• Главная
  • Наши люди
  • ЖМП
  • Проблемная зона
  • Страницы истории
  • Интервью
  • Видео
  • Инновации
  • Производство
  • Контакты

«Жігер» стадионы есігін айқара ашады!

2023-08-12, 11:19
Карина ӘЛЖАН
Биыл Жітіқара ауданы үшін мерейтойлық жыл.   Көптеген қызықты  іс шаралар ауданның 95 жылдығына орайластырылуда. Осыған байланысты әлеуметтік маңызы бар нысандар ашылуда. Жақында «Жігер» стадионы жітіқаралықтар  үшін есігін айқара ашпақ.
Тұрғындар осы «Пионер» стадионының бір кездері  елдің саламатты игілігі үшін тамаша орын болғанын айтып отырады.  Мұнда аудандық балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің тәрбиеленушілері және спортты жақсы көретін белсенді саламатты өмір салтын ұстанушылардың барлығы айналысты.Бұл қаладағы ең көне стадиондардың бірі.  Бүгінде инфрақұрылымы тозған.        
 «Комаровское Тау-кен өндіру кәсіпорны» ЖШС-нің қолдау қаражаты есебінен осы  стадионға жаһандық реконструкция жүргізіп,  жаңа – Жігер  атауын беру туралы шешім қабылданды. Айта кету керек, бұл спорт нысанын қалпына келтіру жобасын «СпецПСЫ» ЖШС жүргізсе, жалпы құны 158 миллион теңгені құрайтын жобаны тікелей жүзеге асырған «ЮниСтрой» ЖШС мердігер ұйымы. Мұнда  жасанды жабындысы бар толыққанды футбол алаңы, ұзындыққа секіру және ядро лақтыру алаңдары, 4 жолақты жүгіру жолы, 100 метрге жүгіру жарыстарына арналған алаң толық қамтылған. Жобада қосалқы құрамдағы ойыншыларға арналған трибуналық орындықтарды орнату, футбол алаңына су ағызу жүйелері мен стадионның электр жарығын тарту да қарастырылған. Шағын архитектуралық пішіндер орнатылады.  Электронды табло, флагштоктар мен Олимпиада алауына арналған тостаған орнату жоспарланды. Аумақты абаттандыру бойынша да ауқымды жұмыстар атқарылуда. Жүргіншілер жолы төселеді, кіреберіс арка бой көтеріп, көліктерге арналған тұрақтар жабдықталады.
Жалпы жобаға келсек, жұмыстың басым бөлігі аяқталуға жақын. Алғашында жоба қыркүйек айына жоспарланғанымен, стадионды тамыз айының соңына дейін пайдалануға беру  белгіленіп отыр. 
Аудандық балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің директоры Әлібек Мұқанов айтқандай, спорт мектебінің ғимараты да  жөндеуден өтуде, қазір мұнда да құрылыс жұмыстары қызу жүріп жатыр. Ғимараттың сыртқы жөндеу жұмыстарымен қатар жылу және кәріз жүйелерін ауыстырылуда. Алдағы уақытта онда соңғы үлгідегі пластикалық терезелер орнатылатын болады.
 «95 игі іс» акциясы аясында жүзеге асырылып жатқан бұл жобалардың барлығы спортпен шұғылдануға мықты әрі жайлы база жасайды деп айта аламыз. Ауданда сұранысқа ие барлық спорт түрлері осында қамтылмақ. 
 
Жасөспірімдер спорт мектебінің базасында 824 оқушыны қамтитын 9 секция жұмыс істейді. 
«Жігер» стадионы барлық спортшылар мен саламатты өмір салтын ұстанушылар үшін  спорттық жарыстардың жаңа ошағына айналғалы отыр.

Интересное

В Житикаринском районе разъясняют проект новой Конституции РК
Новости В Житикаринском районе разъясняют проект… В Житикаринском районе продолжается работа по разъяснению проекта новой Конституции Республики Казахстан.br Очередная…
В Житикаринском районе продолжается работа по разъяснению проекта новой Конституции Республики Казахстан.
Новости В Житикаринском районе продолжается работа… Очередная  встреча состоялась с участием члена коалиции За Народную Конституцию Справедливого и Прогрессивного…
Қостанай облысының сарапшылар қауымдастығы жаңа Конституция жобасын қолдады
Новости Қостанай облысының сарапшылар қауымдастығы… Қостанайда Аймақтардың экономикалық дамуы: салалараралық диалог тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Оған…
Экспертное сообщество Костанайской области поддержало проект новой Конституции
Новости Экспертное сообщество Костанайской области… В Костанае прошёл круглый стол Экономическое развитие регионов: межотраслевой диалог, где представители…
В Житикаринском районе продолжается работа по разъяснению проекта новой Конституции Республики Казахстан
Новости В Житикаринском районе продолжается работа… Наряду с членами информационно-разъяснительной группы встречи с трудовыми коллективами организаций и…

Смотрите так же

В Житикаринском районе разъясняют проект новой Конституции РК
В Житикаринском районе разъясняют проект новой Конституции РК 2026-03-10, 07:43
В Житикаринском районе продолжается работа по разъяснению проекта новой Конституции Республики Казахстан.
В Житикаринском районе продолжается работа по разъяснению проекта новой Конституции Республики Казахстан. 2026-03-06, 03:34
Қостанай облысының сарапшылар қауымдастығы жаңа Конституция жобасын қолдады
Қостанай облысының сарапшылар қауымдастығы жаңа Конституция жобасын қолдады 2026-03-05, 04:12
Экспертное сообщество Костанайской области поддержало проект новой Конституции
Экспертное сообщество Костанайской области поддержало проект новой Конституции 2026-03-05, 04:11
В Житикаринском районе продолжается работа по разъяснению проекта новой Конституции Республики Казахстан
В Житикаринском районе продолжается работа по разъяснению проекта новой Конституции Республики Казахстан 2026-03-04, 05:17
Жітіқара ауданында Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясының  жобасын  түсіндіру жұмыстары жалғасуда
Жітіқара ауданында Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясының жобасын түсіндіру жұмыстары жалғасуда 2026-03-04, 05:16

Более 10 лет наша газета радует читателей самыми свежими и интересными новостями.

Информация

  • Проблемная зона

Контакты

  • +7 7143 52-25-99
  • editor@km.kz

АО «Костанайские минералы», 2012 – . Все права защищены. Использование материалов допускается только с письменного разрешения АО «Костанайские минералы»