• Главная
  • Наши люди
  • ЖМП
  • Проблемная зона
  • Страницы истории
  • Интервью
  • Видео
  • Инновации
  • Производство
  • Контакты

Кемшіліктерді жоюға ден қойылмақ

2023-09-06, 04:41
Карина ӘЛЖАН
 
"Әділ Қазақстан:  Сапалы білім. Адал ұрпақ. Табысты ұлт" − осындай атаумен 28 тамызда Жітіқарада дәстүрлі тамыз педагогикалық конференциясы өтті.
 
Жыл сайынғы тамыз конференциясы – бұл өткен оқу жылын қорытындылауға, бар проблемаларды талқылауға және талдауға, білім беру жүйесін одан әрі дамыту жолдарын анықтауға мүмкіндік беретін үлкен педагогикалық кеңес.
Дәстүр бойынша конференция пленарлық отырыстан басталды, онда аудандық білім бөлімінің басшысы Майра Бимағамбетова өз баяндамасымен сөз сөйледі. Ол өткен жылдың қорытындысын шығарып қана қоймай, мемлекеттік аттестаттау рәсіміндегі жаңалықтарға тоқталды. Бұл, ең алдымен, 30 жылдан астам тәжірибесі бар мұғалімдерді тестілеуден босатуға қатысты. Біздің ауданда осындай 25 мұғалім бар. Бұдан басқа, ұлттық платформа базасында мұғалімдерді аттестаттау процесін автоматтандыру жоспарлануда, онда әрбір педагогтың жеке кабинетінде оның қызметі туралы барлық ақпарат орналастырылатын болады. Сонымен қатар, педагогтар тек өз пәні бойынша және педагог-модератор және педагог-сарапшы біліктілік санаттарына аттестаттау кезінде ғана тестілеуден өтеді. Педагог-шебер және педагог-зерттеуші біліктілік санатын беру тәртібі де өзгертіледі.
Білім беру жүйесіндегі  назар аударуға тұрарлық тағы бір жаңашылдық, ол  аудандық білім бөлімі басшысының айтуынша, жаңа оқу жылынан бастап енгізіледі. Бұл барлық жоғарғы сыныпқа  көшетін  оқушылардың  Қазақ тілі мен әдебиеті бойынша міндетті емтихан тапсыруы болмақ,  педагогтардың  атаулы  пән бойынша жұмыстарының көрсеткіші  осыған қатысты болмақ.
– Біздің ауданда оқушылардың қазақ тілі мен әдебиеті бойынша білім сапасы 65% — ын құраса да, сабақтарды бақылау көрсеткендей, мұғалімдердің тек 10% — ы ғана мемлекеттік тілді жетік меңгерген, қалғандары − мектеп бағдарламасы шегінде. Бұл орыс тілінде оқытатын мектеп түлектерінің мемлекеттік тілді меңгермеуінің себептерінің бірі болып табылады. Сондықтан мұғалімдер бұған назар аударып, оқытудағы олқылықтарды жою керек, − деді  Майра Ілиясқызы әріптестеріне.
Аудандық білім беру бөлімінің басшысы басқа да өзекті мәселелерге тоқталды − бұл басшы және педагог кадрлардың тапшылығы. Бүгінгі таңда 21 бос жұмыс орны бойынша мәселе ашық күйінде қалып отыр, оның 11-і ауыл мектептеріндегі толық емес ставкалар. Білім бөлімі басшысының пікірінше, ауылдық жерлерге кадрларды тарту мәселесінің күрделілігі тұрғын үйдің жоқтығынан және шағын жинақты мектептерде толыққанды жүктеменің болмауынан туындап отыр. Пилоттық жоба аясында ауданымыздың шағын жинақты мектептерінің 29 педагогы «Пәндерді оқытуда цифрлық ресурстарды пайдалану» тақырыбы бойынша оқып, білімдерін жетілдірді.
Құқық бұзушылықтардың, суицидтік жағдайлардың және жыныстық қол сұғылшылулыққа қарсы қылмыстардың өсу мәселесіне де назар аудармауға болмайды. Қазір кәмелетке толмағандардың сегіз қылмысы тіркелген. Сондай-ақ, жасөспірімдердің жыныстық қол сұғушылығына  қарсы үш қылмыс, суицидтің екі фактісі және оны жасаудың бір әрекеті  тіркелді. Майра Ілиясқызының айтуынша, бұл фактілер психологиялық қызметтер мен сынып жетекшілерінің жұмысының сапасыздығын көрсетеді, олар оқушылардың жеке ерекшеліктерін, іс-әрекеттің ішкі мотивациясын зерттеуге тиісті назар аудармайды. Биылғы жылы аутодеструктивті мінез-құлыққа бейімділікті уақытылы анықтау үшін білім бөлімінің басшысы оқушылардың 100% — психологиялық сүйемелдеумен қамтылуын  мақсат етіп отыр.
Ауданның білім беру ұйымдары басшыларының сөздері де мазмұнды болды. Мұнда олар өз жұмыстарындағы жетістіктерімен бөлісіп қана қоймай, тәжірибеде қолданылатын тұжырымдамалар мен болашақ жоспарлар туралы да айтты. Нәтижесінде іс-шара мұғалімдер үшін тамаша диалог алаңына айналды десе болады.
Конференцияның соңы  шығармашылық ізденістегі мұғалімдер мен жас мамандарды құрметтеу рәсіміне ұласты. ҚР Білім Министрлігінің грамотасымен екі білім қызметкері, Жітіқара ауданы әкімінің Құрмет грамотасымен ауданның 9 педагогы марапатталды, 4 адам Қостанай облысы әкімдігінің білім басқармасының мадақтамасына ие болды.
Ауданның білім  беру саласында  ұзақ жылдар еңбек еткен  ардагерлер де назардан тыс қалмады − оларға  ілтипат көрсетіліп, алғыс сөздер айтылып, гүл шоқтары табысталды.үнемдейді және мемлекеттік бюджеттен шығындарды азайтады", — деп қорытындылады Рүстем Бигари.

