Дамуға 90 миллион теңге
2026-01-21, 08:00
Бүгін «Қостанай минералдары» АҚ мен Жітіқара ауданының әкімдігі арасында 91 миллион теңгеден астам сомаға меморандумға қол қойылды.
Қала құраушы кәсіпорын ретінде «Қостанай минералдары» АҚ көптеген жылдар бойы Жітіқара қаласы мен ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына тұрақты түрде қолдау көрсетіп келеді. Биылғы меморандум аясында Абай жолы аллеясын абаттандыру, гимназия мектебінің аумағында тартан жабыны бар жүгіру жолын орнату, сондай-ақ мәдени-бұқаралық және спорттық іс-шараларды өткізу жоспарланған. Сонымен қатар құжатта ауданның әлеуметтік және қалалық инфрақұрылымын дамытуға бағытталған өзге де жобалар қамтылған.
Айта кетейік, меморандумда көзделген шаралардан бөлек, «Қостанай минералдары» АҚ аудан көлемінде жүзеге асырылатын басқа да бастамаларға белсенді қатысып, өңірдің орнықты дамуына үлес қосып келеді.