«Қостанай минералдары» АҚ шахмат турнирі зияткерлік ойын әуесқойларын жинады

~1 мин чтенияПросмотров: 46

Жылдар өтсе де, шахматқа деген қызығушылық бәсеңдемейді. «Қостанай минералдары» АҚ ардагерлері мен аға буын өкілдері кәсіпорынның Ардагерлер кеңесі ұйымдастырған дәстүрлі шахмат турнирінде тағы да бас қосты.

Жыл сайынғы жарыс қатысушыларға өз шеберліктерін сынап, жүлделі орындар үшін бақ сынауға және пікірлес жандармен жүздесуге мүмкіндік берді.

Жарыс қорытындысы бойынша «МехЛитКом» ЖШС қызметкері, 67 жастағы Талғат Төлегенов бірінші орынды иеленді. Айта кетерлігі, ол турнирге екінші рет қатысып, қатарынан екінші мәрте жеңімпаз атанып отыр.

Екінші орынды «Қостанай минералдары» АҚ ардагері Сергей Алейников иеленсе, үшінші орын Вячеслав Огайға бұйырды. Ол медальді немересіне көрсету үшін де алғысы келетінін жеткізді. Төртінші орынға ие болған Ғабит Канафин «Хризотил» филиалының арнайы жүлдесімен марапатталды.

Турнирдің ең қарт қатысушысы Василий Степанович Захаровқа да ерекше құрмет көрсетілді. Ол биыл 91 жасқа толды.

«Қостанай минералдары» АҚ Ардагерлер кеңесі турнир жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне, сондай-ақ Василий Степановичке ақшалай сыйлықтар табыстады.

Поделиться записью

Оставьте комментарий