• Главная
  • Наши люди
  • ЖМП
  • Проблемная зона
  • Страницы истории
  • Интервью
  • Инновации
  • Производство
  • Контакты

Еңбек жолы – өмір жолы

2025-08-22, 05:10
Жұмыс аптасы қызу қарқынмен өтіп жатыр. Цехтарда техника бірқалыпты жұмыс істеп, жұмысшылар күнделікті міндеттерін атқарып жүр. Біз де «Қостанай минералдары» АҚ өндіріс алаңына жай келмедік – мақсатымыз ерекше. Бүгін назарларыңызға «Құрмет тақтасына» есімі енген еңбек адамы – Байыту кешенінің жабдықтарды жөндеу және техникалық қызмет көрсету слесарі Сергей Юрьевич Басыровты таныстыруды жөн көрдік.    
 
Сергей Юрьевич – өз ісіне аса жауапкершілікпен қарайтын, кәсібін жетік меңгерген шебер маман. Алайда көпшілігі секілді ол да жеке жетістіктерін алға тартып, мақтана бермейді. Оның ең басты дәлелі – сапалы әрі уақытында орындалған жұмыс. Себебі сөз емес, нақты нәтиже бәрінен маңызды.
Сергей, Свердлов облысында дүниеге келген. Кейінірек отбасы Жітіқара қаласына қоныс аударды. Бұл қадам олардың Подгорное ауылында жемісті еңбек етіп, пәтерге қол жеткізуімен тікелей байланысты болды. Сергей мектепті Жітіқарада аяқтап, болашақ мамандығын да осында таңдады. Алдымен техникумда білім алып, кейін СПТУ-14 кәсіби-техникалық училищесіне ауысып, электрослесарь мамандығын игеріп шықты. 
Еңбек жолын Магнитогорскіде вахталық әдіспен бастаған ол, кейін туған қаласына оралып, профилакторияда жұмыс істеді. Артынша өндіріс саласына бет бұрып, «Қостанай минералдары» АҚ-ның престеу-орау учаскесінде қызмет етуге шешім қабылдайды. Бұл шешім оның тағдырында шешуші кезең болды – бүгінде Сергей Юрьевич бұл кәсіпорында 20 жылдан астам уақыт бойы үздіксіз еңбек етіп келеді. 
Сергей Юрьевич еңбек ететін электрослесарьлар бригадасын Байыту кешенінде «Жедел жәрдем» деп атайды. Мұндай бейресми атаудың өз себебі бар – бригаданың басты міндеті – престеу-орау учаскесіндегі кез келген ақауды жедел анықтап, жабдықты тез арада қалпына келтіру. Бұл жерде басты өлшем – жабдықтың бос тұрып қалмауы және жұмыстың тоқтамауы. Техникалық сипаттағы жұмыс болғанымен, Сергей Юрьевич оған тек қатаң ережелермен емес, шығармашылық көзқараспен қарайды. Ол өз қызметін күн сайын жаңа тапсырмалар мен күтпеген жағдайларға толы қызықты сала деп есептейді. 
Жөндеу барысындағы әртүрлі қиындықтар мен жедел шешім қабылдау қажеттілігі бұл мамандықты тек жауапты ғана емес, сонымен қатар шапшаң ойлау мен кәсіби біліктілікті талап ететін ерекше салаға айналдырады. Мұндай қабілет кез келген адамның бойынан табыла бермейді. Бұндай шеберлікке жету оңай емес – бұл үздіксіз еңбектің, тәжірибе мен өзін-өзі дамытудың нәтижесі. Біліктілікпен қатар, шыдамдылық, зейін, сабырлылық сияқты тұлғалық қасиеттер де маңызды рөл атқарады.
 Сергей Юрьевичтің әріптестері арасында құрметке ие болуына да осы қасиеттер әсер етті. Дегенмен, оның айтуынша, еңбек жолында бағыт-бағдар беріп, тәжірибесімен бөліскен тәлімгері Виталий Анатольевич Жмаевтың көмегі зор болған. Ол Сергейге жұмыстың қыр-сырын түсіндіріп, өндірістегі алғашқы қадамдарын сенімді бастауға жәрдемдескен.  Қазір Сергей Юрьевич үшін шешілмейтін мәселе жоқ деуге толық негіз бар. Қайта, неғұрлым қиындық көп болса – соғұрлым ол үшін қызығырақ. Күрделі ақауларды анықтап, оны қысқа мерзімде қалпына келтіру – оның кәсіби қызығушылығына айналған. Ал нағыз қанағаттану – істің нәтижесінде: уақытында атқарылған жұмыс, қайта іске қосылған құрал-жабдық және әріптестердің ризашылығы – міне, осының бәрі нағыз еңбектің өтелуі. 
Сергей Басыровтың тынымсыз еңбегі мен кәсіби шеберлігі елеусіз қалған жоқ. Ол бірнеше рет алғыс хаттармен, мақтау қағаздарымен және ақшалай сыйақылармен марапатталған. Ал бүгінде есімі «Құрмет тақтасына» еніп отырғаны – оның көп жылғы еңбегінің әділ бағасы әрі кәсіби шеберлікке берілген лайықты құрмет.

