• Главная
  • Наши люди
  • ЖМП
  • Проблемная зона
  • Страницы истории
  • Интервью
  • Видео
  • Инновации
  • Производство
  • Контакты

Өндіріс көшін өрге сүйреген жан

2025-08-22, 04:55
Тарихты – уақыт емес, адам жазады. Әрбір маңдай термен келген жетістік, тынымсыз еңбекпен өрілген күндер – ел мен жердің, отбасы мен кәсіпорынның тағдыр-тарихын құрайды. Сол себепті де «Қостанай минералдары» акционерлік қоғамы өз қызметкерлерінің адал еңбегін бағалап, көп жылдық қажырлы қызметін ерекше атап өтуді игі дәстүрге айналдырған. Бүгін біз сіздерді осындай құрметке лайық, кәсібіне адал, қарапайым да еңбексүйгіш жанмен таныстырғымыз келеді. Ол – Хризотил кенін байыту кешенінің Ұсақтау және сұрыптау цехының басшысы – Александр Константинович Чильдинов.
 
Александр Константиновичтің бұл өндірістегі еңбек жолы жиырма сегіз жылдан асып жығылады. Бірақ оның комбинатқа деген ықыласы мен ынтызарлығы әлдеқайда ертерек басталған. Балалық шағында ол достарымен бірге өндіріс аумағына жиі барып, үлкендердің рұқсатынсыз «құпия зерттеулер» жүргізетін. Ол үшін бұл жай ғана қызық нысан емес еді – бұл оның ата-анасының еңбек орны болатын.
Әкесі – Константин Александрович – құрылыс бөлімінде, ал анасы – Людмила Сергеевна – геология бөлімінде көп жыл бойы адал еңбек етті. Міне, осы отбасы үлгісі, өндірістік рух бала жүректе өз ізін қалдырды. Кәсіп таңдау кезінде Александр еш кідірместен пайдалы қазбаларды байыту ісін таңдады.
Горняк техникумын бітіріп, тиісті еңбек жолынан өтіп, туған топырағына табан тіреген ол өз комбинатына оралып, еңбек жолын МДПСМ машинисі ретінде бастады. Ол кезде қазіргі лауазым туралы ойлау былай тұрсын, қандай да бір мансап қуатын амбициясы да болмаған еді. Бірақ еңбекқорлық пен ұқыптылық – әрқашан өз жемісін береді.
Өндірістегі ұйымдастырушылық қабілеті көзге түсіп, Александрды байыту цехындағы орау ауысым шебері етіп тағайындады. Арада үш жыл өткенде – технолог, кейінірек техникалық бақылау жөніндегі орынбасар, одан соң өндіріс жөніндегі цех басшысының орынбасары болды. Ал 2012 жылы, кәсіби біліктілігі мен жауапкершілігі ескеріліп, ол қазіргі қызметіне – Ұсақтау және сұрыптау цехының басшысы лауазымына тағайындалды.
Мұндай жетістік – кездейсоқтық емес, тынымсыз ізденіс пен өзін-өзі дамыту жолындағы еңбек нәтижесі. Александр Константинович Рудный индустриялық институтында жоғары білім алып, корпоративтік менеджмент және инновациялық шешімдер технологиясы бойынша біліктілігін арттырды. Оның кәсіби шыңдалуында мықты тәлімгерлердің де үлесі зор – соның ішінде Виктор Петрович Ленгардтты ерекше атап өтуге болады.
Александр Константиновичтің басты ұстанымы – жұмысты шын көңілмен, жауапкершілікпен атқару. Ол әр қызметкердің әлеуетін, мүмкіндігі мен мінезін ескере отырып, өндірістік үдерісті сауатты ұйымдастыра біледі. Соның арқасында руда байытуға дейінгі дайындық жұмыстары тиімді, сапалы жүзеге асады.
Жұмыс қана емес, өмірлік жарын да осы өндірісте жолықтырды – жұбайы Наталья Муратовна бүгінде ОК оператор болып еңбек етуде. Олар екі перзент тәрбиелеп өсірді – ұлы Константин мен қызы Екатерина. Ұлы әкесінің жолын қуып, дәнекерлеу ісінің шебері атанды.
Бүгінде кәсібилік пен өз ісіне шынайы сүйіспеншілік бәрінен биік тұрған заманда мұндай еңбек жолдарын үлгі ету – заңдылық. Александр Константинович – мамандығына адалдығы, ұжымына жанашырлығы және туған кәсіпорнына берілгендігімен ерекшеленетін нағыз өнеге тұтар тұлға.

Интересное

В Житикаринском районе продолжается работа по разъяснению проекта новой Конституции Республики Казахстан.
Новости В Житикаринском районе продолжается работа… Очередная  встреча состоялась с участием члена коалиции За Народную Конституцию Справедливого и Прогрессивного…
Қостанай облысының сарапшылар қауымдастығы жаңа Конституция жобасын қолдады
Новости Қостанай облысының сарапшылар қауымдастығы… Қостанайда Аймақтардың экономикалық дамуы: салалараралық диалог тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Оған…
Экспертное сообщество Костанайской области поддержало проект новой Конституции
Новости Экспертное сообщество Костанайской области… В Костанае прошёл круглый стол Экономическое развитие регионов: межотраслевой диалог, где представители…
В Житикаринском районе продолжается работа по разъяснению проекта новой Конституции Республики Казахстан
Новости В Житикаринском районе продолжается работа… Наряду с членами информационно-разъяснительной группы встречи с трудовыми коллективами организаций и…
Жітіқара ауданында Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясының  жобасын  түсіндіру жұмыстары жалғасуда
Новости Жітіқара ауданында Қазақстан Республикасының… Жітіқара ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің басшысы М.А.Джетенов ақпараттық-түсіндіру тобының мүшелерімен…

Смотрите так же

В Житикаринском районе продолжается работа по разъяснению проекта новой Конституции Республики Казахстан.
В Житикаринском районе продолжается работа по разъяснению проекта новой Конституции Республики Казахстан. 2026-03-06, 03:34
Қостанай облысының сарапшылар қауымдастығы жаңа Конституция жобасын қолдады
Қостанай облысының сарапшылар қауымдастығы жаңа Конституция жобасын қолдады 2026-03-05, 04:12
Экспертное сообщество Костанайской области поддержало проект новой Конституции
Экспертное сообщество Костанайской области поддержало проект новой Конституции 2026-03-05, 04:11
В Житикаринском районе продолжается работа по разъяснению проекта новой Конституции Республики Казахстан
В Житикаринском районе продолжается работа по разъяснению проекта новой Конституции Республики Казахстан 2026-03-04, 05:17
Жітіқара ауданында Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясының  жобасын  түсіндіру жұмыстары жалғасуда
Жітіқара ауданында Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясының жобасын түсіндіру жұмыстары жалғасуда 2026-03-04, 05:16
Взяли реванш
Взяли реванш 2026-03-04, 11:36

Более 10 лет наша газета радует читателей самыми свежими и интересными новостями.

Информация

  • Проблемная зона

Контакты

  • +7 7143 52-25-99
  • editor@km.kz

АО «Костанайские минералы», 2012 – . Все права защищены. Использование материалов допускается только с письменного разрешения АО «Костанайские минералы»