«ҚМ» АҚ-да «AMANAT» БПҰ-ның жаңа төрайымы таныстырылды
2024-03-27, 03:31
Айым ОСМАН
«Қостанай минералдары» АҚ «AMANAT» партиясының бастауыш партия ұйымын жаңа төрайым басқарды.
20 наурызда «AMANAT» партиясы бастауыш партия ұйымының жаңа төрайымы таныстырылды. Ол ЕҰжЕТБ уәждемесі бойынша жетекші маман, түрлі деңгейдегі жеңіл атлетика жарыстарының чемпионы Эльмира Алдамуратова болды.
«Қостанай минералдары» АҚ бастауыш партия ұйымы Жітіқара ауданындағы ең ірі ұйым. Сонымен қатар, біздің ауданның құрамында кәсіпорынның БПҰ Қостанай облысындағы жарналар бойынша үшінші орында.
Айта кетейік, «ҚМ» АҚ «AMANAT» бастауыш партия ұйымының құрамына қала құраушы кәсіпорынның 500 қызметкері кіреді.