Қиыршық таспен төселген сауапты жол
2025-07-24, 04:58
«Қостанай минералдары» АҚ өзінің мерейтойына орай қолға алған «60 игі іс» бағдарламасы тек ірі жобаларды ғана емес, сонымен қатар тұрғындардың шағын ұсыныстарын да қамтиды.
Солардың бірі — Жітіқарадағы ескі христиан қорымына апаратын жолдың бір бөлігін қиыршық таспен тегістеу жұмысы. Бұл жұмыс 16 шілде күні, шіркеу басшысы иерей Игорь Нестеровтың өтініші негізінде, шіркеу жамағаты мен «Қостанай минералдары» АҚ ардагерлер кеңесінің төрағасы Игорь Гусевтің қолдауымен жүзеге асты.
Кәсіпорын бұл іске арнайы техника мен 50 тонна қиыршық тас бөлді. Жолдың екі бөлігінде төселген қиыршық тас әсіресе жаңбырлы күндері жүріп-тұруды жеңілдетіп, қорымға баратын тұрғындарға қолайлы жағдай туғызады.
Ардагерлер мен жамағат өкілдері кәсіпорынға алғыстарын айтып, алдағы уақытта да осындай бірлескен игі істер жалғасады деген сенім білдірді.