Бастауыш сынып оқушылары тегін тамақтанатын болады.
2023-08-17, 01:59
Қостанай облысындағы барлық бастауыш сынып оқушыларына тегін ыстық тамақ беріледі.
Азық-түлік құнын өтейтін сома облыстық бюджеттен бөлінетіні белгілі. Жітіқара ауданы әкімдігінің білім бөлімінің басшысы Майра Бимағамбетованың айтуынша, оқу жылының басынан бастап бірінші сыныптан төртінші сыныпқа дейінгі Жітіқара оқушылары да тегін тамақтана бастайды.