Кешегі Жітіқарадағы жарықтың сөну себептері анықталды
2023-08-23, 04:16
22 тамызда «Жітіқаракоммунэнерго» МКК мамандарының айтуынша, апат KEGOC желісінде болған. Мұның бәрі ауа-райына байланысты. Найзағайдың салдарынан желідегі қорғаныс істен шығып, жеткізушіден қалаға электр жарығы келмей қалды.
Бұл ақпаратты Атомдық және энергетикалық қадағалау және бақылау комитетінің Қостанай облысы бойынша аумақтық департаменті де растады. Департамент мамандары ұсынған мәліметтерге сәйкес — 22 тамыз күні сағат 22.38-де «KEGOC» АҚ электр желілерінде Жітіқара ауданында электрмен жабдықтауды өтеумен Жітіқара- Ирикла-Ульке электр беру желісінің авариялық ажыратылуы тіркелді.
Оқиға түнгі уақытта болғанына қарамастан «Жітіқаракоммунэнерго» МКК қызметкерлері электр қуатын тез арада қалпына келтіру үшін барлық іс-шараларды қолға алды.