• Главная
  • ЖМП
  • Проблемная зона
  • Страницы истории
  • Интервью
  • Наши люди
  • Инновации
  • Производство
  • Контакты

Қақпаны ашыңыздар –су келді!

2024-03-29, 11:02
Аякөз Сұлтан.

Қарлы қыс біз үшін апатты мәселенің біріне айналып отыр. Ал қыс мезгілінде өте өзекті болған қар тазалау мәселесі болса, енді сол көктемде кенеттен еріп кеткен қардың салдары мәселесіне  айналды. Жітіқара да Қостанай облысындағы көптеген қалалар мен елді мекендер сияқты бір түнде су астында қалды. 1990 жылдан бері мұндай су тасқыны болған емес!

 Мамандардың айтуынша, Қостанай облысында қар қоры шамамен 200 пайызды құраған, ал жердің қатуы да айтарлықтай болды, 40 сантиметрден метрге дейін. Сондықтан дала суының барлығы жерге сіңбей, елді мекендерге кеткен. Әрине, жағдайдың ауқымы әр жерде әртүрлі, біз Амангелді ауылы сияқты су астында қалмадық, сонда да Жітіқара ауданында да су тасқыны болуы мүмкін деген өзіндік үрей бар.

Түсінік берер болсақ, биыл аудандағы қардың биіктігі 16 см болуы қажет болса, ол 28 см құрайды, ал қардағы су қоры57 мм болуы керек болса, 77 мм ді құрайды. Мұныңнәтижесі, айдай анық, дәлірек айтқанда, сырт көзге де көрініп тұр.

Естеріңізге сала кетейік, ауданымыздағы ықтимал су басу аймағына қаланың Шортанды өзенінің оң және сол жағалауындағы ескі бөлігі, Зулхайырова көшесі және Забеловка ауылы кіреді. 20 наурыздан бастап қаланың ескі бөлігінің тұрғындарына Пионерская, Октябрьская, Трудовая, Строителей, Советская, 40 лет Октября, Чернаткина, Первомайская, Спартак көшелерінің бойындағы аула аумақтарын су басып жатқаны туралы ақпарат түсе бастады.
Уәкілетті органдардың мәліметінше, аталған тасқындарды жоюға Жітіқара қаласы әкімдігінің 15 қызметкері, 7 бірлік техника, 6 мотопомпа және бір қап құм жұмылдырылған. Сондай-ақ мамандар жүк тиегіш пен экскаватор арқылы ор қазып, суды ағызып жатыр. Сонымен қатар, азаматтық қорғау органдарының күштері де – Төтенше жағдайлар бөлімі мен №12 ӨСБ жұмылдырылған. Қажет болған жағдайда құрамында 63 адам мен 20 техника бар аудандық жедел әрекет ету жасағы қосымша тартылады.

Су тасқынын жою жұмыстары белгілі нәтиже беруде – 28 наурыздағы жағдай бойынша қаланың ескі бөлігіндегі 42 ауладан су тартылды. Қала әкімдігі хабарлағандай, су басу фактілеріне жедел бөгет қою мақсатында тәулік бойыкезекшілік ұйымдастырылып, тұрғындардың өтініштерінқабылдау үшін 23316 телефоны жұмыс істейді.ӨтініштерIkomek қызметі 109 телефон нөмірі арқылы қабылданады.
Ал енді сіздердің назарларыңызды уәкілетті органдардың мәліметі бойынша ауданымызда жүргізілген су тасқынына қарсы шараларға аударғымыз келеді.

 Жалпы ұзындығы 10 шақырымды құрайтын суару арықтары тазартылды. Алтынсарин, Комаров, 28 Панфиловцев, К.Маркс, Таран, Асамбаев, Зулқайыров, Жібек жолы, Ищанова, Жакупов Желтоқсан шағын ауданкөшелері қамтылды.
Қаланың ескі бөлігінде бұл жұмыстар 40 лет Октябрь, Пионерская, Фрунзе, Чапаева, Чернаткина, Первомайская, Молодежи, Спартак, Набережная көшелерінің бойында жүргізілді. №1 мектеп, Тарана Комсомольская көшесіне дейін, сондай-ақ көшеден суару арықтарын тазалау жұмыстары жүргізілді. Су тасқынына қарсы іс-шаралар тізімінде қыста қарды шығару да бар – ауданымыздағы мамандардың айтуынша, 25 мың текше метрден астам қар шығарылған екен. 

