• Главная
  • Наши люди
  • ЖМП
  • Проблемная зона
  • Страницы истории
  • Интервью
  • Инновации
  • Производство
  • Контакты

Мамандық пен өмірдің үйлесімділігі!

2024-02-02, 09:25
Аякөз Сұлтан
 
Әр адамның кәсіпке деген өз жолы бар. Ол көп жағдайда мамандықты дұрыс таңдаумен, алға қойған нақты мақсат және оған жетудегі табандылықпен анықталады. Бүгінгі біздің кейіпкеріміз, Жітіқара ауданы әкімдігі қаржы бөлімінің бас маманы Асхат Каженов – өз мақсатын біліп, мақсатына батыл қадам басқан мақсатты жанның бірі.
 
Асхат Жітіқарада туып-өсті және мектепті де жақсы оқыды. Мамандық таңдауда өз қалауын басшылыққа алып қана қоймай, ата-анасы Гульсум Камильевна мен Кайбжан Какимжановичтың  ақыл-кеңесін тыңдап өсті. Осы қағидаларға сүйене отырып, ол өз өмірін  заң ғылымымен байланыстыруды ұйғарды.
Алдымен жас жігіт Жітіқара политехникалық колледжіне түсіп, заңгер мамандығын алып, кейін ЧелМУ университетінде оқуын жалғастырды. Оның өміріндегі  аудан әкімдігінде  тәжірибеден өтуі болды. Мұнда ол заң бөлімінде заңгер қызметін атқарды. Бұл өте қызықты және есте қаларлық тәжірибе болды. Ал Асхат еңбек жолын ветеринарлық станцяның кадр бөлімінде, одан кейін аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімінде бастағанда немен салыстыру керектігін, нені жақсы көретінін бұрыннан білетін. Сондықтан ол аудан әкімдігіне тәжірибеден өтуші емес, штаттық қызметкер ретінде қайта оралуды жөн көрді.
Асхат бес жылдан бері мемлекеттік қызметте қызмет атқарып келеді. Бұл оның қызметтік міндеті  ғана емес, өмірге деген өзіндік адамгершілік ұстанымдары мен негіздері бар ерекше көзқарасы болды. Қазір Жітіқара ауданы әкімдігінің қаржы бөлімінің бас маманы қызметін атқарып келеді. Оның жұмысының ерекшелігі – мемлекеттік сатып алу. Бұл кәсіпқойлық пен табандылықты ғана емес, үнемі дамуды талап ететін өте маңызды және жауапты істің бірі. Бұл жерде үнемі барлығын қадағалап, заңнамадағы өзгерістерді және оны мемлекеттік сатып алушыларға жеткізу керек.
Асхатқа жақсы кәсіби деңгейге жетуге және шеберлігін шыңдауға, оның тәлімгері әрі әріптесі Наталья Валерьевна Хаткова көп көмектесті. Ол өз командасы туралы өте жылы сөйлейді. Оның үстіне әріптестердің достығы мен өзара көмегінің арқасында мемлекеттік сатып алу саласында жұмыс істеу жас маманға тек жағымды эмоциялар әкеледі. Бұл қарым-қатынас, ашықтық, ұжымда жұмыс істей білу, жаңадан келген мамандарға үлгі болу және ең бастысы мемлекеттік қызметшілерге артылған жоғары сенімге сызат түсірмеу сияқты қасиеттерді дамытуға игі әсерін тигізді.
Асхат өзінің жеке басының дамуына да көп көңіл бөледі. Оның сүйікті ісі кітап оқу екенін біреу білсе біреу біле бермейді.  Ол тек өзін-өзі дамытуға арналған әдебиеттерді оқиды. Оның пікірінше, ең іргелі кітаптардың бірі Маргулан Сейсембаевтың «Миссия выполнима». Технология счастливой жизни». Мұнда, Асхаттың айтуынша, жұмыста да, өмірде де  жоспарлау, мақсат қою және оған жетудің өте қызықты тәсілі сипатталған.
Айтпақшы, Асхаттың әйелі Динара да заңгер, күйеуіне барлық жағынан қолдау көрсетеді. Олар бірге Дарина мен Камилла есімді екі қызды тәрбиелеп отыр. Каженовтар отбасы таза ауада демалғанды ​​ұнатады, табиғат аясына жиі шығады, тіпті демалыстарын пайдалы өткізуге тырысады, «өйткені бақытты өмір дәл осы сәттерден құралған» -деп есептейді Асхат. Ендеше бұл жас, болашағы зор мемлекеттік қызметшінің өмірлік ұраны: Қоғамға пайда әкелетін бақытты өмірді сүре білу керек деген  көзқараспен Асхат Қаженов сөзсіз жетістікке жететініне сенімдіміз!

Интересное

В районе обсудили меры занятости населения
Новости В районе обсудили меры занятости населения Сколько житикаринцев нашли работу и какие проекты помогли им открыть своё дело — эти вопросы 3 ноября…
Кадровые назначения в отделе полиции
Новости Кадровые назначения в отделе полиции В отделе полиции города Житикара и Житикаринского района произошли кадровые изменения.br С 23 октября,…
Признание в любви родному краю
Новости Признание в любви родному краю  В районном Дворце культуры состоялся тёплый и атмосферный литературно-музыкальный вечер Шырағың сөнбесін,…
Житикаре прошла республиканская акция «Народный юрист»
Новости Житикаре прошла республиканская акция «Народный… strongВ этом году бесплатную юридическую помощь получили 67 жителей. Всем участникам были даны ответы…
ГТК чемпион
Новости ГТК чемпион strongТау-кен көлік кешені Қостанай минералдары АҚ Спартакиадасында көшбасшылық орнын сақтап келеді./strong…

Смотрите так же

В районе обсудили меры занятости населения
В районе обсудили меры занятости населения 2025-11-04, 10:56
Кадровые назначения в отделе полиции
Кадровые назначения в отделе полиции 2025-11-04, 10:53
Признание в любви родному краю
Признание в любви родному краю 2025-11-04, 09:17
Житикаре прошла республиканская акция «Народный юрист»
Житикаре прошла республиканская акция «Народный юрист» 2025-11-03, 10:51
ГТК чемпион
ГТК чемпион 2025-11-03, 10:46
На шахматном поле все стабильно
На шахматном поле все стабильно 2025-11-03, 10:44

Более 10 лет наша газета радует читателей самыми свежими и интересными новостями.

Информация

  • Проблемная зона

Контакты

  • +7 7143 52-25-99
  • editor@km.kz

АО «Костанайские минералы», 2012 – . Все права защищены. Использование материалов допускается только с письменного разрешения АО «Костанайские минералы»