Оқу жылы қамқорлықтан бастау алды
2024-08-29, 09:52
Білім күні қарсаңында "Қостанай минералдары«АҚ» әлеуметтік саясатының ажырамас бөлігіне айналған жыл сайынғы «Мектепке жол» акциясын өткізді.Бұл бастама қызметкерлерге балаларын жаңа оқу жылына дайындауға қолдау көрсетуге бағытталды.
Бағдарламаны жүзеге асыруға биыл 6 миллионнан астам теңге бөлінді.Бұл дегеніміз былтырғы жылға қарағанда 2 миллионға көп деген сөз. Алдыңғы жылы 236 балаға көмек берілсе, биыл 329 бала қажетті көмекке ие болып отыр.
Дәл осы материалдық көмек қызметкерлердің тұрмыстық жағдайына қарай бөлінді.Осы ретте табысы есепке алынбай мүгедек бала бағып отырған қызметкерлер және бірінші сынып оқушыларының ата-аналарына көмек көрсетілді.