• Главная
  • Наши люди
  • ЖМП
  • Проблемная зона
  • Страницы истории
  • Интервью
  • Видео
  • Инновации
  • Производство
  • Контакты

Ономастика саласын дамыта түсу елдік мұратымыз

2023-10-19, 10:16
Бүгінгі таңда ономастика – қазақ тілінің ажырамас бөлігіне айналғандықтан, ерекше жүйе ретін-де қаралып, қолданысқа енді. Осы саладағы жұмыстардың жүргізілу бағыты Жітіқара ауданында сәтті жүзеге.
 
Ел мұраты жолында ономастика саласындағы кемшіліктермен күрес тоқталмайды. Өйткені ономастика саласын дамыта түсу еліміздің ең басты және құнды мұраты.
Түптеп қараған адам ономастика саласының өте маңызды екенін бірден түсінеді. Өйткені ол жай ғана ғылым емес, өте астарлы саясат. Сондықтан Тілдерді дамыту мен қолданудың мемлекеттік бағдарламасында бұл жұмыстарға жіті мән беріліп алдын ала болжамдар жасалынғаны белгілі.
Бағдарламада ономастикалық комиссиялардың жұмысындағы шешім қабылдау үдерісін талқылауда қоғамдық қолжетімділік пен ашықтық қағидаттарының сақталуы бойынша тұрғындардың қанағаттанушылық деңгейіне ерекше мән берілген. Ол деңгейлерді әр кезеңдерге топтастырып бөліп көрсеткіштерін анықтап берген. Сонымен қатар, жер-су атауларында күллі Қазақстан халқының мүддесі көзделуі керек. Ол мәселеде түрлі көзқарастар болатыны айтпасада түсінікті. Міне, сондықтан да ономастика саласы ешкімді де сырт қалдырмайды. Бұл дәлелдеуді қажет етпейтін нәрсе.
Ономастика көшін түзету арқылы әр ұлт өзінің мұрасын болашаққа шашау шығармай апаруды көздейді. Әрбір азаматтың осы тұрғыда өз пікірі мен ойы, ұсынысы болары сөзсіз. Соның бәрі ескерілгенде барып дұрыс таңдау жасалынбақ.
Отаншылдық рухты оятатын жұмыстардың барлығы бір-бірімен ұштасып отыратыны сөзсіз. Әрбір халықтың, әрбір өркениеттің баршаға ортақ қасиетті жерлері болады, оны сол халықтың әрбір азаматы біледі. Бұл – рухани дәстүрдің басты негіздерінің бірі. Біз – ұлан-ғайыр жері мен аса бай рухани тарихы бар елміз. Ұлы Даланың көз жеткізгісіз кең-байтақ аумағы тарихта түрлі рөл атқарған. Бірақ, осынау рухани географиялық белдеуді мекен еткен халықтың тонның ішкі бауындай байланысы ешқашан үзілмеген.
Қазақстанның қасиетті жерлерінің мәдени-географиялық белдеуі – неше ғасыр өтсе де бізді кез келген рухани жұтаңдықтан сақтап, аман алып шығатын символдық қалқанымыз әрі ұлттық мақтанышымыздың қайнар бұлағы. Тарихи атауларға назар аудару, бұл іс ономастика саласының құлашын кеңге сермеуге тың күш берді. Осыныдай іргелі істердің арқасында қыруар дүние жасалынды. Әлі де атқарылары сөзсіз.
Сондықтан біз де осы ретте көкейде жүрген ойымызды айта кетсек. Тарихи тұлғалардың аттарын көшеге немесе елді мекендерге берген кезде бұрынғы кеңес дәруіріндегі нұсқасын ала салмай қазақы қалыпқа салып өзгертіп берсек нұр үстіне нұр болар еді. Бұл жұмыстың өзі де түбегейлі зерттеу мен қыруар күш жігерді қажет етеді. Бағдарламадағы «Антропонимикалық атауларды және көрнекі ақпараттарды сәйкестендіруді жүзеге асыру мемлекеттік тілде антропонимикалық белгілеулерді жазу мен сәйкестендіру жөніндегі бірыңғай талаптарды әзірлеуді, сондайақ көрнекі ақпаратты көркем ресімдеу туралы нормативтік құқықтық базаны жетілдіруді талап етеді» деген жоспар арқылы көптеген түйткілді дүниелер өз шешімін тауып келеді, әлі де ауқымды істер атқарыла беретіні ақиқат. Болашақта ономастика, антропонимика саласындағы барлық мәселе атаулы толығымен шешімін табатынына сеніміміз мол.
Жітіқара ауданының ономастикалық жұмыс тобының мүшесі Ділдә Хайрат.

Интересное

Житикаринский район: рост экономики, новые проекты и социальная стабильность
Новости Житикаринский район: рост экономики, новые…  br На аппаратном совещании при акиме Житикаринского района Аслане Жаныспаеве подвели итоги социально-экономического…
Житикаринский боксер завоевал бронзу чемпионата РК
Новости Житикаринский боксер завоевал бронзу чемпионата… С 19 по 23 января 2026 года в городе Уральск состоялся чемпионат Республики Казахстан по боксу среди…
Әділет министрі: Конституцияға енгізілетін өзгерістер мемлекеттік жүйенің тиімділігін күшейтеді
Новости Әділет министрі: Конституцияға енгізілетін… Конституциялық комиссияның екінші отырысында ҚР Әділет министрі Ерлан Сәрсембаев Негізгі заңға бірқатар…
Министр юстиции: изменения в Конституцию повысят предсказуемость и последовательность действий государства 
Новости Министр юстиции: изменения в Конституцию… На втором заседании Комиссии по Конституционной реформе
Рассрочки угрожают финансовой стабильности Казахстана?
Новости Рассрочки угрожают финансовой стабильности… Стремительный рост рассрочек (BNPL) и потребкредитования стал драйвером ВВП,

Смотрите так же

Житикаринский район: рост экономики, новые проекты и социальная стабильность
Житикаринский район: рост экономики, новые проекты и социальная стабильность 2026-01-26, 03:38
Житикаринский боксер завоевал бронзу чемпионата РК
Житикаринский боксер завоевал бронзу чемпионата РК 2026-01-26, 12:58
Әділет министрі: Конституцияға енгізілетін өзгерістер мемлекеттік жүйенің тиімділігін күшейтеді
Әділет министрі: Конституцияға енгізілетін өзгерістер мемлекеттік жүйенің тиімділігін күшейтеді 2026-01-26, 11:22
Министр юстиции: изменения в Конституцию повысят предсказуемость и последовательность действий государства 
Министр юстиции: изменения в Конституцию повысят предсказуемость и последовательность действий государства  2026-01-26, 11:18
Рассрочки угрожают финансовой стабильности Казахстана?
Рассрочки угрожают финансовой стабильности Казахстана? 2026-01-26, 07:10
В Казахстане планируют отказаться от асфальтовых дорог к малым сёлам
В Казахстане планируют отказаться от асфальтовых дорог к малым сёлам 2026-01-26, 06:55

Более 10 лет наша газета радует читателей самыми свежими и интересными новостями.

Информация

  • Проблемная зона

Контакты

  • +7 7143 52-25-99
  • editor@km.kz

АО «Костанайские минералы», 2012 – . Все права защищены. Использование материалов допускается только с письменного разрешения АО «Костанайские минералы»