Карина ӘЛЖАН
«Қостанай минералдары» АҚ өндірісті жаңғырту мен әртараптандыруға ғана емес, хризотил талшығы мен онымен байланысты өнімдерді пайдалану бойынша жаңа позицияларды енгізуге арқа сүйейтін белсенді кәсіпорын.
23 маусым күні кәсіпорынға еліміздің жетекші техникалық жоғары оқу орындарының бірі – Қазақстан-Британ техникалық университетінің делегациясы келді.
Айта кетейік, делегация құрамында ҚБТУ ректоры Маратбек Ғабдуллин, оқу орнының ғылым және инновация жөніндегі проректоры Дидар Батрышев, А. Бектұров атындағы Химия ғылымдары институтының бас директоры Хайдар Тасыбеков, Д.В.Сокольский атындағы Отын, катализ және электрохимия институты бас директорының бірінші орынбасары Арлан Әбілмағжанов, ҚБТУ Жетілдірілген материалдар мен технологиялар зертханасының меңгерушісі Рустам Шарипов және ДНИИГ коммерцияландыру секторының меңгерушісі Ғалымжан Бейсембаевтар болды.
Қонақтар алдымен кәсіпорынның өндірістік алаңында болып, өндіріс барысымен және әртараптандыру жобаларының жүзеге асырылу барысымен танысты. Содан кейін дөңгелек үстел ұйымдастырылды, оның отырысында хризотилді және онымен байланысты өнімдерді өндірісте пайдалану перспективалары қарастырылды. Құрамында магний бар өнімдер, цемент негізіндегі минералды қоспалар, битум және жол құрылысында қолданылатын полимерлі байланыстырғыштар, сүзгі сорбция компоненттері көрсетілді.
Кездесудің қорытындысы бойынша ҚБТУ мамандары атынан серіктестер ғылыми-зерттеу және зертханалық жұмыстар жүргізетін болды. Зерттеудің негізінде хризотилді қолданудың жаңа бағыттары анықталмақ.
__________________________________________________________________________________________________________
Как известно, градообразующее предприятие АО «Костанайские минералы» — активно развивающаяся компания, которая делает ставку не только на модернизацию и диверсификацию производства, но и на внедрение новых позиций по применению хризотилового волокна и сопутствующей продукции.
23 июня предприятие посетила делегация одного из ведущих технических высших учебных заведений страны — Казахстанско-Британского технического университета. Отметим, что в состав делегации вошли ректор КБТУ Маратбек Габдуллин, проректор по науке и инновациям – Дидар Батрышев, генеральный директор института химических наук им. А.Б.Бектурова – Хайдар Тасибеков, первый заместитель генерального директора Института топлива, катализа и электрохимии им. Д.В.Сокольского Арлан Абильмагжанов, руководитель лаборатории перспективных материалов и технологий КБТУ Рустам Шарипов и заведующий Сектора по коммерциализации ДНиИ Галымжан Бейсембаев.
В первую очередь гости посетили промышленную площадку предприятия, где ознакомились с ходом производства и реализацией диверсификационных проектов. Затем был организован круглый стол, на заседании которого рассматривались перспективы применения хризотила и сопутствующей ему продукции в производстве: магний содержащих продуктов, минеральных добавок, на основе цементных, битумных, полимерных вяжущих, используемых в гражданском и дорожном строительстве, а также фильтрующих сорбционных компонентов. К тому же, по итогам встречи партнеры, в лице специалистов КБТУ проведут исследовательские и лабораторные работы. На их основе и будет определен вектор новых направлений применения хризотила.