• Главная
  • Наши люди
  • ЖМП
  • Проблемная зона
  • Страницы истории
  • Интервью
  • Видео
  • Инновации
  • Производство
  • Контакты

Жұмысшы мамандықтар: нәтижелер мен келешек

2025-12-19, 10:13
Жітіқара политехникалық колледжінде Жұмысшы мамандықтар жылының қорытындысына арналған диалог алаңы өтті.

Кездесуге колледж әкімшілігінің өкілдері, әлеуметтік серіктестер мен ірі жұмыс берушілер қатысты. Олардың қатарында «Қостанай минералдары» АҚ, «Комаров тау-кен кәсіпорны» ЖШС, «МехЛитКом» ЖШС, сондай-ақ Жастар ресурстық орталығының өкілдері болды. Талқылау барысында оқытушылар, өндірістік оқыту шеберлері және студенттер белсенді түрде қатысып, жұмысшы мамандықтардың маңызы, кәсіби даярлық сапасын арттыру жолдары мен болашақ мүмкіндіктері жөнінде өз ой-пікірлерін білдірді.

Диалог барысында өндірістік компаниялардың өкілдері жас мамандарға қойылатын талаптар мен түлектерді жұмысқа орналастыру тәжірибесі туралы баяндады. Қатысушылар алдында сөз сөйлеген «МехЛитКом» ЖШС экономикалық жұмыс жөніндегі директордың орынбасары Тлеген Арғымбеков, Жітіқара политехникалық колледжінің студенті Данил Ярошевичті құттықтады. Ол 2025 жылы өткен WorldSkills Kazakhstan республикалық чемпионатында екінші орын алған болатын. Студент осы кәсіпорында өндірістік практикадан өткендіктен, оған кепілдендірілген жұмысқа орналастыру сертификаты, брендтелген кепка және ақшалай сыйлық табыс етілді.

Арнайы назар жастарға қолдау көрсету мәселелеріне аударылды. Қатысушыларға «Жастар тәжірибесі», «Бірінші жұмыс орны» және «Жасыл ел» мемлекеттік бағдарламаларының мүмкіндіктері туралы еске салынды. Бұл бағдарламалар Жастар ресурстық орталығының қолдауымен жүзеге асырылып, жас мамандардың қызметке орналасуына және кәсіби дамуына бағытталған.
Кездесудің соңында Халықаралық ERG Skills International байқауы мен WorldSkills Kazakhstan республикалық чемпионатының қатысушылары мен жеңімпаздары марапатталды. Олардың нәтижелері жоғары деңгейдегі даярлық пен практикалық дағдыларды көрсетті және студенттер, тәлімгерлер мен әлеуметтік серіктестердің тиімді бірлескен жұмысының айғағы болды.

Интересное

В Житикаринском районе продолжается работа по разъяснению проекта новой Конституции Республики Казахстан.
Новости В Житикаринском районе продолжается работа… Очередная  встреча состоялась с участием члена коалиции За Народную Конституцию Справедливого и Прогрессивного…
Қостанай облысының сарапшылар қауымдастығы жаңа Конституция жобасын қолдады
Новости Қостанай облысының сарапшылар қауымдастығы… Қостанайда Аймақтардың экономикалық дамуы: салалараралық диалог тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Оған…
Экспертное сообщество Костанайской области поддержало проект новой Конституции
Новости Экспертное сообщество Костанайской области… В Костанае прошёл круглый стол Экономическое развитие регионов: межотраслевой диалог, где представители…
В Житикаринском районе продолжается работа по разъяснению проекта новой Конституции Республики Казахстан
Новости В Житикаринском районе продолжается работа… Наряду с членами информационно-разъяснительной группы встречи с трудовыми коллективами организаций и…
Жітіқара ауданында Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясының  жобасын  түсіндіру жұмыстары жалғасуда
Новости Жітіқара ауданында Қазақстан Республикасының… Жітіқара ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің басшысы М.А.Джетенов ақпараттық-түсіндіру тобының мүшелерімен…

Смотрите так же

В Житикаринском районе продолжается работа по разъяснению проекта новой Конституции Республики Казахстан.
В Житикаринском районе продолжается работа по разъяснению проекта новой Конституции Республики Казахстан. 2026-03-06, 03:34
Қостанай облысының сарапшылар қауымдастығы жаңа Конституция жобасын қолдады
Қостанай облысының сарапшылар қауымдастығы жаңа Конституция жобасын қолдады 2026-03-05, 04:12
Экспертное сообщество Костанайской области поддержало проект новой Конституции
Экспертное сообщество Костанайской области поддержало проект новой Конституции 2026-03-05, 04:11
В Житикаринском районе продолжается работа по разъяснению проекта новой Конституции Республики Казахстан
В Житикаринском районе продолжается работа по разъяснению проекта новой Конституции Республики Казахстан 2026-03-04, 05:17
Жітіқара ауданында Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясының  жобасын  түсіндіру жұмыстары жалғасуда
Жітіқара ауданында Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясының жобасын түсіндіру жұмыстары жалғасуда 2026-03-04, 05:16
Взяли реванш
Взяли реванш 2026-03-04, 11:36

Более 10 лет наша газета радует читателей самыми свежими и интересными новостями.

Информация

  • Проблемная зона

Контакты

  • +7 7143 52-25-99
  • editor@km.kz

АО «Костанайские минералы», 2012 – . Все права защищены. Использование материалов допускается только с письменного разрешения АО «Костанайские минералы»