• Главная
  • Наши люди
  • ЖМП
  • Проблемная зона
  • Страницы истории
  • Интервью
  • Видео
  • Инновации
  • Производство
  • Контакты

Жітіқарада жеңіл атлетикалық жарыстар өтті

2023-08-19, 06:41
«Қостанай минералдары» АҚ қала құраушы кәсіпорны Жітіқарада балаларға арналған спорттық іс-шараларды үнемі өткізеді.
19 тамызда Қамысты ауданының жас Жітіқара спортшылары мен қонақтары үшін «KM Run Club» жүгіру клубы мен «ҚM» АҚ спорт бөлімі ұйымдастырған жеңіл атлетикалық жарыстар өтті. Қазақстандағы Спорт күніне арналған жарыс бағдарламасы өте мәнді әрі қызықты болды.
Мұнда өз жас санаттарында 100-ден 800 м-ге дейінгі қашықтықтағы жарыстарға қатысуға мүмкіндік болды. Жас спортшылар өздерінің спорттық мүмкіндіктері мен жеңіске деген ерік-жігерін бар өнерімен көрсетті. Бірақ, кез келген жарыс сияқты мұнда да жеңімпаздар анықталды.
Ұлдар арасында 100 м қашықтықта Байжан Бекмұхамедов мәре сызығын бірінші болып бағындырса, Владимир Богуцкий одан жеңіліп, екінші, Расул Жақсылықов үшінші болып келді. Бұл қашықтықта қыздар арасында Мирослава Овечкина чемпион атанды, Айзере Рахметова күміс, Жанаиым Файзолла қола жүлдені иеленді.
Ұлдар арасында 200 м қашықтықта Роман Белугин бірінші, Давид Романкулов екінші, Арлан Нанбаев үшінші орынды иеленді. Дәл осы қашықтықтағы әйелдер жарысында бірінші орынға Полина Гудовская, екінші орынға Салтанат Төрешева, үшінші орынға Айлин Кубенова ие болды.
Ұлдар арасында 300 м қашықтықта Кәрім Өтеуленов үздік нәтиже көрсетсе, Самир Шандалинов одан жеңіліп, екінші, Аслан Сапарғалеев үшінші болып мәреге жетті. Бұл қашықтықта қыздар арасында Кира Лоцман үздік шықты, оның Алина Нұрғалиева мәре сызығын кесіп өткеннен кейін Нелли Укасова үшінші болып келді.
Өз жеңімпаздары 400 м қашықтықта да анықталды. Ұлдар арасында Азамат Ибраев жеңіс тұғырының бірінші сатысына, Максим Дорохин екінші, Исмеджан Бермұхамбет үшінші сатыға көтерілді. Әйелдер арасында София Михалева бірінші, Дарья Гудовская екінші, Варвара Бондарь үшінші орын алды.
Ұлдар арасында 600 м қашықтықта Артем Василенко үздік шықты, Илья Симаков мәре сызығын екінші болып кесті, ал Максим Федорчук үздік үштікті түйіндеді. Қыздар арасында Виктория Мацук мәреге бірінші, Алина Хадиева екінші, Валерия Романец үшінші болып жетті.
Ең ұзақ — 800 м қашықтықта Расул Хасен ерекшеленсе, Николай Кузьмин де жақсы нәтиже көрсетіп, екінші, Максим Цыку үшінші орынға табан тіреді. Бұл қашықтықта әйелдер арасындағы жарыста Анастасия Чапленко чемпион атанса, Ислана Иманбаева жарыстың күмісін, Камиля Шакаева қоланы қанжығасына байлады.
Айта кету керек, жеңіл атлетикадан жарыстың барлық жүлдегерлері мен жеңімпаздары дипломдармен, эксклюзивті медальдармен және тәтті сыйлықтармен марапатталды.
Құттықтаймыз, балалар! Сіздерге спорттық жеңістер мен жаңа жетістіктер тілейміз! Алға! Тек қана алға!

Интересное

Акция «Правовая юрта» в Житикаре
Новости Акция «Правовая юрта» в Житикаре В Житикаринском районе прошёл всеобщий приём граждан в рамках общеобластной акции Правовая юрта, приуроченной…
Итоги работы полиции
Новости Итоги работы полиции Начальник Отдела полиции города Житикара и Житикаринского района
В Житикаре прошел районный конкурс «Әже – шаңырақтың қазынасы»
Новости В Житикаре прошел районный конкурс «Әже –… В Житикаре в рамках празднования Наурыз мейрамы прошел районный конкурс Әже – шаңырақтың қазынасы при…
Дефицит врачей в Житикаре сокращается
Новости Дефицит врачей в Житикаре сокращается Нехватка врачей в Житикаре снизилась до восьми специалистов.
АО «Костанайские минералы»  достойно представило предприятие на районной сцене
Новости АО «Костанайские минералы» достойно представило… АО Костанайские минералы продолжает активно участвовать в общественной жизни Житикаринского района, поддерживая…

Смотрите так же

Акция «Правовая юрта» в Житикаре
Акция «Правовая юрта» в Житикаре 2026-03-19, 07:09
Итоги работы полиции
Итоги работы полиции 2026-03-19, 07:06
В Житикаре прошел районный конкурс «Әже – шаңырақтың қазынасы»
В Житикаре прошел районный конкурс «Әже – шаңырақтың қазынасы» 2026-03-19, 07:05
Дефицит врачей в Житикаре сокращается
Дефицит врачей в Житикаре сокращается 2026-03-19, 07:04
АО «Костанайские минералы»  достойно представило предприятие на районной сцене
АО «Костанайские минералы» достойно представило предприятие на районной сцене 2026-03-19, 07:03
Площадкой для демонстрации национальных традиций, творчества и командного духа
Площадкой для демонстрации национальных традиций, творчества и командного духа 2026-03-19, 07:01

Более 10 лет наша газета радует читателей самыми свежими и интересными новостями.

Информация

  • Проблемная зона

Контакты

  • +7 7143 52-25-99
  • editor@km.kz

АО «Костанайские минералы», 2012 – . Все права защищены. Использование материалов допускается только с письменного разрешения АО «Костанайские минералы»