• Главная
  • Наши люди
  • ЖМП
  • Проблемная зона
  • Страницы истории
  • Интервью
  • Видео
  • Инновации
  • Производство
  • Контакты

«I love KM»

2025-08-22, 04:51
«Қостанай минералдары» акционерлік қоғамы 60 жылдық мерейтойын тек өндірістік жетістіктермен ғана емес, сонымен қатар кәсіпорын аумағын абаттандыру мен көркейту бағытындағы ауқымды жобалармен атап өтуде. Алты онжылдық ішінде компания тек өндіріс қуатын арттырып қоймай, өз кеңістігіне деген қамқорлығымен де ерекшеленіп келеді.
 
Жуырда сондай көркейту жұмыстарының жарқын үлгісі – кәсіпорын аумағындағы шолу алаңы жаңартылып, жаңа келбетке ие болды. Бұл орын карьерге — кәсіпорынның жүрегі саналатын өндіріс алаңына биіктен көз салуға мүмкіндік береді.
Жобаның аясында шолу алаңы толықтай жаңартылды: шатыры жөнделіп, ғимараттың сырты берік әрі сәнді Ecoline decking террассалық тақталарымен қапталды. Көріктендіру жұмыстары барысында сәнді жасыл өсімдіктер отырғызылып, гүлдермен көмкерілді. Алаңға жаңа орындықтар орнатылып, тынығуға жайлы жағдай жасалды. Ал басты назар аударатын элемент — заманауи стильде жасалған «I love KM» арт-нысаны болды. Бұл белгі компанияға деген мақтаныш пен сүйіспеншіліктің көрінісіндей әсер қалдырады.
Аталған жоба «Қостанай минералдары» АҚ-ның тау-кен көлік кешені ұжымының басшысы — Богдан Умербеков және «МинералСтройСервис» ЖШС командасының жетекшісі — Ғазиз Мырзабаев бірлескен еңбегімен жүзеге асты.
Шолу алаңы — бұл тек көрініс тамашалайтын орын ғана емес. Бұл — кәсіпорынға басқа қырынан көз тастап, оның ауқымын сезінуге мүмкіндік беретін ерекше нүкте. Карьердің биіктен ашылатын көрінісі әр қызметкердің жүрегінде мақтаныш сезімін оятады. Себебі бұл жерде шын мәнінде өз ісінің шеберлері еңбек етеді.
Айта кетерлігі, шолу алаңы тек «ҚМ» АҚ қызметкерлері мен ресми қонақтары үшін ғана қолжетімді. Осы шектеулі мүмкіндік бұл орынның ерекше құндылығын арттыра түседі. Мұнда келген әр адам тек естелік сурет емес, ұзақ уақыт бойы ұмытылмас әсер қалдыратын ерекше сәттермен оралады.

Интересное

В Житикаринском районе продолжается работа по разъяснению проекта новой Конституции Республики Казахстан.
Новости В Житикаринском районе продолжается работа… Очередная  встреча состоялась с участием члена коалиции За Народную Конституцию Справедливого и Прогрессивного…
Қостанай облысының сарапшылар қауымдастығы жаңа Конституция жобасын қолдады
Новости Қостанай облысының сарапшылар қауымдастығы… Қостанайда Аймақтардың экономикалық дамуы: салалараралық диалог тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Оған…
Экспертное сообщество Костанайской области поддержало проект новой Конституции
Новости Экспертное сообщество Костанайской области… В Костанае прошёл круглый стол Экономическое развитие регионов: межотраслевой диалог, где представители…
В Житикаринском районе продолжается работа по разъяснению проекта новой Конституции Республики Казахстан
Новости В Житикаринском районе продолжается работа… Наряду с членами информационно-разъяснительной группы встречи с трудовыми коллективами организаций и…
Жітіқара ауданында Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясының  жобасын  түсіндіру жұмыстары жалғасуда
Новости Жітіқара ауданында Қазақстан Республикасының… Жітіқара ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің басшысы М.А.Джетенов ақпараттық-түсіндіру тобының мүшелерімен…

Смотрите так же

В Житикаринском районе продолжается работа по разъяснению проекта новой Конституции Республики Казахстан.
В Житикаринском районе продолжается работа по разъяснению проекта новой Конституции Республики Казахстан. 2026-03-06, 03:34
Қостанай облысының сарапшылар қауымдастығы жаңа Конституция жобасын қолдады
Қостанай облысының сарапшылар қауымдастығы жаңа Конституция жобасын қолдады 2026-03-05, 04:12
Экспертное сообщество Костанайской области поддержало проект новой Конституции
Экспертное сообщество Костанайской области поддержало проект новой Конституции 2026-03-05, 04:11
В Житикаринском районе продолжается работа по разъяснению проекта новой Конституции Республики Казахстан
В Житикаринском районе продолжается работа по разъяснению проекта новой Конституции Республики Казахстан 2026-03-04, 05:17
Жітіқара ауданында Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясының  жобасын  түсіндіру жұмыстары жалғасуда
Жітіқара ауданында Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясының жобасын түсіндіру жұмыстары жалғасуда 2026-03-04, 05:16
Взяли реванш
Взяли реванш 2026-03-04, 11:36

Более 10 лет наша газета радует читателей самыми свежими и интересными новостями.

Информация

  • Проблемная зона

Контакты

  • +7 7143 52-25-99
  • editor@km.kz

АО «Костанайские минералы», 2012 – . Все права защищены. Использование материалов допускается только с письменного разрешения АО «Костанайские минералы»