• Главная
  • Наши люди
  • ЖМП
  • Проблемная зона
  • Страницы истории
  • Интервью
  • Видео
  • Инновации
  • Производство
  • Контакты

Тұрғын үй кезегіне қалай тұруға болады?

2023-09-20, 06:11
Тұрғын үй кезегін алу мәселесі барлық жерде өзекті тақырып екені түсінікті. Жітіқарадағы пәтерге үміткер жандар да мемлекет тарапынан берілетін баспаналарын жылдар бойы ұзақ күтуде.
Мәселен Снежана Штро Жамбыл облысының балалар үйінен қамқорлыққа алынып, Жітіқараға қоныс аударғалы осы санатта. 21 жастағы қыздың баспана жағдайы тез арада шешіле кетеді деп айту екі талай.

 
– Мен 2015 жылы ата-ана қамқорлығынсыз қалған жасөспірім ретінде кезекке тұрдым. Қалада қалпына келтірілген көп қабатты үйлерден кейін айтарлықтай өзгеріс болса да кезегім алға жылжыр емес. Оның бәрін Kezetke.kz сайтында бақылап келемін. Қазір кезекте 44-ші болып тұрмын. Бұл көрсеткіш бес ай бойы өзгермеген күйі тұрғанына таңым бар, – дейді ол.
Тұрғын үй сатып алу оңай емес. Бұрын пәтерді жалға алып тұру үшін жастығына қарамай екі ауысымда жұмыс істегенін айтады.
Кейін әскерден күткен жігітіне тұрмысқа шығады. Жолдасы Антон " КМ " АҚ-да жұмыс істейді, әзірге жастар жалдамалы пәтерде тұруды жалғастыруда.
 
– Пәтер сатып алу мәселесіне көмектесетін туыстарымыз жоқ. Аудан әкіміне екі рет хабарластым. Өз кезегімді күту керектігін айтты, – дейді Снежана.
 
Өткен жылы тамыз айында тұрғын үйге кезекте 747 адам тұрса, бүгінде оның саны 800-ге жуықтады. Жыл сайын шамамен 100-ге жуық адам тұрғын үй алуға өтініш беретінін ескерсек, кезектің қаншалықты жылжығанын пайымдай берңіздер. Себебі пайдалануға берілетін тұрғын үйлердің саны да көп емес. Кезектің басым бөлігін халықтың әлеуметтік осал топтарына жататын адамдар құрайды. ҰОС ардагерлері және оларға теңестірілген адамдарға, көп балалы отбасыларға, экологиялық апат салдарынан тұрғын үйінен айырылған адамдарға, мемлекеттік борышын, қоғамдық міндеттерін, әскери қызметін атқару кезінде қаза тапқан адамдардың отбасыларына тұрғын үй салынды.
 
–11-ші шағын ауданындағы № 18 үй мен 4-ші шағын ауданның №34 үйі пайдалануға берілгені бұл жұмыстарды біраз жеңілдетті. Осы жобалардың арқасында 2021 жылы 110 адам, ал 2022 жылы 75 адам пәтер кілттеріне ие болды. Бұдан басқа, ауданда кезекте тұрғандарға пәтер сатып алу жұмыстары жүргізілуде. Өткен жылы 10 пәтер сатып алынды, Биыл баспанаға мұқтаж жандар үшін 14 пәтер сатып алу жоспарланған. Бірақ бұл жеткіліксіз екені анық, – дейді тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімінің басшысы Серік Жақсыбаев.
 
Бұл қызмет түрі бүгінде электронды түрде ұсынылатынын тағы ескерте кеткеніміз абзал. Мемлекеттік қордан тұрғын үй алу үшін кезекке тұру үшін Kezetke .kz сайтынан тіркеліуге болады. Бұл сайтқа браузер арқылы немесе E.gov.kz арқылы кіре аласыздар. Авторизациядан кейін жүйе адамның кезекте тұрған адам емес екенін көрсетеді. Әрі қарай өтініш беру керек. Сізге электронды цифрлық қолтаңба және ыңғайлы болу үшін электрондық поштаның болуы қажет. Кейін жеке деректер енгізіледі және өтінім беру аяқталады.

 
– Біз бұл өтінімдердің барлығын өз жүйемізден көріп отырамыз, – деп атап өтті ТКШ бөлімінің басшысы. – Ол Азаматтардың үміткер болуы, болмауы өтініш бергеннен кейін әр санаттың өзіндік критерийлері арқылы анықталады. Мысалы, көп балалы аналардың соңғы 12 айдағы жиынтық орташа айлық табысы отбасының әрбір мүшесіне тұрғын үй беру туралы өтініш берер алдында тиісті қаржы жылына белгіленген ең төменгі күнкөріс деңгейінің 3,1 еселенген мөлшерінен төмен болуы тиіс.

Интересное

Акция «Правовая юрта» в Житикаре
Новости Акция «Правовая юрта» в Житикаре В Житикаринском районе прошёл всеобщий приём граждан в рамках общеобластной акции Правовая юрта, приуроченной…
Итоги работы полиции
Новости Итоги работы полиции Начальник Отдела полиции города Житикара и Житикаринского района
В Житикаре прошел районный конкурс «Әже – шаңырақтың қазынасы»
Новости В Житикаре прошел районный конкурс «Әже –… В Житикаре в рамках празднования Наурыз мейрамы прошел районный конкурс Әже – шаңырақтың қазынасы при…
Дефицит врачей в Житикаре сокращается
Новости Дефицит врачей в Житикаре сокращается Нехватка врачей в Житикаре снизилась до восьми специалистов.
АО «Костанайские минералы»  достойно представило предприятие на районной сцене
Новости АО «Костанайские минералы» достойно представило… АО Костанайские минералы продолжает активно участвовать в общественной жизни Житикаринского района, поддерживая…

Смотрите так же

Акция «Правовая юрта» в Житикаре
Акция «Правовая юрта» в Житикаре 2026-03-19, 07:09
Итоги работы полиции
Итоги работы полиции 2026-03-19, 07:06
В Житикаре прошел районный конкурс «Әже – шаңырақтың қазынасы»
В Житикаре прошел районный конкурс «Әже – шаңырақтың қазынасы» 2026-03-19, 07:05
Дефицит врачей в Житикаре сокращается
Дефицит врачей в Житикаре сокращается 2026-03-19, 07:04
АО «Костанайские минералы»  достойно представило предприятие на районной сцене
АО «Костанайские минералы» достойно представило предприятие на районной сцене 2026-03-19, 07:03
Площадкой для демонстрации национальных традиций, творчества и командного духа
Площадкой для демонстрации национальных традиций, творчества и командного духа 2026-03-19, 07:01

Более 10 лет наша газета радует читателей самыми свежими и интересными новостями.

Информация

  • Проблемная зона

Контакты

  • +7 7143 52-25-99
  • editor@km.kz

АО «Костанайские минералы», 2012 – . Все права защищены. Использование материалов допускается только с письменного разрешения АО «Костанайские минералы»