• Главная
  • Наши люди
  • ЖМП
  • Проблемная зона
  • Страницы истории
  • Интервью
  • Видео
  • Инновации
  • Производство
  • Контакты

Бизнес бастау үшін 1,5 миллион теңгені қалай алуға болады?

2025-05-16, 10:22
Мамырдың 21-і мен 30-ы аралығында Business.enbek.kz порталы кәсіби-ойларды жүзеге асыру үшін 400 АЕК (1 572 800 теңге) көлеміндегі гранттарға өтінімдерді қабылдаудың басталғанын хабарлайды. Жітіқара аудандық «Мансап орталығы» филиалының меңгерушісі Гульнар Келеманова бізге грантты қалай алуға болатынын, қаражатты не үшін жұмсауға болатынын, кәсіпкерлік жолды неден бастау керектігін айтты.
 
– Гульнар Бахтжановна, айтыңызшы, кімдерге грант алуына болады?
– Бағдарлама халықтың әлеуметтік осал топтарына арналған. Келесі тұлғалар өтініш бере алады: көп балалы отбасылар, мүгедектер, аз қамтылған азаматтар, мүгедек бала күтімі бойынша жәрдемақы алушылар, көшіп-қонушылар, асыраушысынан айырылу бойынша жәрдемақы алушылар, сондай-ақ қандас мәртебесі бар тұлғалар. Сондай-ақ жұмысқа орналасу талаптары бар: қатысушы тіркелген жұмыссыз немесе 3 жылға дейін жұмыс өтілі бар жеке кәсіпкер болуы қажет.
 
– Өтініш берушілерге санатқа жататынынан бөлек қандай талаптар қойылады?
– Міндетті түрде – «Бастау Бизнес» курсын бітіргені туралы сертификаты болуы керек. Бұл кәсіпкерлік негіздеріне қысқа мерзімді оқыту, сол кәсіпке деген оң көзқараста болуына көмектеседі – кәсіби-жоспар құрудан бастап есептеулер мен жылжытуға дейін. Сонымен қатар, өтініш беруші өтініш берген кезде басқа белсенді жұмыспен қамту шараларына тартылмауы керек (Оңтүстіктен Солтүстікке қоныстандыру бағдарламасынан басқа).
 
– Грант қандай мақсатқа жұмсалады,  шектеулер бар ма?
– Гранттар тек кәсіпті дамытуға беріледі. Бұл қаражатқа құрал-жабдықтарды, құрал-саймандарды, ауыл шаруашылығы жануарларын, құстарды, дәнді-дақылдарды, көшеттерді сатып алуға, үй-жайларды жалға алуға болады. Ақшаны жеке қажеттіліктерге — несие төлеуге, жылжымайтын мүлік сатып алу, үй немесе көлік алуға жұмсауға болмайды.
 
– Грант алу үшін дайын кәсіп болуы қажет пе, әлде кәсіби-ойлары жеткілікті ме?
– Дайын кәсіптің болуы міндетті емес. Ең бастысы — өмірлік кәсіби-ой және оның қалай жүзеге асатынын білу. Өтініш беруші кәсіби-жоспар беріп, қаражаттың не үшін жұмсалатынын және оның табыс көзін құруға қалай көмектесетінін нақты негіздеуі керек.
 
– Грант алу мүмкіндігіне қызығушылық танытқандарға не істеу керек?
– Бірінші қадам – критерийлерге сәйкес келетініңізге көз жеткізу, содан кейін «Бастау Бизнес» тренингіне қатысу (егер сізде әлі жоқ болса). Одан кейін Business.enbek.kz порталында тіркеліп, 21 мамыр мен 30 мамыр аралығында өтініш қалдырасыз. Барлық сұрақтар бойынша бізге хабарласуға болады: Жітіқара қ. Асамбаева, 51, 1 кабинет, телефон 2-12-21. Консультацияға, құжаттарға көмектесеміз.
 
– Сенімсіз болып жүргендерге қандай кеңес берер едіңіз?
 
– Бұл грант – өміріңізді өзгертуге, тұрақты табыс әкелетін кәсіп ашуға нақты мүмкіндік береді. Қорқудың қажеті жоқ — жіберіп алған мүмкіндікке кейін өкінгенше тырысып көрген дұрыс деп ойлаймын.
 
— Сұхбат үшін көп рахмет!

Интересное

В Житикаринском районе разъясняют проект новой Конституции РК
Новости В Житикаринском районе разъясняют проект… В Житикаринском районе продолжается работа по разъяснению проекта новой Конституции Республики Казахстан.br Очередная…
В Житикаринском районе продолжается работа по разъяснению проекта новой Конституции Республики Казахстан.
Новости В Житикаринском районе продолжается работа… Очередная  встреча состоялась с участием члена коалиции За Народную Конституцию Справедливого и Прогрессивного…
Қостанай облысының сарапшылар қауымдастығы жаңа Конституция жобасын қолдады
Новости Қостанай облысының сарапшылар қауымдастығы… Қостанайда Аймақтардың экономикалық дамуы: салалараралық диалог тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Оған…
Экспертное сообщество Костанайской области поддержало проект новой Конституции
Новости Экспертное сообщество Костанайской области… В Костанае прошёл круглый стол Экономическое развитие регионов: межотраслевой диалог, где представители…
В Житикаринском районе продолжается работа по разъяснению проекта новой Конституции Республики Казахстан
Новости В Житикаринском районе продолжается работа… Наряду с членами информационно-разъяснительной группы встречи с трудовыми коллективами организаций и…

Смотрите так же

В Житикаринском районе разъясняют проект новой Конституции РК
В Житикаринском районе разъясняют проект новой Конституции РК 2026-03-10, 07:43
В Житикаринском районе продолжается работа по разъяснению проекта новой Конституции Республики Казахстан.
В Житикаринском районе продолжается работа по разъяснению проекта новой Конституции Республики Казахстан. 2026-03-06, 03:34
Қостанай облысының сарапшылар қауымдастығы жаңа Конституция жобасын қолдады
Қостанай облысының сарапшылар қауымдастығы жаңа Конституция жобасын қолдады 2026-03-05, 04:12
Экспертное сообщество Костанайской области поддержало проект новой Конституции
Экспертное сообщество Костанайской области поддержало проект новой Конституции 2026-03-05, 04:11
В Житикаринском районе продолжается работа по разъяснению проекта новой Конституции Республики Казахстан
В Житикаринском районе продолжается работа по разъяснению проекта новой Конституции Республики Казахстан 2026-03-04, 05:17
Жітіқара ауданында Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясының  жобасын  түсіндіру жұмыстары жалғасуда
Жітіқара ауданында Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясының жобасын түсіндіру жұмыстары жалғасуда 2026-03-04, 05:16

Более 10 лет наша газета радует читателей самыми свежими и интересными новостями.

Информация

  • Проблемная зона

Контакты

  • +7 7143 52-25-99
  • editor@km.kz

АО «Костанайские минералы», 2012 – . Все права защищены. Использование материалов допускается только с письменного разрешения АО «Костанайские минералы»