Интересное

Уже и знакомым голосам доверять опасно
Новости Уже и знакомым голосам доверять опасно Технологии телефонного мошенничества продолжают развиваться. Если раньше злоумышленники ограничивались…
Положительная динамика наблюдается во всех отраслях экономики Казахстана  — Серик Жумангарин
Новости Положительная динамика наблюдается во всех… В Кызылорде в первый рабочий день V Национального курултая во второй половине дня работа продолжилась…
Стабильный интернет и связь появятся на казахстанских трассах
Новости Стабильный интернет и связь появятся на казахстанских… В Казахстане запущен масштабный проект по обеспечению бесперебойной мобильной связи вдоль автодорог.…
В Казахстане вступил в силу новый Налоговый кодекс: как предпринимателям выбрать спецрежим через Kaspi.kz
Новости В Казахстане вступил в силу новый Налоговый… С 1 января 2026 года в Казахстане начал действовать новый Налоговый кодекс. Он вводит один общеустановленный…
В Казахстане начали готовить ИИ-офицеров для системы госуправления
Новости В Казахстане начали готовить ИИ-офицеров… В Казахстане запущена новая государственная программа по подготовке управленцев в сфере искусственного…

Смотрите так же

Уже и знакомым голосам доверять опасно
Уже и знакомым голосам доверять опасно 2026-01-19, 05:46
Положительная динамика наблюдается во всех отраслях экономики Казахстана  — Серик Жумангарин
Положительная динамика наблюдается во всех отраслях экономики Казахстана — Серик Жумангарин 2026-01-19, 05:13
Стабильный интернет и связь появятся на казахстанских трассах
Стабильный интернет и связь появятся на казахстанских трассах 2026-01-19, 05:06
В Казахстане вступил в силу новый Налоговый кодекс: как предпринимателям выбрать спецрежим через Kaspi.kz
В Казахстане вступил в силу новый Налоговый кодекс: как предпринимателям выбрать спецрежим через Kaspi.kz 2026-01-19, 05:01
В Казахстане начали готовить ИИ-офицеров для системы госуправления
В Казахстане начали готовить ИИ-офицеров для системы госуправления 2026-01-19, 04:50
Неиспользуемые земли, возвращённые государству, будут выделены для нужд сельского хозяйства.
Неиспользуемые земли, возвращённые государству, будут выделены для нужд сельского хозяйства. 2026-01-19, 04:39

Более 10 лет наша газета радует читателей самыми свежими и интересными новостями.

Информация

  • Проблемная зона

Контакты

  • +7 7143 52-25-99
  • editor@km.kz

АО «Костанайские минералы», 2012 – . Все права защищены. Использование материалов допускается только с письменного разрешения АО «Костанайские минералы»