• Главная
  • ЖМП
  • Проблемная зона
  • Страницы истории
  • Интервью
  • Наши люди
  • Инновации
  • Производство
  • Контакты

Өсу мен өркендеу

2025-07-16, 10:42
«Қостанай минералдары» АҚ-да студенттер мен қызметкерлерге арналған екі даму жобасын сәтті аяқтады. Үш ай ішінде қатысушылар басқарушылық дағдыларды меңгеріп, бастамашылдықты дамытып, нақты өндірістік міндеттерді шешуге қатысқан. Жобаның соңында қатысушылар өз шешімдерін қорғап, бірқатар идеяларды іске асыруды қарастырды.
Оқыту жобаларына екі топ қатысты: өндірістік тәжірибеден өтіп жатқан студенттер мен кәсіпорынның жас мамандары. Екі команда да теориялық білім мен воркшоптардан бастап, өндірістік процестерді талдауға және нақты шешімдерді әзірлеуге дейін ауқымды жолдан өтті.
 
Студенттер
 
Болашақ технологтар, механиктер және логисттер кәсіпорында ақылы өндірістік тәжірибеден өтті. Тәжірибе барысында олар тәлімгерлердің көмегімен кәсіби дағдыларды меңгерсе, жобалар аясында олардың икемді дағдылары, кәсіби өсу мен корпоративтік ортаға бейімделу үшін қажетті қасиеттері дамыды. Олар логистика, қауіпсіздік және өндіріс сызбаларын талдап, бірден енгізуге болатын шешімдер ұсынды.
 
Алмасбек Елешев пен Даниил Щербаков өндірістік учаскелерге QR-кодтар орнатуды ұсынды. Бұл кодтар қызметкерлерге арналған оқыту бейнероликтері, мәтіндер және тестілерге апарады. Жоба қызметкерлердің дербестігін арттырып, кәсіпорында цифрлық білім базасын құруға көмектесетін тәсіл ретінде басшылық тарапынан оң бағаланды.
 
Алиса Шуляк сенсорлармен жабдықталған “ақылды каскаларды” енгізуді ұсынды. Бұл құрылғылар адамның дене қалпын, орналасқан жерін және басқа да жүйелерін бақылай алады. Қауіп төнген жағдайда жүйе автоматты түрде белгі береді — бұл әсіресе ауыр жұмыстарда қауіпсіздікті арттырады.
 
Александр Левченко мен Адлет Бисенкулов автокөлік кәсіпорнының логистикасын оңтайландыруға қатысты ұсыныс жасады. Олар маршруттарды бақылап, әлсіз тұстарын анықтады. Қазірдің өзінде бұл зерттеулер басшылыққа ұсынылған, ал алдағы уақытта олар жүйелендірілмек.
 
Мамандар
 
Қызметкерлер үшін бұл жоба — өз міндеттерінен тыс шығып, жұмысты тиімділік, технология және тұрақтылық тұрғысынан қайта ой елегінен өткізуге мүмкіндік берді. Қатысушылар қатарында электрослесарьлар, ауысым шеберлері, экономистер, дәнекерлеушілер, жөндеу және энергетика саласының мамандары бар. Олардың бастамалары өндіріс процесін оңтайландыру, автоматтандыру, қауіпсіздікті арттыру және ресурс үнемдеу мәселелерін қамтыды.
 
Тау-кен-көлік кешенінен Виктор Шахов суды шығару құбырын жаңарту үшін иілгіш резеңке қосылысты пайдалануды ұсынды. Бұл шешім құбырдың тозуға төзімділігін арттырып, монтаж және демонтаж шығындарын азайтып, сорғы жабдығына түсетін жүктемені төмендетеді. Жоба оң пікірге ие болды.
 
Осы кешеннің тағы екі қызметкері — Николай Степанов пен Алибек Жакупов стандартты оқшаулағыш төсемдерді ұзақ қызмет ететін түрге ауыстыруды ұсынды. Қазіргі төсемдер әр 2–4 апта сайын ауыстырылуы қажет болса, жаңа үлгісі 5 айға дейін қызмет етеді. Бір ғана учаскеде бес жыл ішінде бұл жаңалық екі миллион теңгеден астам үнем әкелуі мүмкін. Идея өндірістегі байқампаздықтың жемісі ретінде ұсынылып отыр.
 
Байыту кешенінің қызметкерлері Владимир Середа мен Павел Титилокашвили КД 2124 иінді баспасын енгізуді ұсынды. Қазір кәсіпорын жылына 18 000 шайба сатып алады, әрқайсысының бағасы – 200 теңге. Егер өздері өндірсе, бір шайбаның құны 18 теңге болар еді. Жоба қолдау тапты, алайда оны кең ауқымда қарастыру қажет.
 
Сол кешеннен Павел Айгозин, Владимир Журавлёв және Дмитрий Сюрин конвейердің тоқтап қалу уақытын азайту бойынша шешім ұсынды. Қазір металл конвейерге түссе, слесарь мен электрик келгенше жұмыс тоқтайды. Олар басқару пульттеріне шұғыл тоқтату батырмасын орнатуды ұсынды. Бұл өзгеріс ауысым сайын кемінде 20 минутты үнемдейді. Жоба бекітілді.
 