Сондай-ақ, су тасқынына дайындық аясында наурызайының басында суды санитарлық шығару жұмыстарыжүргізілді, бұл мұзды жарып, кептелістерді болдырмаумақсатында жасалды. Жоғарғы Шортанды су қоймасынан1,86 млн м3, Төменгі Шортанды су қоймасынан 2,00 млн м3 су төгілді. Сонымен қатар, көтеру механизмдеріндегікабельдерді ауыстыру бойынша жөндеу жұмыстарыжүргізіліп, Жоғарғы Шортандыда 2,940 млн.м3 жәнеШортандыда – 0,35 млн.м3 бос су қоймалары дайындалды. Бұл ретте Жоғарғы Шортанды су қоймасында судың шектідеңгейі 4,8 млн м3, ал Төменгі Шортанды су қоймасында – 0,7 млн м3 құрайды.

Наурыз айында сондай-ақ еріген сулардыңтрансформаторлық қосалқы станцияларды басып кетуінежол бермеу мақсатында, қала көшелерінің бойындағы 48 жер асты құбырлары резервтіктерін алып тастау, су құбыры,  құдықтар мен жылу камераларын топырақпен қоршап, қардан тазарту жұмыстары жүргізілді.

Интересное

Житикара вновь собрала любителей спорта на пробег, посвящённый памяти тренера по лёгкой атлетике Валерия Андреевича Лоцмана.
Новости Житикара вновь собрала любителей спорта на… Валерий Андреевич Лоцман — один из тех людей, кто посвятил свою жизнь развитию лёгкой атлетики в Житикаре.…
«Секрет счастья - это говорить друг с другом»
Новости «Секрет счастья - это говорить друг с другом» strongЕсть дни, которые напоминают нам о самом главном. Один из них — первое воскресенье сентября, когда…
Подросток из Костаная взломал LED экран
Новости Подросток из Костаная взломал LED экран "ради… В Костанае 14-летний школьник взломал уличный LED-экран одной из организаций, чтобы… показать на нём…
В Казахстане меняются правила оплаты коммунальных услуг
Новости В Казахстане меняются правила оплаты коммунальных… Министр промышленности и строительства Ерсайын Нагаспаев подписал приказ, который полностью меняет порядок…
Когда в Житикаре появится новое жильё? Об этом и не только говорили на сессии маслихата
Новости Когда в Житикаре появится новое жильё? Об… Будет ли в Житикаре строиться жилье, почему плохо приживаются саженцы, хорошо ли работают трудовые отряды…

Смотрите так же

Житикара вновь собрала любителей спорта на пробег, посвящённый памяти тренера по лёгкой атлетике Валерия Андреевича Лоцмана.
Житикара вновь собрала любителей спорта на пробег, посвящённый памяти тренера по лёгкой атлетике Валерия Андреевича Лоцмана. 2025-09-13, 08:03
«Секрет счастья - это говорить друг с другом»
«Секрет счастья - это говорить друг с другом» 2025-09-13, 08:03
Подросток из Костаная взломал LED экран
Подросток из Костаная взломал LED экран "ради шутки" — за шалость ответят родители 2025-09-12, 02:23
В Казахстане меняются правила оплаты коммунальных услуг
В Казахстане меняются правила оплаты коммунальных услуг 2025-09-12, 02:19
Когда в Житикаре появится новое жильё? Об этом и не только говорили на сессии маслихата
Когда в Житикаре появится новое жильё? Об этом и не только говорили на сессии маслихата 2025-09-12, 01:52
По следам древних курганов: как жители Житикары открывали для себя историю родного края
По следам древних курганов: как жители Житикары открывали для себя историю родного края 2025-09-10, 10:26

Более 10 лет наша газета радует читателей самыми свежими и интересными новостями.

Информация

  • Проблемная зона

Контакты

  • +7 7143 52-25-99
  • editor@km.kz

АО «Костанайские минералы», 2012 – . Все права защищены. Использование материалов допускается только с письменного разрешения АО «Костанайские минералы»