• Главная
  • Наши люди
  • ЖМП
  • Проблемная зона
  • Страницы истории
  • Интервью
  • Видео
  • Инновации
  • Производство
  • Контакты

Әріптестер ескертуі бойынша

2024-02-14, 12:47
Аякөз Сұлтан
 
Біздің қоғамда көп кездесетін тақырыптың бірі ол – алаяқтар жайлы. Бұл жолы алаяқтарға «Қостанай минералдары» АҚ қызметкері алданып 1 миллион теңге несие рәсімдеп берген.
 
Әдеттегідей ақпан айының бір күні әйел жұмыста болып, өзінің қызметтік міндеттерін атқарып жүрген. Телефонына бейтаныс нөмір қоңырау шалып, ол телефонды көтереді. Алаяқ адам телефонның ар жағынан  өзін Ұлттық банктің қауіпсіздік қызметкерімін деп таныстырып, оның аккаунтына шабуыл жасалып жатқанын айтып, сондықтан оны бұғаттау керек деп түсіндіреді. Ол үшін Freedom bank қосымшасын жүктеп алып, оған тіркелу керек екенін айтып түсіндіреді. Әйел оған сеніп, қосымшаны жүктеп алып, тіркеу мен тексеруден өтіп, алаяқтарға екі рет келіп түскен SMS хабарламаларындағы кодтарды айтады.
Бұл жерде мен бөлек түсіндіріп айтар болсам. Kaspi немесе Halyk банк қосымшаларын қалай жүктеп алғаныңызды еске түсірсек. Әдетте сіз телефон нөміріңізді енгізесіз, содан кейін сізді банк жүйесінде тіркейтін және шоттарыңыз бен карталарыңызға толық қол жеткізуге мүмкіндік беретін бірдей SMS аласыз. Енді елестетіп көріңізші, алаяқтар әйелмен сөйлескенде, олар да дәл солай жасаған. Олар сол қосымшаны жүктеп алып, әйелдің телефон нөмірін терген (бірақ оларда номер бар болған).  Содан кейін ол SMS-кодты айтады, бұл оларға оның атына тіркелген жеке кабинетіне кіруге және толық әрекет етулеріне — несиеге өтініш берулеріне мүмкіндік береді. Иә, олар жеке кабинетіне оңай кіреді.
Арызға тіркелгеннен кейін оның атына 1 миллион теңге несие рәсімделіп, кейін ақша белгісіз бағытпен жоғалып кеткен. 
Осы жерде айта кететін жайт, сол кезде әйелдің қасында әріптестері жұмыс істеп жатқан, олар алаяқтардың телефон соғып жатқанын бірден түсініп, ескертуге тырысқан. Бірақ, неге екені белгісіз, бұл әрекет әйелді тоқтата алмады. Сонымен қатар, полицейлердің айтуынша, «Қостанай минералдары» АҚ-да осыған ұқсас алаяқтық схемаларын түсіндіріп берген түсіндіру жұмыстары екі рет өткізіліп, оларға жәбірленуші әйел де қатысқан дейді. 
Енді бір сәт тоқтап, бастапқы әңгімеге қайта оралайық. Дәл осы сәтте сізге өзін Ұлттық банктің қауіпсіздік қызметінің қызметкерімін деп таныстырған бейтаныс адам телефон соғып, сіздің есептік жазбаңызға қандай да бір шабуыл жасалып жатқанын айтса, сізге оғаш көрінбей ме? Ұлттық банкте өз бетінше бір рет болса да есепшот ашқан адам бар ма?? Бір қызығы, Ұлттық банк қызметкері деген азамат мүлде басқа банктің қосымшасын жүктеп алуды сұрайды. Бір банк басқа банкте ашылған шотыңыздың қауіпсіздігіне қалай жауап береді?
Құрметті Жітіқаралықтар, Естерңізде  болсын:
1. Банк қызметкерлері сізге өздері қоңырау шалмайды.
Есептік жазбаңызда «бірдеңе дұрыс емес» болса да, сізге банк қолданбасында немесе SMS арқылы хабарланады;
2. Егер сізге осындай қоңырау келсе, ең жақсы шешім әңгімені мүмкіндігінше тез аяқтау керек болады. Содан кейін жағдайды анықтау үшін ресми тіркелген нөмір бойынша банкке өзіңіз қоңырау шалуыңыз керек.
3. Әр адам өзінің қай банктерде шоттары мен карталары бар екенін біледі. Сондықтан, егер әңгімеде мүлдем басқа банк туралы айтылса, бұл алаяқтық шабуыл қаупі төніп тұрғанының белгісі.
Құрметті оқырмандар, абай болыңыздар! Салқындық танытып, ақылмен  сыни түрде ойлауға тырысыңыздар, телефон тұтқасын қоюдан қорықпаңыз және күдікті сілтемелерді баспаңыз. Барлық ақшаңыз  қашанда сақтаулы болсын деп тілейміз!

Интересное

Референдум комиссиялары республикалық референдумды өткізуге толық дайын
Новости Референдум комиссиялары республикалық референдумды… Барлық деңгейдегі референдум комиссиялары
Комиссии референдума полностью готовы к проведению республиканского референдума
Новости Комиссии референдума полностью готовы к проведению… Комиссии референдума
Любовь к профессии – полное погружение!
Новости Любовь к профессии – полное погружение! Вы когда-нибудь задумывались, что стоит за фотографиями на Доске почета? Какой путь прошли эти люди,…
«Костанайские минералы» поддержали школьную баскетбольную лигу «Aljan»
Новости «Костанайские минералы» поддержали школьную… Сегодня Житикаре начинается районный этап Республиканской школьной баскетбольной лиги Aljan.br  br Спонсором…
Районный этап школьной баскетбольной лиги «Aljan» стартует в Житикаре
Новости Районный этап школьной баскетбольной лиги… Сегодня в Житикаре стартует районный этап Республиканской школьной баскетбольной лиги Aljan.br  br Особую…

Смотрите так же

Референдум комиссиялары республикалық референдумды өткізуге толық дайын
Референдум комиссиялары республикалық референдумды өткізуге толық дайын 2026-03-13, 01:08
Комиссии референдума полностью готовы к проведению республиканского референдума
Комиссии референдума полностью готовы к проведению республиканского референдума 2026-03-13, 01:05
Любовь к профессии – полное погружение!
Любовь к профессии – полное погружение! 2026-03-12, 11:06
«Костанайские минералы» поддержали школьную баскетбольную лигу «Aljan»
«Костанайские минералы» поддержали школьную баскетбольную лигу «Aljan» 2026-03-12, 09:58
Районный этап школьной баскетбольной лиги «Aljan» стартует в Житикаре
Районный этап школьной баскетбольной лиги «Aljan» стартует в Житикаре 2026-03-12, 09:44
Казахстанцам начнут платить за деньги на счетах
Казахстанцам начнут платить за деньги на счетах 2026-03-11, 05:47

Более 10 лет наша газета радует читателей самыми свежими и интересными новостями.

Информация

  • Проблемная зона

Контакты

  • +7 7143 52-25-99
  • editor@km.kz

АО «Костанайские минералы», 2012 – . Все права защищены. Использование материалов допускается только с письменного разрешения АО «Костанайские минералы»