• Главная
  • Наши люди
  • ЖМП
  • Проблемная зона
  • Страницы истории
  • Интервью
  • Видео
  • Инновации
  • Производство
  • Контакты

Мүмкіндіктер жәрмеңкесі

2026-01-21, 07:43
Жітіқарада болашақ мамандарға бағытталған тағылымды шара өтті. «Қостанай минералдары» АҚ-ның бастамасымен ұйымдастырылған бос жұмыс орындары жәрмеңкесі қала мектептерінің жоғары сынып оқушылары мен студенттерін бір алаңға тоғыстырды. Кездесу барысында жастарға еңбек нарығында сұранысқа ие мамандықтар, тұрақты жұмысқа орналасу мүмкіндіктері, әлеуметтік қолдау тетіктері мен мансаптық өсудің нақты жолдары кеңінен таныстырылды. Сонымен қатар, оқумен қатар кәсіби тәжірибе жинап, өндірісте білікті тәлімгерлердің жетекшілігімен алғашқы еңбек жолын бастауға болатыны айтылды.
Іс-шара аясында «Қостанай минералдары» АҚ-ның құрылымдық бөлімшелері, сондай-ақ серіктес кәсіпорындар – «МехЛитКом» ЖШС мен «Дәмді» ЖШС өз қызмет бағыттарын таныстырды. Сонымен қатар Жітіқара политехникалық колледжіне арнайы бөлім арналды. Онда мектеп оқушылары жұмысшы мамандықтары бойынша білім алуға шақырылып, кейін қала кәсіпорындарында өндірістік тәжірибеден өтіп, тұрақты жұмысқа орналасу мүмкіндігі бар екені айтылды.
Шара мазмұнды да әсерлі форматта өтті. Қатысушылар мамандықтар мен корпоративтік өмір туралы бейнероликтерді тамашалап, жүлделер тігілген викториналарға, командалық тапсырмаларға қатысты. Сондай-ақ бүгінде қала кәсіпорындарында табысты еңбек етіп жүрген колледж түлектерімен еркін форматтағы кездесулер ұйымдастырылды. Жанды әңгіме мен нақты мысалдар білім алуға және өз мүмкіндігін сынауға дайын әрбір жас үшін өсу мен дамуға жол ашық екенін көрсетті.
Қатысушылардың көбі үшін бұл басқосу кәсіби бағдарды айқындауға жол ашып, болашағын туған қаламен байланыстырып, өзіне лайықты әрі тұрақты жұмысты жергілікті жерден табуға болатынына көз жеткізді.

Интересное

В Житикаринском районе разъясняют проект новой Конституции РК
Новости В Житикаринском районе разъясняют проект… В Житикаринском районе продолжается работа по разъяснению проекта новой Конституции Республики Казахстан.br Очередная…
В Житикаринском районе продолжается работа по разъяснению проекта новой Конституции Республики Казахстан.
Новости В Житикаринском районе продолжается работа… Очередная  встреча состоялась с участием члена коалиции За Народную Конституцию Справедливого и Прогрессивного…
Қостанай облысының сарапшылар қауымдастығы жаңа Конституция жобасын қолдады
Новости Қостанай облысының сарапшылар қауымдастығы… Қостанайда Аймақтардың экономикалық дамуы: салалараралық диалог тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Оған…
Экспертное сообщество Костанайской области поддержало проект новой Конституции
Новости Экспертное сообщество Костанайской области… В Костанае прошёл круглый стол Экономическое развитие регионов: межотраслевой диалог, где представители…
В Житикаринском районе продолжается работа по разъяснению проекта новой Конституции Республики Казахстан
Новости В Житикаринском районе продолжается работа… Наряду с членами информационно-разъяснительной группы встречи с трудовыми коллективами организаций и…

Смотрите так же

В Житикаринском районе разъясняют проект новой Конституции РК
В Житикаринском районе разъясняют проект новой Конституции РК 2026-03-10, 07:43
В Житикаринском районе продолжается работа по разъяснению проекта новой Конституции Республики Казахстан.
В Житикаринском районе продолжается работа по разъяснению проекта новой Конституции Республики Казахстан. 2026-03-06, 03:34
Қостанай облысының сарапшылар қауымдастығы жаңа Конституция жобасын қолдады
Қостанай облысының сарапшылар қауымдастығы жаңа Конституция жобасын қолдады 2026-03-05, 04:12
Экспертное сообщество Костанайской области поддержало проект новой Конституции
Экспертное сообщество Костанайской области поддержало проект новой Конституции 2026-03-05, 04:11
В Житикаринском районе продолжается работа по разъяснению проекта новой Конституции Республики Казахстан
В Житикаринском районе продолжается работа по разъяснению проекта новой Конституции Республики Казахстан 2026-03-04, 05:17
Жітіқара ауданында Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясының  жобасын  түсіндіру жұмыстары жалғасуда
Жітіқара ауданында Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясының жобасын түсіндіру жұмыстары жалғасуда 2026-03-04, 05:16

Более 10 лет наша газета радует читателей самыми свежими и интересными новостями.

Информация

  • Проблемная зона

Контакты

  • +7 7143 52-25-99
  • editor@km.kz

АО «Костанайские минералы», 2012 – . Все права защищены. Использование материалов допускается только с письменного разрешения АО «Костанайские минералы»