелі – 2026 жылғы Қостанай облысының XXXIX жазғы спартакиадасының қорытындысы бойынша аудандық Мәдениет сарайында өткен жаттықтырушыларды, тәлімгерлер мен спортшыларды марапаттау рәсімі болды.

Жітіқара ауданына жоғары спорттық жетістіктер әкелген мамандардың еңбегі мен кәсіби шеберлігі аудан әкімі Аслан Жаныспаевтың лайықты марапаттары мен Алғыс хаттарына ие болды.
Ортақ жетістікке қала мен ауданның дене шынықтыру-спорттық өмірін дамытуға белсене атсалысып жүрген «Қостанай минералдары» АҚ өкілдері мен кәсіпорын ардагерлері де елеулі үлес қосты. «Қостанай минералдары» АҚ спорт бөлімінің басшысы Жангелді Тулубаевқа, сондай-ақ футбол жаттықтырушысы әрі кәсіпорын ардагері Виктор Лоцманға ерекше алғыс білдірілді. Сонымен қатар ұлттық және ат спорты түрлері бойынша жаттықтырушы- маман Дархан Сандығұлов пен бейімделген спорт бойынша жаттықтырушы Клавдия Андриянова да марапатқа ие болды.
Облыстық спартакиадада жалпыкомандалық бірінші орынды жеңіп алған бокс командасын дайындағаны үшін жаттықтырушылар Батырхан Байжаркенов, Дмитрий Ахцигер, Алибек Мұқанов, Самат Жүнісов, Қадыржан Утеуленов және Ринат Қазмұхамбетов марапатталды. Ал жалпыкомандалық бірінші орынға ие болған әйелдер күресі командасын дайындағаны үшін Серік Күлмұхамбетов, Олег Миллер, Юрий Капралов және Дмитрий Куанов сынды жаттықтырушылардың еңбегі жоғары бағаланды.
Спорттың басқа да түрлері бойынша тәлімгерлер жоғары нәтижелер көрсетті. Қазақ күресінен жалпыкомандалық үшінші орын алған команда жаттықтырушысы Мереке Рыздықов, ал жеңіл атлетикадан жалпыкомандалық екінші орынға қол жеткізген команданың жаттықтырушысы Вячеслав Чувяков марапатқа ие болды.
Аудан құрамаларын дайындауға қосқан үлесі үшін аудан әкімінің Алғыс хаттарымен әйелдер баскетбол құрамасының жаттықтырушысы Виктория Белова, ерлер баскетбол құрамасының жаттықтырушылары Александр Исаченко мен Ернар Кабулов, үстел теннисі бойынша жаттықтырушы Виталий Франюк, волейбол бойынша жаттықтырушы Александр Грицай, сондай-ақ дзюдо бойынша жаттықтырушылар Алина Христолюбова мен Оксана Жантимирова марапатталды.
Ауданда жеңіл атлетиканы дамытуға және насихаттауға қосқан үлесі мен табысты өнер көрсеткені үшін арнайы сертификатпен Қазақстан Республикасы Ұлттық чемпионатында 400 метрге жүгіруден күміс жүлдегер атанған Екатерина Кузнецова марапатталды.
Құттықтаймыз!

Поделиться записью

Оставьте комментарий