• Главная
  • Наши люди
  • ЖМП
  • Проблемная зона
  • Страницы истории
  • Интервью
  • Видео
  • Инновации
  • Производство
  • Контакты

Ерекше қуанышты күн

2024-12-30, 11:42
Аякөз СҰЛТАН


35 отбасы бұрын жартылай иесіз жатақхана болған 17 «а» 5 «В» шағынауданындағы жаңа пәтердің кілтін алды. «МинералСтройСервис» ЖШС өз қаражатына жүргізген ауқымды жөндеуден кейін ғимарат заманауи тұрғын үйге айналды.
 
Естеріңізге сала кетейік, мұнда кешенді қайта құру жұмыстары жүргізілді: үй-жайлардың схемасы өзгертілді, коммуникациялар толығымен жаңартылды, әр пәтерге жаңа сантехникалық элементтер мен электр плиталары орнатылды.
 
Үйдің жалпы ауданы 2154,2 шаршы  метр, оның ішінде тұрғын ауданы 1221,9 шаршы метр. «Жітіқара ауданы әкімдігінің жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік мекемесі сатып алды. Бұл мақсаттарға облыстық бюджеттен 609,583 миллион теңге бөлінді.
 
Жаңа үй иелерінің арасында үш бөлмелі пәтерге  10 отбасы, екі бөлмелі пәтерге  25 отбасы ие болды. Тұрғындардың әлеуметтік жағдайларына ерекше назар аударылды: жетім балалар, көп балалы отбасылар, 1 және 2 топтағы мүгедектер, ерекше қажеттіліктері бар балалардың ата-аналары, қарт зейнеткерлер және толық емес отбасылар баспаналы болды. Бұл пәтерлер оларға кейіннен сатып алу арқылы жалға берілді.
 
Жаңа пәтерлердің кілттерін табыстау салтанатты түрде болып өтті. Іс шараға «МинералСтройСервис» ЖШС ұйымы болып табылатын «Қостанай минералдары» АҚ техникалық директоры Айбол Смагулов қатысты.
 
Тұрғындарды құттықтай отырып: «Бұл жобаны қаржыландыру туралы ұсынысты біз үлкен қуанышпен қабылдап, әр апта сайын нысанды аралап отырдық. Бұл Жітіқараның көркеюіне, тұрғындарының әл-ауқатының артуына қосқан үлес болып, лайықты баспана болатынына сенімдімін»-деді.
 
Көптен бері кезегін күтіп, ерекше күтімді қажет ететін бала тәрбиелеп отырған аналардың біріне әкімнен арнайы  – жиналған қаражатқа сатып алынған теледидар сыйланды.
 
Жатақхананың заманауи баспанаға айналуы жергілікті атқарушы органдар мен бизнес өкілдерінің үйлесімді жұмысының жемісі болды. Бұл осы бағыттағы бұдан да белсенді жұмыстың болашағын ашады.

Интересное

Любовь к профессии – полное погружение!
Новости Любовь к профессии – полное погружение! Вы когда-нибудь задумывались, что стоит за фотографиями на Доске почета? Какой путь прошли эти люди,…
«Костанайские минералы» поддержали школьную баскетбольную лигу «Aljan»
Новости «Костанайские минералы» поддержали школьную… Сегодня Житикаре начинается районный этап Республиканской школьной баскетбольной лиги Aljan.br  br Спонсором…
Районный этап школьной баскетбольной лиги «Aljan» стартует в Житикаре
Новости Районный этап школьной баскетбольной лиги… Сегодня в Житикаре стартует районный этап Республиканской школьной баскетбольной лиги Aljan.br  br Особую…
Казахстанцам начнут платить за деньги на счетах
Новости Казахстанцам начнут платить за деньги на… С 19 марта казахстанцам начнут начислять
В Житикаринском районе разъясняют проект новой Конституции РК
Новости В Житикаринском районе разъясняют проект… В Житикаринском районе продолжается работа по разъяснению проекта новой Конституции Республики Казахстан.br Очередная…

Смотрите так же

Любовь к профессии – полное погружение!
Любовь к профессии – полное погружение! 2026-03-12, 11:06
«Костанайские минералы» поддержали школьную баскетбольную лигу «Aljan»
«Костанайские минералы» поддержали школьную баскетбольную лигу «Aljan» 2026-03-12, 09:58
Районный этап школьной баскетбольной лиги «Aljan» стартует в Житикаре
Районный этап школьной баскетбольной лиги «Aljan» стартует в Житикаре 2026-03-12, 09:44
Казахстанцам начнут платить за деньги на счетах
Казахстанцам начнут платить за деньги на счетах 2026-03-11, 05:47
В Житикаринском районе разъясняют проект новой Конституции РК
В Житикаринском районе разъясняют проект новой Конституции РК 2026-03-10, 07:43
В Житикаринском районе продолжается работа по разъяснению проекта новой Конституции Республики Казахстан.
В Житикаринском районе продолжается работа по разъяснению проекта новой Конституции Республики Казахстан. 2026-03-06, 03:34

Более 10 лет наша газета радует читателей самыми свежими и интересными новостями.

Информация

  • Проблемная зона

Контакты

  • +7 7143 52-25-99
  • editor@km.kz

АО «Костанайские минералы», 2012 – . Все права защищены. Использование материалов допускается только с письменного разрешения АО «Костанайские минералы»