• Главная
  • Наши люди
  • ЖМП
  • Проблемная зона
  • Страницы истории
  • Интервью
  • Инновации
  • Производство
  • Контакты

«Елге қызмет – басты міндет»

2026-01-16, 10:03
Бағдат АБДОЛЛАҰЛЫ
 
Өңірдіңдамуы әр тұрғынның күнделікті өміріне әсер етеді. Жолдар жөнделіп, инфрақұрылым жаңарып жатыр ма? Ауыл шаруашылығы өсіп келе ме? Халықтың тұрмысы қалай? Осы сұрақтарға  жауап алу үшін біз Жітіқара ауданыәкімінің орынбасарыМендыбаевЕрлан Абдрахманұлымен тілдестік.
 
— Ерлан Абдрахманұлы, қош келдіңіз! Мемлекеттік қызметтегі алғашқы қадамдарыңыз қалай басталды?
—Қош келдік! Мемлекеттік қызметке мен 2009 жылдың қаңтар айында «Жітіқара ауданы әкімдігінің аппараты» ММ-нің құқықтық бөлімінің бас маманы ретінде қабылдандым. Уақыт өте келе ұйымдастыру-бақылау және кадр жұмысы бөлімінің басшысы, аудан әкімінің аппаратының жетекшісі, ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы жұмыстарын атқардым. Қазіргі лауазымымда Жітіқара ауданы әкімінің орынбасары ретінде 2024 жылдың қаңтар айынан бері қызмет етудемін.
— Жергілікті билік ауданды дамытудың қай бағыттарын басты назарда ұстайды?
— Бүгінде жергілікті билік алдында – ауданның тұрақты әлеуметтік-экономикалық дамуын қамтамасыз ету міндеті тұр. Ең басты басымдықтар – инвестиция тарту, инженерлік және коммуналдық инфрақұрылымды жаңарту, ауыл шаруашылығын дамыту, тұрғын үй құрылысы мен жөндеу жұмыстарын жүргізу, жылу маусымын сапалы өткізу. Сонымен бірге «Таза Қазақстан» бастамасы аясында абаттандыру және экологиялық мәдениетті қалыптастыруға ерекше көңіл бөлінеді. Барлық шаралар Мемлекет басшысының тапсырмаларына сәйкес жүзеге асырылып, тұрғындардың өмір сапасын арттыруға бағытталған.
 
— Ауданның аграрлық секторын дамыту үшін қандай нақты қадамдар атқарылуда?
—   Жітіқара ауданында ауыл шаруашылығын қолдау жүйелі түрде жүргізілуде. 2025 жылы аудан аграршыларына 2 млрд теңгеден астам қаржы бөлінді. Субсидиялар, жеңілдетілген несиелер, инвестициялық бағдарламалар арқылы 100-ден астам шаруашылық тұрақты жұмыс жасап, шағын фермерлерге де қолдау көрсетілуде. Өнімдерді өткізу үшін ауыл шаруашылығы жәрмеңкелері ұйымдастырылуда. Пригородное ауылында май экстракциялау зауыты мен 600–800 басқа арналған сүт фермасы салынатын жобалар жаңа жұмыс орындарын ашуға және тұрғындардың табысын арттыруға бағытталған. «Кең Дала 2» бағдарламасы бойынша жеңілдетілген несие беріліп, «Ауыл Аманаты» аясында «Жаңа Жітіқара» кооперативі құрылып, өңдеу саласы дамуда. Жалпы, ауыл шаруашылығының дамуы инфрақұрылымды жақсарту және ауыл өмірінің сапасын арттырумен тығыз байланысты.
 
—  Жол жөндеу, инфрақұрылымды дамыту және төтенше жағдайларға дайындық мәселелері қалай шешілуде?
—  Жітіқара ауданында 2025 жылы жол және коммуналдық инфрақұрылымға тың серпін берілді. Аудан бойынша 32 км-ден астам жол орташа жөндеуден өтті сонымен қатар6 су өткізу құрылысы қалпына келтірілді. Қала мен ауылдардағы ішкі өткелдер жаңартылып, Жітіқара қаласында 4 көшеге орташа жөндеу жүргізілді, жылу желілерінің 2 км-ден астам учаскесі жаңартылды. Барлық шараларға 2 млрд теңгеден астам қаражат бөлінді. Төтенше жағдайлар мәселесіне келетін болсақ қысқы кезеңде жолдар қардан тазартылып, көктайғаққа қарсы жұмыстар атқарылды; арықтар тазартылып, су өткізу құбырлары орнатылды. Забелов ауылында Желқуар өзенінің бойына 2 км қорғаныс бөгеті салынды. Ауданның барлық елді мекендері төтенше жағдайларға дайындыққа қажетті құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілген.
 
