Бұзушы табылды
2023-08-23, 03:31
Тамыздың 21-нен 22-сіне қараған түні Тәуелсіздік аллеясында 8 шам сындырылды.
Полиция бөлімінің қызметкерлері бейнебақылау камералары арқылы бұзушыны анықтады. Ол 2006 жылы
туған жігіт болып шықты.
Оған қатысты ҚРӘҚБтК-нің 147-1-бабы 3-бөлігі «Бөтеннің мүлкін қасақана жою немесе бүлдіру» бойынша әкімшілік хаттама жасалды.
Бұдан басқа, келтірілген залалды өндіріп алу үшін азаматтық-құқықтық тәртіппен талап қойылады.
Аз. М.-ның заңды өкілі «Кәмелетке толмағандардың заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз түнгі уақытта ойын-сауық мекемелерінде немесе тұрғынжайдан тыс жерде болуы» деген 442-бап бойынша тартылды.