• Главная
  • Наши люди
  • ЖМП
  • Проблемная зона
  • Страницы истории
  • Интервью
  • Видео
  • Инновации
  • Производство
  • Контакты

«Тіл білу – парызым!» аймақтық семинар өтті.

2024-06-13, 09:40
2024 жылдың  12-13 маусым аралығында «Жітіқара ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» ММ «Тілдерді оқыту орталығы» КММ ұйымдастыруы Саналы ұрпақ бірлестігінің қолдауымен, Жітіқара қаласының 85 жылдық мерейтойына арналған «Мемлекеттік тілді заман талабына сай оқыту: әдіс, тәжірибе алмасу» «Тіл білу -парызым!» аймақтық семинар- тренингі өтті.
 
Аталмыш іс – шараға Жітіқара ауданы әкімінің орынбасары Ф.Г.Балашов, Жітіқара ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Ж.Альмухамедова, Мемлекеттік шығармашылық тапсырысты іске асыру және тілдерді дамыту бөлім басшысы Бимаганбетов К.А, Қостанай облыстық «Тілдарын» тілдерді оқыту орталығының басшысы Т.Ә.Айтмагамбетова және Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Қостанай өңірлік университеті  филология ғылымдарының кандидаты Жүрсіналина Гүлжанат Құрмашқызы, ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару Академиясының Қостанай облысы бойынша филиалының тренері  Талапова Гүлнар Маратқызы. Сонымен қатар Қостанай облысы бойынша тілдерді оқыту орталықтарының директорлары мен әдіскерлері, жітіқара ауданының қазақ тілі мұғалімдері және политехникалық колледж студенттері, тіл жанашырлары қатысты жалпы семинарға 60-тан астам адам қатысты.
 
Семинардың шымылдығын Жітіқара ауданы әкімінің орынбасары Ф.Г.Балашов ашып берді. Тілдерді оқыту орталығының директоры Т.Ж.Медетбаева орталықтың 1 жарты жылдықта атқарылған жұмыс қорытындысы бойынша баяндама оқыды. Сонымен қатар орталық әдіскері А.Мнайдарова және оқытушылары М.Уразалыева мен К.Коянбаева  әріптестеріне  тіл үйретудегі өз әдіс тәсілдерімен бөлісті.
 
Облысы орталығынан шақыртылған спикерлер Қостанай өңірлік университеті  филология ғылымдарының кандидаты Жүрсіналина Гүлжанат Құрмашқызы, ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару Академиясының Қостанай облысы бойынша филиалының тренері  Талапова Гүлнар Маратқызы сөз алды. Семинар соңында барлық қатысушыларға сертификаттар табысталды.
 
Мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеру, оның айбынын асырып, беделін арттырып, мерейін асқақтату мәселесін тек оқыту, білім берумен шектелмейтіні белгілі. Ұлттың өзін — өзі сақтауымен болмысын биіктеу — өзінің тіліне деген ықыласына, сүйіспеншілігіне тікелей байланысты болмақ. Өйткені тіл – ұлттың сақтаушысы, өзгеге де өзіне де ұлтты танытушы. Халықтың тарихта қалуы тіліне байланысты. Адамды мұратқа жеткізетін ана тілі мен ата дәстүрі. Еліміз Қазақстан егеменді ел атанып, ана тілімізге мемлекеттік мәртебе берілді. «Тіл туралы» заң қабылданды.«Анамыздың ақ сүтімен дарыған тілімізді ұмыту — бүкіл ата — бабамыздың тарихын ұмыту» деген Б. Момышұлы. Ана тілін құрметтеп, сүйе білейік.
 
Бүгінгі таңда тәрбиелеп жатқан бүлдіршіндерімізді ана тіліне жетік, білімді, мәдениетті, өз тілін сүйетін ұрпақ етіп тәрбиелейік.
 Т.Медетбаева

Интересное

Референдум комиссиялары республикалық референдумды өткізуге толық дайын
Новости Референдум комиссиялары республикалық референдумды… Барлық деңгейдегі референдум комиссиялары
Комиссии референдума полностью готовы к проведению республиканского референдума
Новости Комиссии референдума полностью готовы к проведению… Комиссии референдума
Любовь к профессии – полное погружение!
Новости Любовь к профессии – полное погружение! Вы когда-нибудь задумывались, что стоит за фотографиями на Доске почета? Какой путь прошли эти люди,…
«Костанайские минералы» поддержали школьную баскетбольную лигу «Aljan»
Новости «Костанайские минералы» поддержали школьную… Сегодня Житикаре начинается районный этап Республиканской школьной баскетбольной лиги Aljan.br  br Спонсором…
Районный этап школьной баскетбольной лиги «Aljan» стартует в Житикаре
Новости Районный этап школьной баскетбольной лиги… Сегодня в Житикаре стартует районный этап Республиканской школьной баскетбольной лиги Aljan.br  br Особую…

Смотрите так же

Референдум комиссиялары республикалық референдумды өткізуге толық дайын
Референдум комиссиялары республикалық референдумды өткізуге толық дайын 2026-03-13, 01:08
Комиссии референдума полностью готовы к проведению республиканского референдума
Комиссии референдума полностью готовы к проведению республиканского референдума 2026-03-13, 01:05
Любовь к профессии – полное погружение!
Любовь к профессии – полное погружение! 2026-03-12, 11:06
«Костанайские минералы» поддержали школьную баскетбольную лигу «Aljan»
«Костанайские минералы» поддержали школьную баскетбольную лигу «Aljan» 2026-03-12, 09:58
Районный этап школьной баскетбольной лиги «Aljan» стартует в Житикаре
Районный этап школьной баскетбольной лиги «Aljan» стартует в Житикаре 2026-03-12, 09:44
Казахстанцам начнут платить за деньги на счетах
Казахстанцам начнут платить за деньги на счетах 2026-03-11, 05:47

Более 10 лет наша газета радует читателей самыми свежими и интересными новостями.

Информация

  • Проблемная зона

Контакты

  • +7 7143 52-25-99
  • editor@km.kz

АО «Костанайские минералы», 2012 – . Все права защищены. Использование материалов допускается только с письменного разрешения АО «Костанайские минералы»