• Главная
  • Наши люди
  • ЖМП
  • Проблемная зона
  • Страницы истории
  • Интервью
  • Видео
  • Инновации
  • Производство
  • Контакты

Жүкті әйелдерге алғашқы медициналық көмек жаңа тәсілдер бойынша көрсетілетін болады

2024-04-28, 11:47
Денсаулық сақтау министрлігі акушерлікте шұғыл медициналық көмек көрсетудің жаңа тәсілдерін енгізіп жатыр. Бұл туралы ақпаратты ДСМ 2024 жылдың 27 сәуірінде таратты, деп хабарлайды «Хризотил КМ» Zakon.kz сілтеме жасап.
Жүкті әйелдерге, босанатын әйелдерге және босанған әйелдерге медициналық көмектің сапасын жақсарту үшін ҚР Денсаулық сақтау министрлігі ғылыми республикалық орталықтар мен жоғары оқу орындарының профессорлық-оқытушылық құрамымен бірлесіп акушерлік қан кетулерді диагностикалау мен емдеудің клиникалық хаттамасын өзектендірді, делінген құзырлы ведомство хабарламасында.
Халықаралық тәжірибе зерделеніп, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДҰ) соңғы ұсынымдарын ескере отырып, тиісті өзгерістер енгізілді.
Жаңартылған хаттаманың шеңберінде босанғаннан кейінгі қан кету кезінде әйелдердің жағдайын тұрақтандыруға бағытталған медициналық алғашқы көмек көрсетудің жаңа тәсілі енгізілді. Бұл шокқа қарсы пневматикалық емес киімдерді қолдану.
Мәселен, «Ayala» қайырымдылық қорымен бірлесе отырып, пневматикалық емес шокқа қарсы киімнің алғашқы 9 костюмі Астана қаласының босандыру ұйымдарына берілді.Барлығы «Ayala» ҚҚ 240 медициналық босандыру мекемесі мен еліміздің барлық өңірлеріндегі 90 жедел медициналық жәрдем бригадасына 350 бірлік киім берілетін болады.
Шокқа қарсы киім репродуктивтік денсаулық, аналар, жаңа туған нәрестелер мен балалар денсаулығы саласындағы негізгі араласулар үшін ДДҰ, ЮНИСЕФ және БҰҰ-ның халық саласындағы қорының (ЮНФПА) ведомствоаралық медициналық бұйымдар тізіміне енгізілген. Бұл киім жатырға қан ағымын азайтады, гиповолемиялық шокты емдейді және 48 сағатқа дейін қан кетуі бар әйелдің өмірін сақтай алады.
Озық ғылыми зерттеулерден алынған бұл инновациялық технология асқынулардың алдын алуға көмектеседі және бүкіл әлемдегі көптеген пациенттің өмірін сақтап қалады.

Интересное

Референдум комиссиялары республикалық референдумды өткізуге толық дайын
Новости Референдум комиссиялары республикалық референдумды… Барлық деңгейдегі референдум комиссиялары
Комиссии референдума полностью готовы к проведению республиканского референдума
Новости Комиссии референдума полностью готовы к проведению… Комиссии референдума
Любовь к профессии – полное погружение!
Новости Любовь к профессии – полное погружение! Вы когда-нибудь задумывались, что стоит за фотографиями на Доске почета? Какой путь прошли эти люди,…
«Костанайские минералы» поддержали школьную баскетбольную лигу «Aljan»
Новости «Костанайские минералы» поддержали школьную… Сегодня Житикаре начинается районный этап Республиканской школьной баскетбольной лиги Aljan.br  br Спонсором…
Районный этап школьной баскетбольной лиги «Aljan» стартует в Житикаре
Новости Районный этап школьной баскетбольной лиги… Сегодня в Житикаре стартует районный этап Республиканской школьной баскетбольной лиги Aljan.br  br Особую…

Смотрите так же

Референдум комиссиялары республикалық референдумды өткізуге толық дайын
Референдум комиссиялары республикалық референдумды өткізуге толық дайын 2026-03-13, 01:08
Комиссии референдума полностью готовы к проведению республиканского референдума
Комиссии референдума полностью готовы к проведению республиканского референдума 2026-03-13, 01:05
Любовь к профессии – полное погружение!
Любовь к профессии – полное погружение! 2026-03-12, 11:06
«Костанайские минералы» поддержали школьную баскетбольную лигу «Aljan»
«Костанайские минералы» поддержали школьную баскетбольную лигу «Aljan» 2026-03-12, 09:58
Районный этап школьной баскетбольной лиги «Aljan» стартует в Житикаре
Районный этап школьной баскетбольной лиги «Aljan» стартует в Житикаре 2026-03-12, 09:44
Казахстанцам начнут платить за деньги на счетах
Казахстанцам начнут платить за деньги на счетах 2026-03-11, 05:47

Более 10 лет наша газета радует читателей самыми свежими и интересными новостями.

Информация

  • Проблемная зона

Контакты

  • +7 7143 52-25-99
  • editor@km.kz

АО «Костанайские минералы», 2012 – . Все права защищены. Использование материалов допускается только с письменного разрешения АО «Костанайские минералы»