• Главная
  • Наши люди
  • ЖМП
  • Проблемная зона
  • Страницы истории
  • Интервью
  • Видео
  • Инновации
  • Производство
  • Контакты

Қостанай облысының 16 тұрғыны көлік салығын төлемегені үшін қамауға алынды

2023-09-28, 11:05
Мемлекеттік кірістер департаментінің, жеке сот орындаушыларының, полиция және прокуратура қызметкерлерінің бірлесіп жұмыс жасау нәтижесінде жыл басынан бері салық төлемегені үшін Қостанай облысының 16 тұрғыны бір тәуліктен үш тәулікке дейін қамауға алу түрінде әкімшілік жауапкершілікке тартылды,-Мемлекеттік кірістер департаментінен хабарлады.
Сонымен қатар, 37 көлік айыппұл тұрағына қамалды. Мемлекеттік кірістер департаменті көлік құралы бойынша салық берешегін уақытылы өтемеген жағдайда сот орындаушыларының жұмысы шеңберінде берешекті мәжбүрлеп өндіріп алудың мынадай шаралары қолданылатынын еске салады:
-уәкілетті органдардың тіркеу іс-әрекеттерін шектеу;
-борышкердің елден тыс жерлерге кетуіне тыйым салу;
-борышкерді қамауға алу;
-жүргізуші куәлігінің қолданысын тоқтату;
-банктік шоттар мен өзге де мүлікке тыйым салу.
Бұдан басқа, жеке сот орындаушылары берешек сомасынан басқа берешек сомасының 25% — на дейінгі мөлшерде қосымша ақы алады.
Мұндай жағдайларды болдырмау үшін Қостанай облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті салық берешегінің бар-жоғы туралы мәліметтерді тексеруді және бар болған жағдайда қарыздарды өтеуді ұсынады.
Көлік иелерінің мемлекеттік кірістер органдарына жүгінбей-ақ өздігінен берешекті қарауға мүмкіндіктері бар.
Бұл үшін ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің www.kgd.gov.kz сайтындағы «Электрондық сервистер» бөліміне, одан әрі «Салық берешегінің жоқ (бар) екендігі туралы мәлімет» бөліміне кіру қажет, сонымен қатар e-salyq Azamat мобильді қосымшасындағы – «Барлық сервистер» бөліміне, одан әрі «Салықтар мен әлеуметтік төлемдер бойынша берешектер туралы сервис» бөліміне кіріп те қарауға болады.

Интересное

Акция «Правовая юрта» в Житикаре
Новости Акция «Правовая юрта» в Житикаре В Житикаринском районе прошёл всеобщий приём граждан в рамках общеобластной акции Правовая юрта, приуроченной…
Итоги работы полиции
Новости Итоги работы полиции Начальник Отдела полиции города Житикара и Житикаринского района
В Житикаре прошел районный конкурс «Әже – шаңырақтың қазынасы»
Новости В Житикаре прошел районный конкурс «Әже –… В Житикаре в рамках празднования Наурыз мейрамы прошел районный конкурс Әже – шаңырақтың қазынасы при…
Дефицит врачей в Житикаре сокращается
Новости Дефицит врачей в Житикаре сокращается Нехватка врачей в Житикаре снизилась до восьми специалистов.
АО «Костанайские минералы»  достойно представило предприятие на районной сцене
Новости АО «Костанайские минералы» достойно представило… АО Костанайские минералы продолжает активно участвовать в общественной жизни Житикаринского района, поддерживая…

Смотрите так же

Акция «Правовая юрта» в Житикаре
Акция «Правовая юрта» в Житикаре 2026-03-19, 07:09
Итоги работы полиции
Итоги работы полиции 2026-03-19, 07:06
В Житикаре прошел районный конкурс «Әже – шаңырақтың қазынасы»
В Житикаре прошел районный конкурс «Әже – шаңырақтың қазынасы» 2026-03-19, 07:05
Дефицит врачей в Житикаре сокращается
Дефицит врачей в Житикаре сокращается 2026-03-19, 07:04
АО «Костанайские минералы»  достойно представило предприятие на районной сцене
АО «Костанайские минералы» достойно представило предприятие на районной сцене 2026-03-19, 07:03
Площадкой для демонстрации национальных традиций, творчества и командного духа
Площадкой для демонстрации национальных традиций, творчества и командного духа 2026-03-19, 07:01

Более 10 лет наша газета радует читателей самыми свежими и интересными новостями.

Информация

  • Проблемная зона

Контакты

  • +7 7143 52-25-99
  • editor@km.kz

АО «Костанайские минералы», 2012 – . Все права защищены. Использование материалов допускается только с письменного разрешения АО «Костанайские минералы»