Жамал Аймухамедова мен Билисбек Аяп «кайдзен» мәдениетін дамыту арқылы өндірісті жетілдіру бойынша бастама көтерді. Олардың мақсаты – қызметкерлерді тұрақты жетілдіру үдерісіне тарту, талдау және шешім қабылдау құралдарын беру. Идея басшылық тарапынан қолдау тапты.
Автокөлік кәсіпорны мен Энергетика басқармасының бірлескен жобасы ірі қосалқы стансаларға бақылауды автоматтандыруға бағытталды. Диас Жупанов, Чингис Куржембаев және Темирлан Бегежанов нақты уақыт режимінде жабдық жағдайын бақылауға мүмкіндік беретін қашықтықтан мониторинг жүйесін ұсынды. Жоба тиімді әрі аз шығынды шешім ретінде жоғары баға алды.
 
Ерик Казылбаев пен Ермек Майлыбаев ағаш қалдықтарынан тығыздалған үгінділер өндіру жобасын ұсынды. Бұл өнім толтырғыш, отын және тыңайтқыш ретінде пайдаланылуы мүмкін. Бір тоннадан түсер пайда – 260 000 теңгеден астам. Жоба экология және сату бөлімімен бірлесіп пысықталуы тиіс.
 
Энергетика басқармасының слесары Евгений Сайламов 90 келі салмақты, бірақ 1,5 тонна көтере алатын жеңіл алюминийлік кран қолдануды ұсынды. Мұндай кран ауыр техниканы шақыру қажет емес кезде жүк көтеру мәселесін шешеді. Жоба бекітілді.
 
Басшылық пікірі
 
Ұсынылған жобалардың басым бөлігі оң бағаланды. «Қостанай минералдары» АҚ Басқарма төрағасы Ербол Нурхожаев ұсыныстарға қызығушылық танытып, нақты сұрақтар қойып, өз пікірлерімен бөлісті. Ол қатысушылардың процестерді зерттеп, нақты жақсарту жүйелерін анықтағанын ерекше атап өтті.
 
Бірқатар идеялар іске асыруға қабылданып үлгерді, ал қалғандары пысықталу үстінде. Алда – пилоттық кезең, тиімділікті бағалау және сәтті болса, кәсіпорын бойынша кеңінен енгізу.
 
Бірақ бұл тек бастамасы. Енді келесі қадам — ойлаудың шекарасын кеңейту: табысты идеяларды масштабтау, учаскелер арасындағы байланысты табу және процестерге жаңа қырынан қарау. Қай жерде жақсарту, қай жерде мүлдем жаңа тәсіл енгізу қажет. Кейде бір процесті оңтайландырмай, оны толығымен жаңасымен ауыстырған жөн. Жаңа материалдарды, жаңа тәсілдерді қолдану және үйреншіктіге күмәнмен қараудан қорықпау — шын мәнінде серпінді жаңалықтар осылай туады.
 
Барлық қатысушыларға сертификаттар мен жылдық жалақы үстемақысы берілді. Топтарды дамытуға қосқан үлесі үшін бизнес-тренер Алексей Куликов алғыс хатпен марапатталды.
 
Персоналды дамыту бөліміне жобаны жалғастыру тапсырылды. Жақын арада жаңа топтың іске қосылуы жоспарлануда. Ал бұл дегеніміз — бастама жалғасады. Алдағы басым бағыттардың бірі — ішкі «кайдзен» нұсқаушыларын даярлау.
 
Барлық ұсынылған жобалар «Қостанай минералдары» АҚ-да бережливое производство (үнемді өндіріс) жүйесін құрудың маңызды қадамы болды.

Интересное

Олимпті бағындыр!
Новости Олимпті бағындыр! strongЖітіқара қаласындағы Горняк стадионында жыл сайынғы жеңіл атлетикадан Олимпиадалық үміттератты…
Өсу мен өркендеу
Новости Өсу мен өркендеу strongҚостанай минералдары АҚ-да студенттер мен қызметкерлерге арналған екі даму жобасын сәтті аяқтады.…
ҚМ жастарды  қолдайды
Новости ҚМ жастарды қолдайды strongҚостанай минералдары emАҚ/em Рудный индустриалды университетінің түлектері үшін алғаш рет кәсіпорынға…
Первая экскурсия на территории АО
Новости Первая экскурсия на территории АО "Костанайские… strongАО Костанайские минералы впервые провели экскурсию для выпускников Рудненского индустриального…
Хризотил қалай пайда  болды?
Новости Хризотил қалай пайда болды? emstrongҚостанай минералдары АҚ өндірістік аумағында Ұзақ өмір белсенділігі клубының мүшелеріне экскурсия…

Смотрите так же

Олимпті бағындыр!
Олимпті бағындыр! 2025-07-16, 10:44
Өсу мен өркендеу
Өсу мен өркендеу 2025-07-16, 10:42
ҚМ жастарды  қолдайды
ҚМ жастарды қолдайды 2025-07-16, 10:40
Первая экскурсия на территории АО
Первая экскурсия на территории АО "Костанайские минералы" для выпускников из Рудного 2025-07-16, 10:39
Хризотил қалай пайда  болды?
Хризотил қалай пайда болды? 2025-07-16, 10:35
Контейнеров нет — мусор остался
Контейнеров нет — мусор остался 2025-07-16, 10:11

Более 10 лет наша газета радует читателей самыми свежими и интересными новостями.

Информация

  • Проблемная зона

Контакты

  • +7 7143 52-25-99
  • editor@km.kz

АО «Костанайские минералы», 2012 – . Все права защищены. Использование материалов допускается только с письменного разрешения АО «Костанайские минералы»