• Главная
  • Наши люди
  • ЖМП
  • Проблемная зона
  • Страницы истории
  • Интервью
  • Видео
  • Инновации
  • Производство
  • Контакты

Ысырапшылдықтың алдын алуға арналған конференция

2024-11-27, 11:13
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төраға орынбасары, наиб мүфти, шариғат және пәтуа бөлімінің меңгерушісі, ғұламалар кеңесінің мүшесі Сансызбай қажы Құрбанұлы Қостанай облысына арнайы сапармен келіп, дін қайраткерлері, зиялы қауым өкілдері, жалпы жұртшылықпен өткізілген конференцияға қатысты.
Бұл аталмыш жиын Қостанай облыстық «Аймағанбет қажы Спанұлы» мешітінде діни рәсімдерде ысырапшылдыққа жол бермеу және оның алдын-алу мәселесі бойынша ұйымдастырылды.
Бүгін жиында арқау болған тақырыптардың бәрі де өзекті. Ысырапшылдыққа жол бермеу баршамызға да аса маңызды. Конференцияға есімдері елімізге белгілі дін және қоғам қайраткерлері, ғалымдар мен ақын жазушылар қатысты. Қатысушылардың баяндамалары мен пікірлерін  қорытындылай келе төмендегі шешім қабылданды.
ҚАБЫЛДАНҒАН ШЕШІМ:
  1. Қостанай облысы көлемінде қонақ асын беруді тоқтату(жаназадан бір күн бұрын берілетін ас);
  2. Бекітілген ас мәзірін бірізділікке салу (бауырсақ немесе нан, қант, кәмпит-печенье, су, шәй, ыстық тамақ)
  3. Діни рәсімдердегі ас-жиындардасөз сөйлеуді 3 адаммен ғана шектеу;
  4. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының «Qamqor-sharapat» орталығының бекіткен нормалары бойынша зират көтеру (Қайтыс болған кісінің құлпытасына фото-сурет, Құран аяты, өлең шумақтары жазылып, салынуына тыйым салынсын)
  5. Марқұмға арналған жылдық астарда көрсетілетін бейне – роликтердің мазмұнына назар аудару (қойылатын әуенге (музыка) назар аудару, алкогольді ішімдігі бар бейне және фото көріністерінің, әуреті ашық киімдердің болмауы)
 
«Дін мен дәстүр: ысырапшылдықтың алдын алу» атты конференциясында қабылданған ас мәзірі:
  1. Нан немесе бауырсақ
  2. Су (газды, газсыз)
  3. Кәмпит
  4. Печенье
  5. Қант
  6. Шәй
  7. Ет немесе күріштен ас
 
Негізгі мақсат – сол қаралы үйге, артында қалған отбасына материалдық салмақ түсірмеу және ысырапшылдыққа жол бермеу
 
«Qamqor-sharapat» орталығының бекіткен зират көтеру үлгісі:
 
Зират биіктігі – 60 см
Құлпытас биіктігі – 1 м

Интересное

Назван самый вредный для здоровья город Казахстана по итогам декабря 2025 года
Новости Назван самый вредный для здоровья город Казахстана… По данным мониторинга Казгидромета,
В Казахстане сформирована Конституционная комиссия: полный состав и задачи нового органа
Новости В Казахстане сформирована Конституционная… Токаев подписал указ о создании Комиссии по Конституционной реформе (Конституционной комиссии), целью…
Трудовой спор  можно решить без суда
Новости Трудовой спор можно решить без суда Мало кто знает, что в ситуации, когда между работником и работодателем возникает трудовой спор, по мимо…
Еңбек дауын  сотсыз шешуге болады
Новости Еңбек дауын сотсыз шешуге болады Қызметкер мен жұмыс беруші арасындағы еңбек дауы туындаса, мәселені шешудің жалғыз жолы сотқа жүгіну…
От ученика токаря до  начальника завода
Новости От ученика токаря до начальника завода Человеческий след бывает разным. Один быстро стирается, другой сохраняется в воспоминаниях друзей и родных.…

Смотрите так же

Назван самый вредный для здоровья город Казахстана по итогам декабря 2025 года
Назван самый вредный для здоровья город Казахстана по итогам декабря 2025 года 2026-01-22, 02:53
В Казахстане сформирована Конституционная комиссия: полный состав и задачи нового органа
В Казахстане сформирована Конституционная комиссия: полный состав и задачи нового органа 2026-01-22, 02:39
Трудовой спор  можно решить без суда
Трудовой спор можно решить без суда 2026-01-22, 11:18
Еңбек дауын  сотсыз шешуге болады
Еңбек дауын сотсыз шешуге болады 2026-01-22, 11:18
От ученика токаря до  начальника завода
От ученика токаря до начальника завода 2026-01-22, 11:17
Өндірістегі сенімді  қадамдар
Өндірістегі сенімді қадамдар 2026-01-22, 11:16

Более 10 лет наша газета радует читателей самыми свежими и интересными новостями.

Информация

  • Проблемная зона

Контакты

  • +7 7143 52-25-99
  • editor@km.kz

АО «Костанайские минералы», 2012 – . Все права защищены. Использование материалов допускается только с письменного разрешения АО «Костанайские минералы»