• Главная
  • Наши люди
  • ЖМП
  • Проблемная зона
  • Страницы истории
  • Интервью
  • Инновации
  • Производство
  • Контакты

«Ashyk» жобасы туралы

2021-05-13, 03:22
Маргарита БИРТАЕВА
Перевод Айым ОСМАН
Сәуір айында Қостанай облысы Жітіқара ауданы «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының филиалын жаңа адам басқарды. Оның директоры болып Аймұрат Базарбайұлы Тентеков тағайындалды. Біздің ауданымыздың тумасы. Бұрын Ұзынкөл ауданының прокуроры лауазымында қызмет еткен.
Өткен аптада біз онымен өткізген сұхбат жітіқаралықтар үшін қызықты болады деп ойлаймыз.
— Аймұрат Базарбайұлы, Сіз жақында жаңа міндеттерге кіріскеніңізге қарамастан, бүгінгі таңда жергілікті кәсіпкерлер қандай мәселелер мен проблемалармен жүгінетінін айта аласыз ба?
— Мен осы лауазымда салыстырмалы түрде жақында ғана жұмыс істей бастадым және қазіргі уақытта Жітіқара кәсіпкерлерінің бизнес жүргізу мәселелерінде елеулі проблемалары жоқ деп ойлаймын. Айта кету керек, бүгінде ол мүлдем басқа деңгейге көтерілді. Мемлекет кәсіпкерлік саласын жақсы қолдайды. Мысалы, кәсіпкерлерге 5 млн.теңгеге дейінгі жеңілдікті пайыздар бойынша кепілсіз несиелер беріледі.
Бүгінде палатаға негізінен өз бизнесін бастауды жоспарлап отырғандар жүгінеді. Тұрғындар бизнесті жүргізу, бизнес-жоспарлар құру, салық ұйымдарымен өзара іс-қимыл мәселелері бойынша үш апталық тегін онлайн-оқытудан өте алады.
— Қазіргі уақытта мұндай оқудан қанша адам өтіп жатыр?
— 24 жітіқаралық, олар ауданның жұмыспен қамту орталығында жұмыссыздар, өзін-өзі жұмыспен қамтығандар және жеке кәсіпкерлер ретінде есепте тұрғандар – бұл кәсіпкерлік палатасы жанындағы оқудан өту үшін міндетті шарт болып табылады.
Оқудан кейін, әдетте, бизнес-жоспар жасалады. Ал оны қорғау 200 АЕК көлемінде грант алу конкурсына өтеусіз негізде қатысуға құқық береді. Жоба жұмыспен қамту орталығына жіберілген өтінім бойынша қорғалады.
— Бүгінде коронавирустық инфекцияның таралуының алдын алу мақсатында қандай да бір объектілерде енгізілетін «Ashyk» жаңа жобасы белсенді түрде талқыланып жатыр. Белгілі болғандай, мүдделі мемлекеттік органдар да, кәсіпкерлік субъектілері де оның қатысушысы бола алады. Біздің облыстың бас санитарлық дәрігерінің қаулысында аталған жобаға қатысуға фитнес клубтар, спа-орталықтар, сауналар, бассейндер, компьютерлік клубтар, кинотеатрлар, қоғамдық тамақтану объектілері, концерт залдары, театрлар, караоке және т. б. рұқсат етілгені айтылған. Бұл жобаның артықшылығы неде екенін түсіндіріңізші? Оған қатысу біздің кәсіпкерлерге не береді?
— Бұл жоба біздің кәсіпкерлерге объектілеріндегі коронавирустық инфекциямен байланысты жағдайды реттеуге мүмкіндік береді және ол эпидемиологиялық жағдай бойынша деректерді бақылау және талдау үшін енгізілуде.
Осылайша, «Ashyk» жобасы-мобильді қосымша. Жобаның қатысушысы болу үшін кәсіпкер InfoKazakhstan.kz сайтқа өтінім беруі қажет. Оны растағаннан кейін QR-код беріледі, оны кәсіпкер басып шығарады және өз үй-жайында іліп қояды. Оның келушілері сканерлеп, деректерді кіреберісте көрсетуі керек. Егер келушінің мәртебесін өз бетінше тексеруге мүмкіндігі болмаса, онда бұл рәсімді ресепшн әкімші / қызметкері «күзетші» режимінің көмегімен — келушінің келісімімен ЖСН нөмірін базаға механикалық енгізу арқылы жүзеге асыра алады.
Қосымша қызыл, сары, жасыл және көк мәртебелерге бөлінетін тәуекел дәрежесін көрсетеді.
Егер адам байланыста болса немесе жұқтырған болса, ол 14 күн бойы үй карантинінде болуы керек. 14 күннен кейін оған автоматты түрде «көк» мәртебе беріледі, егер үй карантині аяқталғаннан кейін теріс ПТР тестін алса, оған «жасыл» мәртебе беріледі.
«Қызыл» мәртебе ПТР-тестінің оң күнінен бастап 14 күн өткен соң алынады. Теріс нәтиже алғаннан кейін ол 3 күнге созылатын «жасыл» мәртебеге ауыстырылады. Егер қайталама тест тапсырылмаса, онда мәртебе «көк» болады.
«Сары» мәртебесі бар (байланыста болған) адамдар COVID-19-ға оң нәтижесі бар адаммен байланыста болған күннен бастап 14 күнтізбелік күн өткен соң «көк» мәртебесіне ауыстырылады.
Жасыл мәртебе қозғалыста ешқандай шектеулер жоқ екенін білдіреді және бұл пайдаланушы деректер қорында COVID-19 теріс нәтижесі бар ПТР-тестілеуден өткен адам ретінде көрсетілген.
Бұл мәртебелерді көрсету бизнеске өз қызметін жалғастыруға және өзіне және келушілерге қауіп төндірмеуге мүмкіндік береді. Кәсіпкерлер мұны түсінеді деп ойлаймын. Олар жағдайдың нашарлауы мекемелердің кестесі мен жұмыс режиміне олардың пайдасына әсер етпейтініне көз жеткізуі керек еді.
Түсініп отырсыз ба, «Ashyk» жобасына қатысқан кәсіпкерлер «қызыл» аймақта «сары» аймақтың талаптары бойынша, сәйкесінше «сары» аймақта «жасыл» аймақтың талаптары бойынша жұмыс істей алады.
— Кәсіпкерлер үшін жобаға қатысу ерікті ме?
— Әрине. 
— Біздің қаламызда осы қосымшаны пайдаланатындар бар ма?
— Иә. Қазірдің өзінде 16 кәсіпкерлік субъектілері «Ashyk» жобасының қатысушылары болып атанды. Мысалы, «Альпинарий» мейрамханасы, «Kvadro» клубы, «Best» компьютерлік клубы.
Бүгін біз кәсіпкерлермен түсіндіру жұмыстарын жүргізіп жатырмыз. Біздің орган тек кеңес бере алады және бағыттай алады, бірақ басқара алмайды және мәжбүрлей алмайды.
— Халықтың бір бөлігі бұл жаңашылдықты екі- ұштылықпен  қабылдайды деп ойламайсыз ба? Шынында да, көпшілік арасында біз барған сайын бақыланатын боламыз деген пікір бар.
-Мен олай деп айтпас едім. Бұл жоба тек эпидемиологиялық жағдайды және бизнестің бұрынғы режимде жұмыс істеу мүмкіндігін жақсарту үшін  бағытталған.
— Аймұрат Базарбайұлы, сұхбатыңызға рақмет. Жаңа жұмыс орнында сәттілік тілейміз!
— Рақмет.

