Еңбек өрге жетелейді
2023-09-27, 09:31
Карина ӘЛЖАН
Еңбексіз өмір жоқ. Бала кезінен еңбекке дағдыланған Юрий Владимирович Пышный осылай ойлайды.
Кейіпкеріміз 70-жылдары комбинат жүйесін таңдап, еңбек жолын бастаған. Одан кейін кәсіпорынға қарасты «Приречное» қосалқы шаруашылығында (қазіргі Ырсай) еңбек етті.
1979 жылы СПТУ-24 — Забеловский ауылдық мектебін тракторшы мамандығы бойынша бітірген ол механизатор болып жұмыс істеген. Ол кезде бұл беделді мамандық болып саналды, бірақ қазір жұмысшы мамандыққа деген көзқарас бұрынғыдай емес.
2003 жылы қалаға көшіп, кейін асбест өңдеу зауытына жұмысқа орналасты.
Бүгінде Юрий Владимировичтің күнделікті жұмысы жүк көтергішті жүргізу. «Көлік кабинатында жалғыз жұмыс күндерін өткізу қызықсыз ба?» – деген журналистің сауалына ол былай деп жауап берді:
– Жоқ, әрине! Қызықсыз болса, баяғыда кетіп қалар едім. Егер мамандықты таңдасаң, сол мамандықта жұмыс істеу керек деп есептеймін. Мен де әкем сияқты бала кезімнен техниканы жақсы көретінмін. Ал бүгінде әртүрлі жұмысым бар. Жүк көтеруші күнсайын бірыңғай міндетті атқарғанымен, жұмыс көлемі әртүрлі келеді.
Бұл, шынында да, басқаша, өйткені жұмысқа өтінімдер кәсіпорынның барлық бөлімшелерінен түседі. Ал жүк тиегіш машинисті бүкіл индустриялық аймақта, оның ішінде карьерде де міндетін атқарып, тиісті жұмыспен айналысады.
Юрий Владимировичті автокөлік кәсіпорнының басшылығы жұмысқа деген адалдығы, өз ісіне беріктігі үшін бағалайды және құрметтейді.