• Главная
  • Наши люди
  • ЖМП
  • Проблемная зона
  • Страницы истории
  • Интервью
  • Видео
  • Инновации
  • Производство
  • Контакты

Өндірістегі сенімді қадамдар

2026-01-22, 11:16
2026 жылдың бірінші айы аяқталуға жақын, ал қала құраушы кәсіпорын — «Қостанай минералдары» АҚ-ның бөлімшелері қарқын алып, белгіленген жоспарларды белсенді түрде жүзеге асыруда.
Байыту кешені
Байыту кешенінің ұжымы алдында биыл ауқымды өндірістік міндеттер тұр. Жоспарға сәйкес 260 мың тонна дайын өнім шығарып, оның 255 мың тоннасын тұтынушыларға жөнелту көзделген. Бұл – барлық бөлімшелердің үйлесімді әрі тиянақты жұмысын талап ететін жоғары көрсеткіштер. Аталған межелерге қол жеткізуге деген сенім өткен жылдың нәтижелерімен нығая түседі. 2025 жылы кешен ұжымы дайын өнім өндіру жөніндегі жылдық жоспарды ойдағыдай орындап, 253 500 тонна өнім өндірді. Ал жөнелту көлемі бұдан да жоғары болып, 262 209 тоннаны құрады. Бұл көрсеткіш фабриканың соңғы 30 жылдағы ең жоғары нәтижесі ретінде тарихта қалды.  Кешеннің үздіксіз жұмыс істеуіне жабдықтарды жөндеу қызметі елеулі үлес қосты. Желтоқсан айының соңына дейін дерлік аталған қызмет ұжымы конвейерлік жабдықтарды күрделі жөндеу бағдарламасын орындаумен айналысты. Нәтижесінде алты конвейер пайдалануға берілді: хризотил кенін ұсату және сұрыптау цехының үш конвейері (К-201, К-807, К-810) және хризотил талшығын байыту цехының үш конвейері (К-214, К-215, К-243).
Бұдан бөлек, жабдықтардың сенімді әрі тұрақты жұмыс істеуін қамтамасыз етуге бағытталған өзге де бірқатар жөндеу жұмыстары атқарылды. Алда байыту кешені ұжымын кем түспейтін қарқынды кезең күтіп тұр. Алға қойылған міндеттерді орындау үшін техникалық қайта жарақтандыру бағдарламасын, жабдықтарға күрделі жөндеу жүргізу мен күрделі құрылыс нысандарын іске асыру, сондай-ақ жобалық қызмет аясында жоспарланған жобаларды жүзеге асыру қажет.
Жүргізіліп жатқан жұмыстардың барысы, жаңа жетістіктер мен өндірістегі өзгерістер туралы алдағы газет сандарында оқырмандарымызға тұрақты түрде хабарлап отыратын боламыз.

Интересное

Неизменный чемпион
Новости Неизменный чемпион КМ поддерживают спорт, и наши коллеги регулярно демонстрируют выносливость не только на производстве,…
Біздің адамдар
Новости Біздің адамдар ҚМ спортты қолдайды, ал біздің әріптестер өндірісте ғана емес, жарыстарда да төзімділіктерін тұрақты…
Обстановка по паводкам в Житикаринском районе
Новости Обстановка по паводкам в Житикаринском районе Тема паводков сейчас одна из самых обсуждаемых. Какая обстановка складывается в Житикаринском районе?br br br На…
Білім мен өндіріс байланысы
Новости Білім мен өндіріс байланысы Қостанай минералдары АҚ Жітіқара политехникалық колледжімен көп жылдан бері тығыз ынтымақтастық орнатып…
В Житикаре начали работать три новые камеры с ИИ
Новости В Житикаре начали работать три новые камеры… В Житикаринском районе начали работу три новых аппаратно-программных комплекса Ekin Box Spotter. Это…

Смотрите так же

Неизменный чемпион
Неизменный чемпион 2026-04-01, 04:45
Біздің адамдар
Біздің адамдар 2026-04-01, 04:44
Обстановка по паводкам в Житикаринском районе
Обстановка по паводкам в Житикаринском районе 2026-04-01, 03:21
Білім мен өндіріс байланысы
Білім мен өндіріс байланысы 2026-04-01, 03:08
В Житикаре начали работать три новые камеры с ИИ
В Житикаре начали работать три новые камеры с ИИ 2026-03-30, 04:43
В Житикаре отремонтируют детские площадки
В Житикаре отремонтируют детские площадки 2026-03-30, 04:41

Более 10 лет наша газета радует читателей самыми свежими и интересными новостями.

Информация

  • Проблемная зона

Контакты

  • +7 7143 52-25-99
  • editor@km.kz

АО «Костанайские минералы», 2012 – . Все права защищены. Использование материалов допускается только с письменного разрешения АО «Костанайские минералы»