• Главная
  • Наши люди
  • ЖМП
  • Проблемная зона
  • Страницы истории
  • Интервью
  • Видео
  • Инновации
  • Производство
  • Контакты

Айдарбек Сапаров Қостанай облысының диқандарына қандай көмек көрсетілетінін мәлім етті.

2023-09-22, 10:48
Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров Қостанай облысындағыагроқұрылым басшыларымен кездесіп, оларды қызықтырған барлық сұрақтарға жауап берді.
Биыл облыс егістігі қолайсыз ауа-райынан зардап шекті. Толассыз жауған жаңбырдың салдарынан астық сапасы нашарлады. Дән сұрыпының сапасы төмендеді.
Ауыл шаруашылығы министрлігінің басшысы ешкім қолдаусыз қалмайтынына сендірді.
«Мемлекет басшысының тапсырмасы бар. Үкімет жауын салдарын азайтуға бағытталған шараларды ұсынады. „Бәйтерек“ ҰБХ айыппұл санкцияларын қолданбай қарыз қайтарым мерзімін ұзарту мәселесін шешті. Агроөнеркәсіптік кешенді субсидиялауға қосымша қаражат бөлу жағы да қарастырылуда. Бұл бағытта Қостанай облысына 16,9 млрд теңге қажет», — деді Айдарбек Сапаров.
Министр астықты кептіру үшін облысқа қосымша 11 мың тонна арзандатылған жанармай берілетінін айтты. Оның құны литріне 250 теңгеден аспайды. Облыс бойынша элеваторлар, 318 астық кептіргіш тәулік бойы жұмыс істейді.
Азық-түлік корпорациясының келісімшарт негізіндегі астығын қайтару мәселесі де шешімін табатын болады.
"Қазір астық нарығының жай-күйіне талдау жүргізілуде. Оның қорытындысы бойынша азық-түлік корпорациясы ауыл шаруашылығы өнімдерін сатып алудың әділ бағасын жариялайды. Компания тұқым қорын қалыптастыруды қамтамасыз етеді және нан өндіру үшін арзандатылған астықты жеткізу кестесін қайта қарайды", — деп толықтырды Ауыл шаруашылығы министрі.
Айдарбек Сапаров облыстың әртүрлі аудандарындағы бірнеше агроқұрылымдардың алқаптарын аралап, астық қабылдау кәсіпорнының жұмысымен танысты.
Қостанай облысының әкімі Қ. Ақсақалов 4,3 млн га астық егілгенін, жалпы егіс алқабының 32% орылғанын, 1,3 млн тонна астық бастырылғанын, орташа өнімділігі әзірге 9,2 ц/га құрайтынын хабарлады.
Облыста жем-шөп жинау жоспарының асыра орындалғанын айта кеткен жөн.Фермерлер 1,1 млн тонна шөп, 151,6 мың тонна пішен, 11,7 мың тонна сүрлем жинады.
Биыл алғаш рет мал азығына деп АШ құрылымдарына 58 мың тонна жеңілдетілген бағамен дизель отыны берілді. Оның 6,3 мың тоннасы Қостанай облысына жеткізілді.

Интересное

Пенсионный возраст женщин будут повышать
Новости Пенсионный возраст женщин будут повышать В кулуарах Мажилиса вице-министр труда и социальной защиты населения Виктория Шегай рассказала о будущем…
В Казахстане начнут усыплять бродячих собак
Новости В Казахстане начнут усыплять бродячих собак Депутаты Мажилиса одобрили изменения в Закон Об ответственном обращении с животными. Законопроект направлен…
По итогам выборов Кайрат Жиналинов был избран акимом Большевистского сельского округа
Новости По итогам выборов Кайрат Жиналинов был избран… Кайрат Казбекович Жиналинов родился в Житикаре 29 февраля 1992 года. Имеет два высших образования: в…
Проводятся плановые антитеррористические учебные мероприятия!
Новости Проводятся плановые антитеррористические… Вниманию житикаринцев!  br Проводятся плановые антитеррористические учебные мероприятия!br 8 апреля…
Терроризмге қарсы жоспарлы оқу іс-шаралары өткізіледі!
Новости Терроризмге қарсы жоспарлы оқу іс-шаралары… Жітіқаралықтардың назарына!br Терроризмге қарсы жоспарлы оқу іс-шаралары өткізіледі!br Ағымдағы жылдың…

Смотрите так же

Пенсионный возраст женщин будут повышать
Пенсионный возраст женщин будут повышать 2026-04-09, 10:49
В Казахстане начнут усыплять бродячих собак
В Казахстане начнут усыплять бродячих собак 2026-04-09, 10:42
По итогам выборов Кайрат Жиналинов был избран акимом Большевистского сельского округа
По итогам выборов Кайрат Жиналинов был избран акимом Большевистского сельского округа 2026-04-09, 10:38
Проводятся плановые антитеррористические учебные мероприятия!
Проводятся плановые антитеррористические учебные мероприятия! 2026-04-08, 01:44
Терроризмге қарсы жоспарлы оқу іс-шаралары өткізіледі!
Терроризмге қарсы жоспарлы оқу іс-шаралары өткізіледі! 2026-04-08, 01:43
Неизменный чемпион
Неизменный чемпион 2026-04-01, 04:45

Более 10 лет наша газета радует читателей самыми свежими и интересными новостями.

Информация

  • Проблемная зона

Контакты

  • +7 7143 52-25-99
  • editor@km.kz

АО «Костанайские минералы», 2012 – . Все права защищены. Использование материалов допускается только с письменного разрешения АО «Костанайские минералы»