• Главная
  • Наши люди
  • ЖМП
  • Проблемная зона
  • Страницы истории
  • Интервью
  • Инновации
  • Производство
  • Контакты

Өндірістің бет-бейнесі жаңаруда

2025-08-22, 05:07
 «Қостанай минералдары» акционерлік қоғамы өзінің мерейлі мерекесіне дайындықты қарқынды түрде жалғастыруда. Кәсіпорын аумағы біртіндеп жаңарып, түрленіп келеді. Жақында өндірістік аймақта жаңа үгіттік сипаттағы баннерлер орнатылып, қызметкерлердің назарына ұсынылды. Жалпы саны 17 баннер – тек көз тартарлық қана емес, сонымен қатар маңызды ақпарат көздері. Олар жұмысшыларға өндірістегі қауіпсіздік ережелері мен корпоративтік мәдениетті сақтау қажеттілігін еске салып отырады.
Баннерлердің ерекшелігі – онда кәсіби шеберлігімен көзге түсіп жүрген нақты адамдар, яғни кәсіпорынның өз қызметкерлері бейнеленген. Бұл – машинисттер, электрслесарьлар, маркшейдерлер мен басқа да мамандық иелері. Әрқайсысы – өз ісіне адал, кәсіпорынның дамуына үлес қосып жүрген жандар. Бұлар – бірнеше ұрпақ өкілдері, бір мақсатқа жұмыла еңбек етіп жүрген әріптестеріміз. Жаңа баннерлер – тек көрнекілік құралы емес. Олар компанияның басты құндылықтарын насихаттай отырып, әр қызметкерге мақтаныш пен жауапкершілік сезімін ұялатады.
Кімдер бейнеленгенін білгіңіз келе ме?
Болат Куйшегулов – автокөлік кәсіпорнының қосалқы көлік цехында кран машинисі болып қызмет етеді. Кәсіпорынға 2014 жылы келген. Бүгінде ол «КС-6476» автокөлік кранын шебер басқарып, күрделі жұмыстардың бел ортасында жүр. Жастайынан техникаға қызығып өскен Болат Жанайдарұлы кран тізгініне тек ересек жасында отыра алды. Бірақ бұл мамандықтың өзіне арналғанын алғашқы күннен-ақ түсінген. «Құрылысқа қатысып, жаңа нысанның қалай бой көтеріп жатқанын көру — үлкен қуаныш. Сол өзгерістерге өзің де үлес қосып жатқаныңды сезіну – шексіз мақтаныш», – дейді ол. Оның ұстанымы айқын: кез келген істі мұқият әрі сапалы орындау.
Виталий Атаманчук – қосалқы көлік цехының тәжірибелі маманы. 2003 жылдан бері «ҚМ» ұжымының мүшесі. Ол «Dressta 534 E» тиегішінің тізгінін ұстаған. Бастапқыда ауыр техниканы басқаруға жүрексінгенімен, тез үйреніп, мамандығының қыр-сырын жетік меңгерген. Екі онжылдықтың ішінде түрлі құрылыс нысандарына – мешіт, шіркеу, бассейн мен сауықтыру кешендеріне қатысқан. «20 жыл ішінде қауіпсіздік ережесін бұзған емеспін. Бұл мамандықта ең бастысы — сабыр мен зейін, ал мінез – техниканы басқаруда шешуші рөл атқарады», – дейді Виталий Дмитриевич.
Айтуар Жақсылықов – кәсіпорын басқармасындағы маркшейдер. Ол өз еңбек жолын 2019 жылы Жітіқара политехникалық колледжін бітірген соң «ҚМ» кәсіпорнында бастады. Айтуар Байқонысұлы мамандығын шын ниетімен таңдаған. «Маркшейдердің негізгі міндеті — тау-кен жұмыстарының дұрыс жүргізілуін бақылау. Бұл өз ісіңді тереңірек тануға, өндірістегі жаңалықтарды байқауға және даму үдерісінің бір бөлшегіне айналуға мүмкіндік береді», – дейді ол.
Айна Байназарова – кәсіпорынның жас маманы. Ол 2022 жылдың мамыр айында еңбек жолын бастап, сол уақыттан бері колледж бен университетті тәмамдап үлгерді. Қазіргі таңда маркшейдерлік салада жұмыс істейді: кенжарарларды түсіру, көлемдерді есептеу және қауіпсіздік бақылау – оның күнделікті міндеті. «Алғашында бұл мамандықты толық түсінбей таңдадым. Бірақ уақыт өте келе менің болмысым мен қызығушылығыма сай келетінін байқадым. Бұл сала үнемі үйренуді талап етеді және жалықтырмайды», – дейді Айна Рахметоллақызы.
Анастасия Малахинская- хризотилді талшықты байыту цехында жұмыс істейді. «Қостанай минералдары» ұжымына 2012 жылдың жазында қосылған. Бүгінде ол желдету және аспирациялық қондырғылардың машинисі қызметін атқарады. Анастасия Николаевна бұл мамандықты таңдауда отбасылық дәстүрді жалғастырғанын айтады – оның жақындары да осы кәсіпорында еңбек еткен. Ол үшін жұмыстағы ең басты құндылық — тұрақтылық пен ертеңгі күнге деген сенімділік.
Ольга Насирова да осы цехта дәл сондай қызмет атқарады — желдету және аспирациялық қондырғылардың машинисі. «ҚМ» жүйесінде 2010 жылдан бері еңбек етіп келеді, ал қазіргі лауазымын 2016 жылдан бастап атқарады. Оның айтуынша, бұл жұмыс физикалық күшті және мұқияттылықты талап етеді. «Біз өзіміз 15 келіге дейін тартатын жеңдерді көтеріп, орнатамыз, кейде биікте де жұмыс істеуге тура келеді. Барлығын өз қолымызбен жасаймыз», — дейді Ольга Тофикқызы. Ол үшін еңбекті отбасылық өмірмен үйлестіру маңызды, сондықтан күндізгі жұмыс кестесін ерекше бағалайды: «Күндіз жұмыс істеймін, ал кешкісін және демалыс күндері балалармен уақыт өткізе аламын».
Елена Юзик бұл кәсіпорынға 40 жылдан астам уақытын арнаған. 1984 жылдан бері жабдықтарды жөндеу және қызмет көрсету бөлімінде электрослесарь болып жұмыс істейді. «Мен бала күнімнен электрик болатынымды білдім. Мектеп кезінде көршілердің үтігін, шамдарын, розеткаларын жөндеп беретінмін. Электрик болып туған шығармын», – деп еске алады Елена Викторовна. Жұмыс істеген жылдарында ол барлық бригадалардан өтіп, фабриканы жарықтандыру жұмыстарына қатысқан. Қазір де өз ісін жалғастырып жүр. «Фабрикамен қатар келе жатырмын: фабрика 60 жаста, мен де 60-қа келдім — біз құрдаспыз», – дейді Елена Юзик.
Кәсіпорынның 60 жылдық мерейтойына санаулы екі ай қалды. Осыған орай орнатылған жаңа баннерлер – алдағы мерекеге дайындықтың жарқын белгілерінің бірі болды.

