• Главная
  • Наши люди
  • ЖМП
  • Проблемная зона
  • Страницы истории
  • Интервью
  • Видео
  • Инновации
  • Производство
  • Контакты

Уақыт сынынан өткен ынтымақтастық

2025-08-22, 04:57
Мерейтойлық жылын ерекше атап өтіп жатқан «Қостанай минералдары» АҚ «60 қайырымды іс» атты әлеуметтік жобаны жүзеге асыруда. Бұл бастама аясында кәсіпорын қызметкерлері мен Жітіқара қаласының тұрғындарына, сондай-ақ өскелең ұрпаққа арналған ондаған игі істер қолға алынды. Солардың бірі — Жітіқара политехникалық колледжінің спорт залын күрделі жөндеуден өткізу. Жобаға 10 миллион теңгеден астам қаржы бөлінді.
 
Жарты ғасырдан астам тарихы бар бұл оқу орны – өңірдегі техникалық білім беру саласының алдыңғы қатарлы мекемелерінің бірі. Мұнда түрлі өндірістік мамандық иелері: дәнекерлеушілер, токарьлар, маркшейдерлер мен машинистер даярланады. Колледжге Жітіқарадан ғана емес, жақын маңдағы ауылдардан да жастар келіп білім алады. Олар үшін барлық жағдай қарастырылған – оқу орнының жанында жайлы жатақхана жұмыс істейді.
Колледж ұжымы оқу орнының материалдық-техникалық базасын үнемі жетілдіріп, студенттер үшін қолайлы әрі жайлы білім алу ортасын қалыптастыруға ерекше көңіл бөлуде. Бұл оқу орнын тәмамдаған түлектердің көпшілігі бүгінде «Қостанай минералдары» АҚ-ында табысты жұмыс істеп жүр. Олардың қатарында басшылық лауазымға дейін көтерілген мамандар да бар.
Дене тәрбиесі мен спорт – жастарды тәрбиелеудің маңызды бөлігі. Спортпен шұғылдану студенттердің денсаулығын нығайтып қана қоймай, жауапкершілік пен тәртіпке үйретеді. Сондықтан колледжде заман талабына сай спорт инфрақұрылымын құру – басты міндеттердің бірі. Бұл ретте кәсіпорын жастардың кәсіби қалыптасуына студенттік кезеңнен бастап қолдау көрсетіп келеді.
Біршама уақыт жөндеуді қажет еткен спорт залда биылғы жазда жаңарту жұмыстары басталып кетті. Қазіргі таңда еденнің іргетасы құйылып, жаңа паркет төсеу жұмыстары жүргізілуде. Сонымен қатар, қабырғаларды әрлеу және сырлау шаралары қатар атқарылуда. Барлық жұмыстар белгіленген жоспарға сәйкес орындалып жатыр. Жаңа оқу жылы басталғанда студенттер спортпен шұғылдануға қолайлы, заманауи залда жаттығу жасау мүмкіндігіне ие болады.
—  «Қостанай минералдары» АҚ басшылығына тұрақты түрде көрсетіп келе жатқан қолдауы үшін алғысымыз шексіз, — дейді колледж директоры Марат Аблаев. — 1 қыркүйектен бастап аудан жастары жаңарған спорт залда дене шынықтырумен айналысады.
Бұл зал әрдайым студенттердің белсенді өмірінің орталығы болған. Мұнда дене тәрбиесі сабақтары, спорт секцияларының жаттығулары, түрлі жарыстар өтеді. Жөндеу жұмыстарының арқасында бұл орын енді одан да қолайлы болмақ. Бұл – болашақ мамандардың дамуына жасалған нақты қадам.
«Қостанай минералдары» АҚ мен колледж арасындағы өзара әріптестік жыл сайын берік негізге ие болып, жаңа бағыттармен толығып келеді. Кәсіпорын тарапынан көрсетіліп жатқан қолдау — бұл ең алдымен жастарға, яғни болашаққа салынған инвестиция. Ал бүгінгі студент — ертеңгі күні Жітіқара мен өңірдің өркендеуіне үлес қосатын білікті маман.
Спорт залды жаңарту жұмыстары — колледж бен кәсіпорын арасындағы әлеуметтік әріптестіктің айқын көрінісі. Мұнда ертеңгі кәсіби мамандар даярланып жатыр, ал олардың сапалы білім алып, жан-жақты дамуы үшін жасалған жағдай – жарқын болашақтың берік іргетасы.
 

Интересное

В Житикаринском районе продолжается работа по разъяснению проекта новой Конституции Республики Казахстан.
Новости В Житикаринском районе продолжается работа… Очередная  встреча состоялась с участием члена коалиции За Народную Конституцию Справедливого и Прогрессивного…
Қостанай облысының сарапшылар қауымдастығы жаңа Конституция жобасын қолдады
Новости Қостанай облысының сарапшылар қауымдастығы… Қостанайда Аймақтардың экономикалық дамуы: салалараралық диалог тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Оған…
Экспертное сообщество Костанайской области поддержало проект новой Конституции
Новости Экспертное сообщество Костанайской области… В Костанае прошёл круглый стол Экономическое развитие регионов: межотраслевой диалог, где представители…
В Житикаринском районе продолжается работа по разъяснению проекта новой Конституции Республики Казахстан
Новости В Житикаринском районе продолжается работа… Наряду с членами информационно-разъяснительной группы встречи с трудовыми коллективами организаций и…
Жітіқара ауданында Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясының  жобасын  түсіндіру жұмыстары жалғасуда
Новости Жітіқара ауданында Қазақстан Республикасының… Жітіқара ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің басшысы М.А.Джетенов ақпараттық-түсіндіру тобының мүшелерімен…

Смотрите так же

В Житикаринском районе продолжается работа по разъяснению проекта новой Конституции Республики Казахстан.
В Житикаринском районе продолжается работа по разъяснению проекта новой Конституции Республики Казахстан. 2026-03-06, 03:34
Қостанай облысының сарапшылар қауымдастығы жаңа Конституция жобасын қолдады
Қостанай облысының сарапшылар қауымдастығы жаңа Конституция жобасын қолдады 2026-03-05, 04:12
Экспертное сообщество Костанайской области поддержало проект новой Конституции
Экспертное сообщество Костанайской области поддержало проект новой Конституции 2026-03-05, 04:11
В Житикаринском районе продолжается работа по разъяснению проекта новой Конституции Республики Казахстан
В Житикаринском районе продолжается работа по разъяснению проекта новой Конституции Республики Казахстан 2026-03-04, 05:17
Жітіқара ауданында Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясының  жобасын  түсіндіру жұмыстары жалғасуда
Жітіқара ауданында Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясының жобасын түсіндіру жұмыстары жалғасуда 2026-03-04, 05:16
Взяли реванш
Взяли реванш 2026-03-04, 11:36

Более 10 лет наша газета радует читателей самыми свежими и интересными новостями.

Информация

  • Проблемная зона

Контакты

  • +7 7143 52-25-99
  • editor@km.kz

АО «Костанайские минералы», 2012 – . Все права защищены. Использование материалов допускается только с письменного разрешения АО «Костанайские минералы»