• Главная
  • Наши люди
  • ЖМП
  • Проблемная зона
  • Страницы истории
  • Интервью
  • Инновации
  • Производство
  • Контакты

Шығармашылықтың лауазымы да, шекарасы да жоқ

2024-01-18, 06:41
Карина ӘЛЖАН
 
Қоғам алдында ресми мемлекеттік қызметшілер көптің назарына түсіп, еленіп жүретінін білеміз. Дегенмен, олардың кәсіби өмірден тыс әр нәрсеге  қызығушылықтары бар екеніне мән бермейміз. Біреуі спортқа, не болмаса, шығармашылыққа басымдық беріп жатады. Бұл қызығушылықтар мемлекеттік қызметкердің  қоғамдағы маңызды міндеттері мен  әлеміне алуан түрлілік қосып, өмірдің ең ауқымды салаларында  даралық пен өзіндік ерекшелікке орын бар екенін еске салады. Бүгін біз сіздерді шығармашылықты қатар алып жүрген,  қаржы-шаруашылық бөлімінің басшысы, аудан әкімі аппаратының бас бухгалтері Динара Әбдіғапарқызы Қызылбасовамен таныстыруды жөн көрдік. 
 
Динара Жітіқара ауданының Мүктікөл ауылында дүниеге келген. Еңбек, шаруашылық, бақша дегеннің не екенін жақсы біледі. Тоқсаныншы жылдардың қиын-қыстау күндері Динараның ата-анасы сауда-саттықпен айналысып, ол көбінесе фермада қалатын еді. Сондықтан, балалық шағында ол жан-жағына жауапкершілікпен қарауға үйренді. Бұл қасиет оған қазіргі жұмыста да пайдасын тигізіп жатыр.
Ол үшін мемлекеттік қызметке апаратын жол оңай болған жоқ. Қаржы қызметімен байланысты мамандықты алған Динара Әбдіғапарқызы кез келген жұмысқа кірісіп, хатшы, бухгалтер болып та көрді. Ең алғаш мемлекеттік қызметке 2009 жылы Шевченков ауылы әкімі аппаратының бухгалтері болып қызмет атқарған еді. 2018 жылы ол қаржы-шаруашылық бөлімінің басшысы, аудан әкімі аппаратының бас бухгалтері лауазымына тағайындалды. Оған жұмыста тәжірибе жинауына достары – Рыскүл Қуантаева мен Гүлбаршын Баймұхамбетовалар  көмектесті. Қазір күнде әріптестері Динараны өте сауатты әрі жоғары кәсіби маман ретінде біледі.
Алайда  өмір бойы есеп, хаттамалармен ғана шектелген жоқ. Ол өте позитивті әрі шығармашыл адам екенін де көрсете білді. Қолдан жасалған кәсіби тұрғыда бірегей заттар мен  ойыншықтар тоқумен айналысты. Анасы Алтын Ұзаққызы оның тоқуға деген сүйіспеншілігін дамыта түсті. Олар әр кештерін тоқыма,  инелер мен үлпілдеп иірілген жіптермен бірге өткізетін еді.
«Әлі есімде… Бәрі балаларға арналған жылы жамылғыдан басталды. Содан кейін қызыма сыйлық болсын деп  сүйкімді қоянды тоқып шықтым. Ол ойыншық ешкімді бейжай қалдырмады, ісімізге үлкен жарнама болды десем де болады. Содан бері ол барлық сыйлықтарды жақындарыма, туған-туыстарыма және достарыма өз қолыммен жасап келемін», – дейді ол.  
Динараның бұл бұйымдарының тіпті зауыттан шыққан заттан айырмашылығы жоқ.  Оның әрбір ойыншығы өз алдына бір бөлек,  ерекше даралық пен сұлулыққа ие болып табылатын. 
«Бұл әрбір бұйымға жан-жүректің бір бөлігі салынады. Бұл хобби, мен үшін үлкен медитациямен тең. Жанымды әрдайым тыныштандырып, балалар үшін қуаныш сыйласа масаттанамын», –  деп тебіренді кейіпкеріміз.
 Иә, Динараның бұл жұмысы негізінен балаларға арналған. Оның қолында тек тоқу инелері ғана емес, сонымен қатар басқа да шығармашылық атрибуттар – қайшы, мата, түрлі-түсті қағаз және басқа да материалдарды байқаса болады.  Оның қолынан – дорба, балалар байқаулары мен көрмелеріне арналған қолөнер бұйымдары да шығады. Мұның барлығын жасамас бұрын, ол алдымен эскизге әдемілеп түсіріп алады.

Интересное

В районе обсудили меры занятости населения
Новости В районе обсудили меры занятости населения Сколько житикаринцев нашли работу и какие проекты помогли им открыть своё дело — эти вопросы 3 ноября…
Кадровые назначения в отделе полиции
Новости Кадровые назначения в отделе полиции В отделе полиции города Житикара и Житикаринского района произошли кадровые изменения.br С 23 октября,…
Признание в любви родному краю
Новости Признание в любви родному краю  В районном Дворце культуры состоялся тёплый и атмосферный литературно-музыкальный вечер Шырағың сөнбесін,…
Житикаре прошла республиканская акция «Народный юрист»
Новости Житикаре прошла республиканская акция «Народный… strongВ этом году бесплатную юридическую помощь получили 67 жителей. Всем участникам были даны ответы…
ГТК чемпион
Новости ГТК чемпион strongТау-кен көлік кешені Қостанай минералдары АҚ Спартакиадасында көшбасшылық орнын сақтап келеді./strong…

Смотрите так же

В районе обсудили меры занятости населения
В районе обсудили меры занятости населения 2025-11-04, 10:56
Кадровые назначения в отделе полиции
Кадровые назначения в отделе полиции 2025-11-04, 10:53
Признание в любви родному краю
Признание в любви родному краю 2025-11-04, 09:17
Житикаре прошла республиканская акция «Народный юрист»
Житикаре прошла республиканская акция «Народный юрист» 2025-11-03, 10:51
ГТК чемпион
ГТК чемпион 2025-11-03, 10:46
На шахматном поле все стабильно
На шахматном поле все стабильно 2025-11-03, 10:44

Более 10 лет наша газета радует читателей самыми свежими и интересными новостями.

Информация

  • Проблемная зона

Контакты

  • +7 7143 52-25-99
  • editor@km.kz

АО «Костанайские минералы», 2012 – . Все права защищены. Использование материалов допускается только с письменного разрешения АО «Костанайские минералы»