ҚМ жастарды қолдайды
2025-07-16, 10:40
«Қостанай минералдары» АҚ Рудный индустриалды университетінің түлектері үшін алғаш рет кәсіпорынға экскурсия өткізді. Жігіттер біздің кәсіпорынға алдын ала қызығушылық танытты, біз оларды қонаққа шақырдық.
Студенттер Оқу орталығында болып, қауіпсіздік ережелерімен танысты, одан кейін Тау-кен көлік кешенінің депосында болып, карьер мен бақылау алаңын аралады. Автокөлік кәсіпорнында оларға автотұрақ көрсетілді. Экскурсия кезінде жігіттер келу үшін карьерге тиын тастады. Бөлімдегі кездесу жұмысқа орналасу перспективалары туралы әңгімеге ұласып, үздік алты түлекке 100 мың теңгеден табысталды.
Сіздерді асыға күтеміз әріптестер!