Интересное

Уже и знакомым голосам доверять опасно
Новости Уже и знакомым голосам доверять опасно Технологии телефонного мошенничества продолжают развиваться. Если раньше злоумышленники ограничивались…
Положительная динамика наблюдается во всех отраслях экономики Казахстана  — Серик Жумангарин
Новости Положительная динамика наблюдается во всех… В Кызылорде в первый рабочий день V Национального курултая во второй половине дня работа продолжилась…
Стабильный интернет и связь появятся на казахстанских трассах
Новости Стабильный интернет и связь появятся на казахстанских… В Казахстане запущен масштабный проект по обеспечению бесперебойной мобильной связи вдоль автодорог.…
В Казахстане вступил в силу новый Налоговый кодекс: как предпринимателям выбрать спецрежим через Kaspi.kz
Новости В Казахстане вступил в силу новый Налоговый… С 1 января 2026 года в Казахстане начал действовать новый Налоговый кодекс. Он вводит один общеустановленный…
В Казахстане начали готовить ИИ-офицеров для системы госуправления
Новости В Казахстане начали готовить ИИ-офицеров… В Казахстане запущена новая государственная программа по подготовке управленцев в сфере искусственного…

Смотрите так же

Уже и знакомым голосам доверять опасно
Уже и знакомым голосам доверять опасно 2026-01-19, 05:46
Положительная динамика наблюдается во всех отраслях экономики Казахстана  — Серик Жумангарин
Положительная динамика наблюдается во всех отраслях экономики Казахстана — Серик Жумангарин 2026-01-19, 05:13
Стабильный интернет и связь появятся на казахстанских трассах
Стабильный интернет и связь появятся на казахстанских трассах 2026-01-19, 05:06
В Казахстане вступил в силу новый Налоговый кодекс: как предпринимателям выбрать спецрежим через Kaspi.kz
В Казахстане вступил в силу новый Налоговый кодекс: как предпринимателям выбрать спецрежим через Kaspi.kz 2026-01-19, 05:01
В Казахстане начали готовить ИИ-офицеров для системы госуправления
В Казахстане начали готовить ИИ-офицеров для системы госуправления 2026-01-19, 04:50
Неиспользуемые земли, возвращённые государству, будут выделены для нужд сельского хозяйства.
Неиспользуемые земли, возвращённые государству, будут выделены для нужд сельского хозяйства. 2026-01-19, 04:39

Более 10 лет наша газета радует читателей самыми свежими и интересными новостями.

Информация

  • Проблемная зона

Контакты

  • +7 7143 52-25-99
  • editor@km.kz

АО «Костанайские минералы», 2012 – . Все права защищены. Использование материалов допускается только с письменного разрешения АО «Костанайские минералы»