Интересное

В районе обсудили меры занятости населения
Новости В районе обсудили меры занятости населения Сколько житикаринцев нашли работу и какие проекты помогли им открыть своё дело — эти вопросы 3 ноября…
Кадровые назначения в отделе полиции
Новости Кадровые назначения в отделе полиции В отделе полиции города Житикара и Житикаринского района произошли кадровые изменения.br С 23 октября,…
Признание в любви родному краю
Новости Признание в любви родному краю  В районном Дворце культуры состоялся тёплый и атмосферный литературно-музыкальный вечер Шырағың сөнбесін,…
Житикаре прошла республиканская акция «Народный юрист»
Новости Житикаре прошла республиканская акция «Народный… strongВ этом году бесплатную юридическую помощь получили 67 жителей. Всем участникам были даны ответы…
ГТК чемпион
Новости ГТК чемпион strongТау-кен көлік кешені Қостанай минералдары АҚ Спартакиадасында көшбасшылық орнын сақтап келеді./strong…

Смотрите так же

В районе обсудили меры занятости населения
В районе обсудили меры занятости населения 2025-11-04, 10:56
Кадровые назначения в отделе полиции
Кадровые назначения в отделе полиции 2025-11-04, 10:53
Признание в любви родному краю
Признание в любви родному краю 2025-11-04, 09:17
Житикаре прошла республиканская акция «Народный юрист»
Житикаре прошла республиканская акция «Народный юрист» 2025-11-03, 10:51
ГТК чемпион
ГТК чемпион 2025-11-03, 10:46
На шахматном поле все стабильно
На шахматном поле все стабильно 2025-11-03, 10:44

Более 10 лет наша газета радует читателей самыми свежими и интересными новостями.

Информация

  • Проблемная зона

Контакты

  • +7 7143 52-25-99
  • editor@km.kz

АО «Костанайские минералы», 2012 – . Все права защищены. Использование материалов допускается только с письменного разрешения АО «Костанайские минералы»