— Қоршаған ортаны қорғаумен «жасылэкономика» қалай дамып жатыр?
—  Жітіқарада экологияға ерекше көңіл бөлініп, қоршаған ортаны қорғау жұмыстары жүйелі түрде жүргізілуде. «Таза Қазақстан» акциясы аясында қала мен ауылдарда «Қостанай минералдары» АҚ және «Комаров тау-кен кәсіпорны» ЖШС қатысуымен 3 805 ағаш-бұта көшеті отырғызылды. 815 ағашқа санитарлық қырқу жасалып, 205 мың шаршы метр аумақтағы жабайы шөп шабылды. Рұқсатсыз қоқыс үйінділері жойылып, аудан аумағы таза әрі көрікті көрініс алды. Сонымен қатар, 2025 жылдан бастап Жітіқарадағы «Иловая гора» техногендік минералдық түзілімін рекультивациялау жобасы басталды. 298 мың шаршы метр аумаққа саз және құнарлы топырақ төселіп, 12 100 ағаш-бұта көшеттері мен көпжылдық шөптер отырғызылады. Жоба үш жыл бойы күтім мен суаруды қамтиды, қазіргі уақытта жер қазу жұмыстары қарқынды жүргізілуде.
 
—  Ерлан Абдрахманұлы, мемлекеттік қызметшіге тән ең маңызды қасиеттер қандай?
—  Мемлекеттік қызметке келген адам ең алдымен туған жеріне адал, нағыз патриот болуы тиіс. Ол тәртіпті, жауапкершілікті сезініп, өз міндетін адал әрі әділ орындауы керек. Азаматтармен қарым-қатынаста ашық, сыпайы болу – мемлекеттік қызметшінің күнделікті өмірдегі де басты қағидасы.
 
Уақыт бөліп, ой бөліскеніңіз үшін алғыс білдіреміз.

Интересное

«Елге қызмет – басты міндет»
Новости «Елге қызмет – басты міндет» Өңірдің дамуы әр тұрғынның күнделікті өміріне әсер етеді.
Парламенттік реформа жөніндегі Жұмыс тобының бесінші отырысы өтті
Новости Парламенттік реформа жөніндегі Жұмыс тобының… Астанада Мемлекеттік кеңесші Ерлан Кариннің төрағалығымен Парламенттік реформа жөніндегі Жұмыс тобының…
КМ поддерживает спорт
Новости КМ поддерживает спорт АО Костанайские минералы последовательно поддерживает спорт и здоровый образ жизни. В том числе, уже…
ҚМ қолдауы — денсаулық кепілі
Новости ҚМ қолдауы — денсаулық кепілі Қостанай минералдары АҚ үшін спорт пен салауатты өмір салты — жай ұран емес, нақты іске айналған бағыт.…
Каток в Житикаре открыт
Новости Каток в Житикаре открыт С 16 января на стадионе Горняк можно будет покататься на коньках и просто провести время на свежем воздухе.…

Смотрите так же

«Елге қызмет – басты міндет»
«Елге қызмет – басты міндет» 2026-01-16, 10:03
Парламенттік реформа жөніндегі Жұмыс тобының бесінші отырысы өтті
Парламенттік реформа жөніндегі Жұмыс тобының бесінші отырысы өтті 2026-01-16, 09:58
КМ поддерживает спорт
КМ поддерживает спорт 2026-01-16, 09:47
ҚМ қолдауы — денсаулық кепілі
ҚМ қолдауы — денсаулық кепілі 2026-01-16, 09:46
Каток в Житикаре открыт
Каток в Житикаре открыт 2026-01-16, 09:42
В Житикаре на плотине реки Шортанды подросток провалился под лед
В Житикаре на плотине реки Шортанды подросток провалился под лед 2026-01-16, 09:31

Более 10 лет наша газета радует читателей самыми свежими и интересными новостями.

Информация

  • Проблемная зона

Контакты

  • +7 7143 52-25-99
  • editor@km.kz

АО «Костанайские минералы», 2012 – . Все права защищены. Использование материалов допускается только с письменного разрешения АО «Костанайские минералы»