• Главная
  • Наши люди
  • ЖМП
  • Проблемная зона
  • Страницы истории
  • Интервью
  • Инновации
  • Производство
  • Контакты

«Таза табиғат пен үнемді өндіріс жолында»

2025-09-24, 06:08
 «Қостанай минералдары» акционерлік қоғамы қоршаған ортаға әсерді азайтуға бағытталған экологиялық бастамаларды одан әрі дамытып, заманауи технологияларды енгізуде үздіксіз алға басуда. Осы аптада Еожан Татишевті еске алуға арналған Спартакиада қатысушыларына арнайы ұйымдастырылған экскурсия барысында қонақтар кәсіпорынның жаңа су тазарту кешенін аралап, күн панельдерінің іске қосылу рәсіміне куә болды.
 
Жаңа су тазарту кешені
ZOS Modul Oil-85 атты жылжымалы тәжірибелік қондырғы — жұмыс істеп тұрған жинақтаушы тоғанға ағатын карьер суларын тазартуға арналған. Бұл жобаға 120 миллион теңге қаражат бөлініп, оны жүзеге асыруды «TAZAU — Тазарту Қондырғылары Зауыты» ЖШС қолға алған. Тазарту процесі бірнеше кезеңнен тұрады: Алдымен жұқа қабатты модуль арқылы судағы механикалық қоспалар жойылады, кейін ламинарлы (коалесцентті) модуль мұнай өнімдері мен ұсақ бөлшектерді ұстап қалады, соңында сорбциялық сүзгі суға толық тазалық береді. Мамандардың мәліметінше, тазартылған судағы ластаушы заттардың мөлшері қатаң белгіленген нормативтерден аспайды: қалқымалы заттар – 100 мг/л-ден артық емес, мұнай өнімдері – 20 мг/л-ден төмен, биохимиялық оттегі тұтыну көрсеткіші – шамамен 3 мг/л. Бұл жоба табиғатқа түсетін зиянды азайтып, өңірдің экологиялық қауіпсіздігін арттыруға зор үлес қосады.
 
Күн панельдері — 
энергияның жасыл көзі
Кәсіпорында ұзақ уақыт күтілген тағы бір ауқымды жоба — жаңа күн электр станциясының іске қосылуы өтті. Бұл туралы құрылыс кезеңінде бірнеше мәрте айтылған болатын. Күн панельдері 13,6 гектар аумақты қамтиды және олардың жалпы қуаты 3,2 МВт-ты құрайды. Жоба аясында 5751 Jinko модулі мен 10 Huawei инверторы орнатылды. Жылына болжамды энергия өндіру көлемі – 4780 МВт·сағ, бұл кәсіпорынның энергия қажеттілігін ішінара қамтамасыз етіп, көміртегі ізі мен экологиялық әсерін айтарлықтай төмендетеді. Станция жұмысы толығымен қашықтан басқарылады: диспетчерлік пункт нақты уақытта көрсеткіштерді бақылап, ақпарат мобильді құрылғыларға да қолжетімді.

Интересное

Дома всегда движение
Новости Дома всегда движение emstrongБольшие семьи живут в своем ритме. В них много движения, дел и бытовых мелочей, из которых складывается…
Люди рядом с нами
Новости Люди рядом с нами emstrongКаждый год 3 декабря во всём мире отмечают Международный день инвалидов. В Казахстане День лиц…
Руслан Шаденовқа «Ауыл» партиясының медалі табыс етілді | Руслану Шаденову вручили медаль от партии «Ауыл»
Новости Руслан Шаденовқа «Ауыл» партиясының медалі… Кезектен тыс өткен аудандық мәслихат сессиясы барысында Жітіқара ауданының әкімі Аслан Жаныспаев мәслихат…
В казначействе новое руководство
Новости В казначействе новое руководство strongВ Житикаринском районе прошли важные кадровые изменения в системе казначейства./strongbr На аппаратном…
Все школы Костаная перевели на удаленку
Новости Все школы Костаная перевели на удаленку Из-за ухудшения эпидситуации все учащиеся школ и некоторых колледжей Костаная перешли на дистанционное…

Смотрите так же

Дома всегда движение
Дома всегда движение 2025-12-04, 05:53
Люди рядом с нами
Люди рядом с нами 2025-12-04, 03:26
Руслан Шаденовқа «Ауыл» партиясының медалі табыс етілді | Руслану Шаденову вручили медаль от партии «Ауыл»
Руслан Шаденовқа «Ауыл» партиясының медалі табыс етілді | Руслану Шаденову вручили медаль от партии «Ауыл» 2025-12-04, 10:20
В казначействе новое руководство
В казначействе новое руководство 2025-12-04, 10:12
Все школы Костаная перевели на удаленку
Все школы Костаная перевели на удаленку 2025-11-25, 06:04
В Житикаре обсудили содержание нового кладбища
В Житикаре обсудили содержание нового кладбища 2025-11-25, 06:02

Более 10 лет наша газета радует читателей самыми свежими и интересными новостями.

Информация

  • Проблемная зона

Контакты

  • +7 7143 52-25-99
  • editor@km.kz

АО «Костанайские минералы», 2012 – . Все права защищены. Использование материалов допускается только с письменного разрешения АО «Костанайские минералы»