• Главная
  • ЖМП
  • Проблемная зона
  • Страницы истории
  • Интервью
  • Наши люди
  • Инновации
  • Производство
  • Контакты

Өз ісін жетік білетін маман

2025-07-24, 04:50
Наталья Сухова – өз ісіне берілген жан. Лаборатория ұжымы оны сенімділік пен тиянақтылығы үшін ерекше құрметтейді. Ал өткен жылы «Қостанай минералдары» АҚ-ның Құрмет тақтасынан оның фотосуретін көру – әріптестері үшін таңғаларлық емес, ал өзі үшін бұл көп жылғы еңбектің лайықты бағасы болды.
 
– Наталья Викторовна, еңбек жолыңыз қалай басталды?
– Кәсіпорында 1998 жылдан бері жұмыс істеймін. Ол кезде мен тау-кен техникумының төртінші курсында оқып жүрдім. Біздің топқа, жас маман ретінде, жұмыс ұсынылды. Сол кезде фабрика қалпына келтіріліп жатқан, тіпті «жерден қазып алып жатқандай» еді. Көп студенттер бұл мүмкіндікті пайдаланып, бізді ауысыммен бөліп жұмысқа орналастырды. Мен 18 жаста едім,  ұсату-сұрыптау механизмдерінің машинисі болып жұмысқа тұрдым.
Кейін отбасылық жағдайларға байланысты күндізгі жұмыс кестесіне ауысуға тура келді. 2001 жылдан 2014 жылға дейін желдету және аспирациялық қондырғылардың машинисі болып жұмыс істедім.
2014 жылы зертханаға байыту саласы бойынша маман қажет болды. Маған бақылаушы болып ауысуды ұсынды. Келістім. Содан бері зертханада жұмыс істеймін. Қазіргі таңда инженер-технологтың міндетін атқарамын. Әріптестер демалысқа шыққанда орнын басамын. Бұл ұжымға келген күннен бастап осылай.
– Қазір ұжымыңыздағы ең тәжірибелі маман сіз шығарсыз?
– Иә, қазіргі таңда солай. Бізде ұжым жаңарды, жаңа қызметкерлер келді. Кейбірі – мүлдем жас. Бұл меніңше – өте жақсы. Зертханада қазір үш буын жұмыс істейді: жас қыздар, тәжірибелі мамандар және мен сияқты ұзақ жылдан бері жұмыс істеп келе жатқандар жандар. Мұндай үйлесім жақсы нәтиже береді.
Жастар келген кезде, олар үйренеді, қызығушылық танытады. Бізде ешкім бейжай қарамайды. Егер біреуге бірдеңе қиын болса, көмектесеміз, үйретеміз. Бәрі ынтамен жұмыс істейді. Біз бір ұжым болып, бір-бірімізді толықтырамыз.
Мен үнемі жанында боламын. Қыздарды жалғыз қалдыра алмаймын. Біріншіден, бәрібір жауапкершілік менде. Екіншіден, істің дұрыс орындалғанына көз жеткізуім керек. Мысалы, сынамаларды қалай алатынын өз көзіммен көруім қажет.
– Мұндай түрлі жастағы ұжымда сіз тәлімгер рөліндесіз. Қаталсыз ба, әлде жұмсақсыз ба?
– Кей жағдайда қатал болуым мүмкін. Талап қоямын. Егер адам жұмыс істесе, кей жерлерде бірдеңені дұрыс жасамаса, барып айтып, көрсетемін. Бірақ ешкім ренжімейді, бәрі тыңдайды. Керек болса, өздері сұрап жатады: қалай дұрыс жасауға болады, сынаманы қалай өңдеу керек, не істеу керек деп.
– Демек, сіздің ең басты қасиетіңіз – жауапкершілік?
– Әрине. Менің жауапкершілігім – басты қасиетім. Сол үшін де маған сенім артады. Бізде ұжымда жиі айтады: «Егер Наташа жұмыста болса – бәрі жақсы болады» деп. Мұны есту өте жағымды. Демек, мен ісіммен сенімге лайық екенімді дәлелдегенмін.
– Дегенмен кейде бұл жауапкершілік уайымға айналмай ма?
– Болады. Әсіресе, маңызды сынамалар сараптамаға кеткенде. Барлығы дұрыс жасалды деп білсем де, ресми нәтиже шықпайынша, уайымдап тұрамын. Бәрі орынсыз екенін түсінемін, бірақ ішкі тынышсыздық бар – бәрі толық аяқталмайынша, көңілім орнына түспейді.
– Ал жұмыстан тыс уақытта қалай тынығасыз?
– Белгілі бір хоббиім жоқ. Мен жан-жақты адаммын. Мүмкін, осы қасиетім күнделікті уайымнан арылып, шабытты қарапайым нәрседен табуға көмектесетін шығар деп ойлаймын.
– Сіздің жауапкершілігіңіздің арқасында Құрмет тақтасынан лайықты орын алдыңыз. Осы жағымды жаңалықты қалай қабылдадыңыз?
– Сабырмен қабылдадым. Өйткені еңбек өтілім көп – 27 жыл. Осы уақыт ішінде бірнеше қызметті меңгердім. Қазір де үйреніп жүрмін. Бірақ егер бір іске кіріссем, барымды салып жасаймын. Сенімді түрде айта аламын – мен үмітті ақтаймын. Әріптестерім мені осы қасиетім үшін бағалайтын болар деп ойлаймын.
– Сұхбат бергеніңізге алғыс білдіреміз!

Интересное

В Житикаринском районе новое назначение
Новости В Житикаринском районе новое назначение Мирас Абаевич Джетенов назначен руководителем ГУ Отдела внутренней политики акимата Житикаринского района.br Мирас…
В АО «Костанайские минералы» готовят к открытию собственный музей.
Новости В АО «Костанайские минералы» готовят к открытию… В здании управления соберут всю историю предприятия — от 1959 года до наших дней.br br Шаг за шагом…
График движения школьного автобуса в Житикаре
Новости График движения школьного автобуса в Житикаре По информации районного отдела образования, сегодня школьный автобус будет курсировать согласно графику,…
Каникулы завершились и вновь на календаре 1 сентября
Новости Каникулы завершились и вновь на календаре… Завтра школы Житикаринского района распахнут двери для учеников. Торжественные линейки, звонкие голоса…
Штормовое предупреждение! Ожидаются заморозки.
Новости Штормовое предупреждение! Ожидаются заморозки. По информации Департамента по чрезвычайным ситуациям Костанайской области, 2 сентября на севере региона…

Смотрите так же

В Житикаринском районе новое назначение
В Житикаринском районе новое назначение 2025-09-02, 05:39
В АО «Костанайские минералы» готовят к открытию собственный музей.
В АО «Костанайские минералы» готовят к открытию собственный музей. 2025-09-02, 05:20
График движения школьного автобуса в Житикаре
График движения школьного автобуса в Житикаре 2025-09-02, 11:44
Каникулы завершились и вновь на календаре 1 сентября
Каникулы завершились и вновь на календаре 1 сентября 2025-09-01, 02:56
Штормовое предупреждение! Ожидаются заморозки.
Штормовое предупреждение! Ожидаются заморозки. 2025-09-01, 02:54
Футбол не знает возраста!
Футбол не знает возраста! 2025-09-01, 02:53

Более 10 лет наша газета радует читателей самыми свежими и интересными новостями.

Информация

  • Проблемная зона

Контакты

  • +7 7143 52-25-99
  • editor@km.kz

АО «Костанайские минералы», 2012 – . Все права защищены. Использование материалов допускается только с письменного разрешения АО «Костанайские минералы»