«Мектепке жол» жыл сайынғы акциясы

~1 мин чтенияПросмотров: 10
Рубрики: В регионе

«Қостанай минералдары» АҚ балаларды жаңа оқу жылына даярлауға арналған материалдық көмек алу үшін құжаттарды қабылдау басталғанын хабарлайды.

1. 2026–2027 оқу жылында жалпы білім беретін мектептердің 1-сыныбына қабылданған балалары бар қызметкерлерге біржолғы материалдық көмек көрсетіледі. Аталған төлем өтініш берушінің табысына қарамастан беріледі.

Төлемді рәсімдеу үшін қажетті құжаттар:

* білім беру ұйымынан анықтама;
* баланың туу туралы куәлігінің көшірмесі.

2. 2026–2027 оқу жылына жалпы білім беретін мектептердің 1–11-сыныптарында оқитын балаларды мектепке даярлау үшін қызметкерлерге біржолғы материалдық көмек көрсетіледі. Бұл төлем өтініш берушінің 2026 жылдың бірінші жартыжылдығындағы орташа айлық табысы ескеріле отырып тағайындалады.

Төлемді рәсімдеу үшін қажетті құжаттар:

* әрбір оқушыға білім беру ұйымынан анықтама;
* 18 жасқа дейінгі әрбір балаға туу туралы куәліктің көшірмесі.

Құжаттар «Қостанай минералдары» АҚ басқармасының №39 кабинетінде қабылданады.

Құжаттарды қабылдау мерзімі: 10 тамызды қоса алғанға дейін.

Қабылдау уақыты: сағат 10:00–12:00 және 15:00–17:00.

Поделиться записью

Оставьте комментарий