"Тіл шебері - 2025" байқауы
2025-04-28, 11:54
Кеше 2025 жыл 24 сәуірде «Тілдерді оқыту орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен үш тілді меңгергендер арасында «Тіл шебері-2025» атты байқауы болып өтті.
Байқау төрт кезеңнен тұрды. Бірінші кезеңде қатысушылар өздерін қазақ, ағылшын тілдерінде таныстырды. Екінші кезеңде өз мамандықтары жайлы айтты. Үшінші кезеңде «Ұлы Жеңіске 80-жыл» толуына байланысты орыс тілінде ақындардың өлеңдерін жатқа нақышына келтіріп оқыды. Соңғы кезеңде олар ұяшық таңдау арқылы ағылшын тілінде берілген мәтінді оқып-аударма жасады. Байқау өте қызықты әрі ерекше болды. Барлығы да бір-бірінен өткен ынталы, зейінді екендерін дәлелдеуге тырысып бақты. Жарыстың аты жарыс болған соң, әрине онда жеңілгендер де жеңіске жеткендер де болады. Қатысушылар арасынан үш тілде де жақсы сөйлеп алда болған, «Қостанай Минералдары» АҚ-ның станция кезекшісі Качан Эльвира Юрьевна жүлделі бірінші орынға ие болды. Екінші орынды Данильченко Карина Сергеевна алса, үшінші орынды «Жітіқара ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» ММ-нің бас маманы Жумагулова Салтанат Балатбековна алды. Қалған қатысушылар Николаева Юлия Николаевна, Ушакова Валерия Валерьевна алғыс хаттармен марапатталды. Барлық байқау қатысушыларына ақшалай сыйлықтар мен алғыс хаттар табысталды.
«Қостанай Минералдары» АҚ-ның жұмысшыларының өте талантты әрі білімді екенін, әріптесіміз Эльвира Юрьевна тағы бір рет дәлелдеді. Барлық байқау қатысушыларын жеңістерімен құттықтай отырып, жұмыстарына табыс тілейміз! Жеңісің құтты болсын әріптес!