Интересное

В Казахстане планируют реформировать систему государственных закупок
Новости В Казахстане планируют реформировать систему… В Казахстане намерены усовершенствовать систему государственных закупок для борьбы с недобросовестными…
Жітіқара ауданында оқырмандарға арналған байқау басталды
Новости Жітіқара ауданында оқырмандарға арналған… Жітіқара ауданында Кітап оқитын ұлт республикалық акциясы
Денежные призы за любовь к книгам: в Житикаре стартовал читательский конкурс
Новости Денежные призы за любовь к книгам: в Житикаре… В Житикаринском районе в рамках республиканской акции Читающая
На заседании Конституционной комиссии предложили рассмотреть вопрос о новой Конституции
Новости На заседании Конституционной комиссии предложили… 29 января 2026 года Председатель Республиканской коллегии адвокатов Мади Мырзагараев в ходе заседания…
Гонконгский грипп мутировал: что ожидать Казахстану?
Новости Гонконгский грипп мутировал: что ожидать… Как сообщили в Комитете санитарно-эпидемиологического контроля Минздрава РК,

Смотрите так же

В Казахстане планируют реформировать систему государственных закупок
В Казахстане планируют реформировать систему государственных закупок 2026-01-30, 06:14
Жітіқара ауданында оқырмандарға арналған байқау басталды
Жітіқара ауданында оқырмандарға арналған байқау басталды 2026-01-30, 01:23
Денежные призы за любовь к книгам: в Житикаре стартовал читательский конкурс
Денежные призы за любовь к книгам: в Житикаре стартовал читательский конкурс 2026-01-30, 01:20
На заседании Конституционной комиссии предложили рассмотреть вопрос о новой Конституции
На заседании Конституционной комиссии предложили рассмотреть вопрос о новой Конституции 2026-01-29, 05:57
Гонконгский грипп мутировал: что ожидать Казахстану?
Гонконгский грипп мутировал: что ожидать Казахстану? 2026-01-29, 05:48
Финал на воде: как завершилась мини-спартакиада ИТР АО
Финал на воде: как завершилась мини-спартакиада ИТР АО "КМ" 2026-01-29, 09:34

Более 10 лет наша газета радует читателей самыми свежими и интересными новостями.

Информация

  • Проблемная зона

Контакты

  • +7 7143 52-25-99
  • editor@km.kz

АО «Костанайские минералы», 2012 – . Все права защищены. Использование материалов допускается только с письменного разрешения АО «Костанайские минералы»