Тиімді көрсеткішке – лайықты сыйақы/За эффективный труд…
2023-07-26, 10:08
Осы аптада "Қостанай минералдары" АҚ қызметкерлері екінші тоқсандағы жұмыс қорытындысы бойынша сыйлық алады.
Айта кету керек, компанияда тоқсан бойынша ақшалай сыйақы төлеу тәжірибесі 2016 жылдан бері қолданылып келеді.
Биыл бөлімшелер жарты жылдықты жақсы өндірістік көрсеткіштермен аяқтады. Екінші тоқсанның қорытындысы бойынша хризотил өндірісі 66 мың тоннадан асты. Барлық негізгі және қосалқы өндірістердің ұжымдары тұрақты жұмыс істеді және негізінен барлық белгіленген жоспарды, тапсырманы және смарт тапсырмаларды орындады.
Айта кетейік, бірінші жартыжылдықтың қорытындысы бойынша кәсіпорын басшылығы өндірістік және экономикалық көрсеткіштердің орындалуын қамтамасыз ету жөніндегі белсенді жұмысы үшін персоналды көтермелеуге 242 млн теңге бөлді.
____________________________________________________________________________________________________________________________
На этой неделе сотрудники АО «Костанайские минералы» получат премию по итогам работы за второй квартал.
Стоит сказать, что практика выплаты денежного поощрения за квартал в компании действует с 2016-го года.
В этом году, как мы уже писали ранее, полугодие подразделения завершили с хорошими производственными показателями. По итогам второго квартала объем производства хризотила составил свыше 66 тыс. тонн. Коллективы всех основных и вспомогательных производств отработали стабильно и выполнили, в основном, все установленные планы, задания и смарт-задачи.
Отметим, что по итогам первого полугодия руководство Предприятия выделило 242 млн.тг. на поощрение персонала за активную работу по обеспечению выполнения производственных и экономических показателей.